Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +26 oC

Қарасай ауданы Исаев ауылындағы бастауыш мектептің жайы туралы «Астана» телеарнасының сюжетіне байланысты

Қарасай ауданы Исаев ауылындағы бастауыш мектептің жайы туралы «Астана» телеарнасының сюжетіне байланысты облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары М.Омарова төмендегіні хабарлайды.

Исаев ауылындағы бастауыш мектептің ғимараты 1986 жылы мәдениет үйіне арналып салынған, 1998 жылы бастауыш мектеп ретінде қолданысқа берілді. Мектеп ғимараты бейімделген, сыйымдылығы 100 орынды. Бүгінгі күні 1-4 сыныптағы бала саны – 292. Мектепалды даярлық тобында – 52 бала. Мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. I ауысымда – 98 оқушы, II ауысымда – 107 оқушы, III ауысымда – 47 оқушы. Исаев ауылынан Береке ауылындағы М. Бейсебаев атындағы орта мектепке 174 оқушы тасымалданады.

Жаңа мектеп құрылысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттен қаражат бөлінді, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу жұмыстары жүргізілуде. 


Көріністер:  2249

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 31.08.2016 12:37

Өзгертілген күні: 31.08.2016 12:38:07

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх