Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +17 oC

Есік қаласындағы мектеп туралы

Есік қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектептің жайы туралы «КТК» телеарнасында көрсетілген сюжетке байланысты Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Аманова төмендегідей хабарлайды.

«Абылай хана орта мектебінің бастауыш сынып ғимараты 1960 жылы салынған, бейімlелген, 2 қабатты. Абылай хан мектебіне қолданысқа берілгенге дейін ғимаратта аудандық білім бөлімі жұмыс жасаған. Әр сыныпта 30-32 оқушыдан отыр. Ғимаратта бүгінгі күні мектепалды даярлық сыныбымен қосқанда 1004 бала білім алуда.

Есік қаласы бойынша оқушы санының көптігіне байланысты және үш ауысымдылықты жою мақсатында Есік қаласында 600 орынды жаңа мектеп ғимараты салынды. Жаңа мектеп 2017 жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Абылай хан мектебінің саяжайлардан тасымалданып оқытылатын 332 оқушысы жаңа мектепке ауысқан жағдайда сыныптардың тарлық ету мәселесі шешілетін болады. Ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімшілігі тарапынан жоспарланған қосымша ғимарат салу мәселесі 2019 жылы іске асырылады».


Көріністер:  313

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 06.06.2017 08:45

Өзгертілген күні: 06.06.2017 08:48:27

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх