Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +17 oC

Ақсу ауданы Көлтабан ауылы бойынша


Ақсу ауданы Көлтабан ауылы мектебінің ескілігі, ауылдың жолы мен медпункті туралы «Қазақстан» телеарнасының сюжетіне байланысты Ақсу ауданы әкімінің орынбасары С.Қорғанбаев төмендегідей жауап берді:

«Мектеп ғимараты күрделі жөндеу жасауға жарамсыз болғандықтан жаңадан 25 орынды шағын орталығы бар 80 орындық мектеп салудың жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға қажетті 20 млн. теңге қаражат бөлу туралы облыстық білім басқармасына сұраныс хат жолданды.

Сонымен қатар биылғы жылы ауылдың орталық көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланған.

Көлтабан медициналық пунктінің ғимараты 1964 жылы салынған, көлемі 54 м2. Ескі мектеп ғимаратында орналасқан. Білім бөлімінің балансында, типтік емес, бейімделген. 2004 жылы медпунктке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта стандартқа сай жаңа медициналық пункт салу немесе медициналық пункт орналастыруға жарамды ғимарат сатып алу жоспарланып отыр. 


Көріністер:  341

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 15.05.2017 12:39

Өзгертілген күні: 15.05.2017 12:40:39

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх