Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +26 oC

«КТК» телеарнасында көрсетілген «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық магистралінің құрылысын жүргізіп жатқан құрылысшылардың жалақыларын ала алмай жүргені туралы сюжетке байланысты

Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы А. Қонақбаев төмендегідей хабарлайды.

«Осы мәселеге байланысты Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы арқылы басқармаға «Мир-Ай Строй» ЖШС-ның қызметкерлерінен еңбекақыларының уақытында берілмеуі жөнінде арыз түскен болатын. Аталған арыздар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағы 7-бабына сәйкес Алматы қаласының еңбек инспекциясына және көші-қон басқармасына жіберілді. Себебі «Мир-Ай Строй» ЖШС-ның заңды тіркелген және орналасқан мекенжайы: Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 23-үй, 1-кеңсе. БСН-081240016218, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу № 95689-1910-ЖШС (УИ) 25.12.2008 ж.

Сонымен қатар 2016 жылғы 27 қаңтарда шығыс № 35-03/36 хат жолдап, Алматы қаласының еңбек инспекциясы мен көші-қон басқармасына «Мир-Ай Строй» ЖШС-дағы шиеленісті жағдай туралы хабарланды.

«Догуш-Гулсан» АҚ қызметкерлер алдында еңбекақы  берешегі жоқ екенін жазбаша хабарлаған».


Көріністер:  2272

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.02.2016 09:42

Өзгертілген күні: 19.02.2016 09:44:57

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх