Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +26 oC

Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылдық округінің қар құрсауында қалғаны туралы

Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылдық округінің қар құрсауында қалғаны туралы бірқатар БАҚ-та берілген материалға орай Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Б. Момбаев төмендегідей хабарлайды.
«18 қарашадағы жағдай бойынша Сарыөзек–Қорғас–Қоғалы–Көксу–Қарабұлақ облыстық маңызы бар автокөлік жолы толығымен қардан тазаланды. Жол қатынасы қалпына келтірілді.
Қоғалы ауылдық округіне қарасты елді мекендердің кірме жолдары тазаланып, орталықпен қатынасатын мүмкіндік туғызылды. Қазіргі уақытта жолды тазалауға «Мади» шаруа қожалығының К-700 тракторы жұмылдырылып, жолдың жартысынан көбі ашылды. Жол ашылысымен, ауылдың элекр желісі қалпына келтіріліп, оқушыларды округ орталығына тасымалдау қолға алынады. Елді мекендердегі азық-түлік қоры жеткілікті деңгейде.
Алтынемел, Жайнақ батыр, Талдыбұлақ, Шұбар, Көксу ауылдық округтерінде бүгінгі күні аудан орталығымен, басқа елді мекендермен көлік арқылы қатынауға мүмкіндік туғызылды. Округтерге қарасты барлық білім беру мекемелері үздіксіз жұмыс істеуде. Азық-түлік қоры мен өзге де қажетті тауарлардың көлемі жеткілікті.

Көріністер:  1775

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 18.11.2016 10:41

Өзгертілген күні: 15.05.2017 12:29:01

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх