Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -4 oC

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы

«BAQ.kz» сайтында жарық көрген Алматы облысы Ынтымақ, Қоянқұс, Жаңадәуір ауылдарына күрежол бойынан бұрылыс салу және қоғамдық көлік қатынасының сапасын жақсарту туралы мәселеге қатысты облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ғ. Дәрібаев төмендегідей хабарлайды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының ақпаратына сәйкес, «Алматы - Өскемен» автомобиль жолының «Алматы - Қапшағай» бөлігінің құрылысына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған, барлық тиісті органдармен келісіліп, мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитеттің жарлығымен бекітілген жоба бойынша жүргізілген.  

Ынтымақ, Қоянқұс, Жаңадәуір ауылдарына «Алматы - Өскемен» автомобиль жолының 20,1 шақырымында құрылыс талаптарына сай бұрылыс салынған.

«Алматы - Өскемен» автомобиль жолының «Алматы - Қапшағай» бөлігі IA техникалық санаттағы жол болғандықтан 3.0,-09-2006* ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес жол қиылыстары I техникалық санаттағы жолдармен тек екі деңгейде қиылысуы тиіс. Сондықтан жолдың 24,4 шақырымына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолына шығатын екі деңгейлі жол айырығының құрылысы аяқталып қолданысқа берілген және 18,6 шақырымында «Гейт сити» қалашығына екі деңгейлі жол айырығының құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар 2018 жылы жолдың 21,4 шақырымында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен қиылысатын екі деңгейлі жол айырығының құрылысы басталады.

Ал Ынтымақ, Қоянқұс, Жаңадәуір, «Бірінші май» елді мекендеріне тұрақты маршрутты ұйымдастыру мәселесі «Алматы қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ құзіретіне жатады. Осыған байланысты аталған елді мекендерге тұрақты маршрутты ұйымдастыру жөніндегі мәселе қалалық басқармаға жолданды».


Көріністер:  50

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 20.11.2017 11:59

Өзгертілген күні: 20.11.2017 11:59:46

Тізімге қайта оралу

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх