Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +29 oC

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы маңындағы саяжайлар жағдайы

«31» телеарнасының 4 ақпан күнгі жаңалықтарында көрсетілген Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы маңындағы саяжайдан Есік қаласына қатынап оқитын балалардың қауіпсіздігі туралы материалға байланысты Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Ахметов төмендегідей хабарлайды.

«Бүгінгі таңда саяжай тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы саяжайдан өтетін Есік-Александровка облыстық маңызы бар автокөлік жолының Есік қаласынан бастап саяжай шекарасы біткенге дейінгі жерге жарық шамдары орнатылды, сондай-ақ 7 шақырымға жолдың екі жиегіндегі темір қоршауымен жарықдиодты бағдаршам орнатылды. Ал 4 және 7 шақырым аралығында 3 жерден, 7 шақырымнан Есік қаласы арасында 3 жерден «Жаяу жүргінші өткелі» деген жол белгілері орнатылып, жолақтар сызылған.

Сондай-ақ саяжай басталып, аяқталатып учаскелерде «Саяжай басталды», «Саяжай аяқталды», «40» жылдамдықты шектеу және «Абайлаңыз, көктайғақ» жылдамдықты шектеу жол белгілері қойылған.

Саяжай қоғамдық бірлестік болғандықтан елді мекен статусына кірмейді. Дегенмен аталған жерге бүгінгі күнде халық тұрақты қоныстануда.

Саяжайдан тасымалданатын оқушылар саны жылдан жылға артып, Есік қаласы мектептерінде балалардың үш ауысыммен оқытылуына байланысты 2014 жылы Есік қаласы маңынан 600 орындық мектеп құрылысына 4,0 га жер телімі бөлініп, мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Мектеп салу 2017 жылға жоспарланып отыр.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша оқушыларды тасымалдауға 73 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Осы тұрғыда аталған бағытта балаларды тасымалдауды 31 автобус қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнде жол апатынан зардап шеккен оқушының жағдайы ауыр халде болғандықтан, аурухана дәрігерлері тарапынан қатаң бақылауға алынған.

Ал жер асты немесе жер үсті өткелдер салып беру жөніндегі сұраныс  ауқымды қаражатты қажет ететіндіктен және автокөлік жолы облыстық маңызы бар жол болғандықтан аудан тарапынан есептері жасалып, тиісті облыстық басқармаларға қаражат бөлу туралы бюджеттік ұсыным берілетін болады». 


Көріністер:  3367

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 06.02.2016 12:27

Өзгертілген күні: 06.02.2016 12:33:33

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх