Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC

Сарқан ауданы Еркін ауылы

Сарқан ауданы Еркін ауылының оқушыларын тасымалдаудағы қиындықтар туралы мәселе көтерілген «31» телеарнасының сюжетіне байланысты Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаев төмендегідей хабарлайды.

«Сарқан ауданы Қарабөгет ауылындағы әл-Фараби атындағы орта мектепте қазіргі таңда 252 оқушы білім алады. Олардың 18-і Еркін ауылынан тасымалданады. Мектептің тасымалдауға арналған көлігі биылғы жылдың 2 ақпаны күні бұзылып қалған. Көлік бұзылған мерзімде ауылдық округ әкімдігі оқушылар тасымалы мәселесін ұйымдастырды. Оны тасымалданатын оқушылар және Еркін ауылынан қатынап жұмыс істейтін мұғалімдердің сөзі де растайды. Көлік бұзылған күні шаруашылық меңгерушісі бұзылғанын растап, акт жасаған. Бүгінгі күні көлік жөнделіп, оқушыларды тасымалдауда».


Көріністер:  676

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 24.03.2017 17:48

Өзгертілген күні: 24.03.2017 17:51:30

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх