Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -23 oC

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы

«КТК» телеарнасында көрсетілген Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов атындағы орта мектептегі жағдай туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары М. Омарова төмендегідей хабарлайды.
«А. Байтұрсынов атындағы мектеп 1974 жылы салынған, 640 орындық, типтік. 2017-2018 оқу жылындағы оқушы саны – 753, қосымша 75 бала мектепалды даярлық тобында білім алуда.
Лимит бойынша аталған мектепке 29 235 литр сұйық отын жеткізілген, қосымша 2283 литр сұйық отын берілді. Журналистер аралауы барысында көргендей, бастауыш сыныптар блогындағы оқу кабинеттерінде температуралық режим сақталған, 18-19 градус болды.
Мектеп оқушылары сұранысқа сай оқулықпен толық қамтылған. Мектептің қажеттілігіне ата-аналардан ақша жиналмайды, сынып журналдарына, борға, мектептің тазалығын сақтау мақсатында пайдалануға қажетті заттар алуға және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаражат бөлінген.
Бүгінгі күні аталған мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжатына 11 млн. 138 мың теңге бөлінді, 2018 жылы күрделі жөндеуден өткізіледі».

Көріністер:  1053

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 16.02.2018 17:04

Өзгертілген күні: 16.02.2018 17:05:46

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх