Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -17 oC

«31» телеарнасында көрсетілген сюжет бойынша



Қарасай ауданының перзентханасында босанған әйелдердің флюорографиялық тексерісі жөніндегі «31» телеарнасында көрсетілген сюжет бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Байдувалиев төмендегідей хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2014 жылғы 22 тамыздағы «Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 19 бұйрығына сәйкес босанудан кейін барлық әйелдер флюорографиялық тексеруден өтуі қажет. Аудан тұрғындары флюорографиялық тексеруді ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның емханасында орналасқан стационарлы флюороқондырғыда өтеді, бірақ босану бөлімінің құрылысы кезінде бұл қондырғыны орнату көзделмегендіктен, босану бөлімінде флюороқондырғы жоқ. Босанған әйелдер флюорографиялық зерттеуді барлық стандарттарға сәйкес қозғалмалы флюорографиялық кешенде өтеді.

Аталмыш сюжет бойынша талқылау өткізіліп, мынадай іс-шаралар қолданылды:

-перзентхананың 8 қызметкеріне тәртіптік шаралар қолданылды (сөгіс, қызметтен уақытша шектеу, перзентхананың шаруа бикесін ауыстыру);

- флюорограф көлігі перзентхана бөлімшесіне 15 м. қашықтықта орналастырылды;

- босанған әйелдерді флюорограф аппаратына түсіріп әкелуге жауапты мамандардың кезекшілігі тағайындалды;

- әр бөлімшенің асханасына тамақ жылытатын микротолқынды пештер орнатылды;

- бөлімшенің ішіндегі температуралық режим қадағалануда.

Туу көрсеткішінің жоғарылауына байланысты 2016 жылы босану бөлімшесіне стационарлық флюороқондырғыны орнату жоспарланған».


Көріністер:  1816

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 23.02.2016 17:17

Өзгертілген күні: 24.02.2016 17:25:15

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх