Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +23 oC

Қарасай ауданы Әйтей ауылдық округі, Алматы-Бішкек трассасының 31-ші шақырымында «Алтын ұя» ЖШС-ға қарасты жер дауы бойынша


Қарасай ауданы Әйтей ауылдық округі, Алматы-Бішкек трассасының 31-ші шақырымында «Алтын ұя» ЖШС-ға қарасты жер дауы бойынша «КТК», «31» телеарналарында көрсетілген сюжетке байланысты Қарасай ауданы әкімінің орынбасары М. Жапаров төмендегідей хабарлайды.

«Алтын ұя» ЖШН-ға қарасты жер дауында Алматы облысы Қарасай аудандық сотының шешімімен (08.10.2010 жылғы № 1-7/2010 және 27.05.2011 жылғы № 7/2010 қылмыстық істері) 180-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылды. Жалпы алғанда 238 958 200 теңге мүліктік зардап келтірілді.

Бұл жағдай бойынша Қарасай аудандық соты тарапынан «Алтын ұя» ЖШС-ның 9 құрылтайшысы кінәлі деп танылып, бас бостандықтарынан айырылды.

2007 жылы «Алтын ұя» ЖШС құрылтайшылары жер телімдеріне жеке меншік құқығын беретін жалған мемлекеттік актілер дайындап, халықты алдаған.

«Алтын ұя» мәселесі бойынша 2014 жылдың 11 сәуірінде Алматы облысы әкімінің сол кездегі орынбасары Т. Досымбековтің телефонхатына сәйкес сәулет және қала құрылысы басқармасының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізілді. Отырыстан кейін Әйтей ауылдық округіндегі Әйтей ауылы елді мекеніне кірмейтін жер телімдерінің орналасқан жеріне комиссия шықты. Жер телімдерінің магистралды газ құбырының қорғау аумағында орналасқаны және ауыл шаруашылығы санатындағы шаруа қожалығын жүргізуге бағытталғаны анықталды.

ҚР Жер Кодексінің 97-бабы 3 тармағы 2 тармақшасына сәйкес елді мекендердің жерін бас жоспарларына (немесе тұрғындардың саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларды алмастыратын схемасына) сәйкес кеңейту жағдайларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы санатындағы шаруашылық жүргізу мақсатындағы жердің нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді». 

 


Көріністер:  2299

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 16.03.2016 10:39

Өзгертілген күні: 16.03.2016 10:41:26

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх