Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу туралы

Орналастырылған күні: 27.01.2017 10:51

Өзгертілген күні: 27.01.2017 10:53:01

Іле ауданы Жетіген ауылында мемлекеттік бағдарламамен салынған 25 үйдің құжатына қатысты «31» телеарнасында көрсетілген сюжетке байланысты Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Карибаев төмендегідей хабарлайды: 

«Жетіген ауылында 2011 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 25 жалдамалы тұрғын үй салынды. Салынған үйге 2012 жылдың шілдесінде Күрті ауылдық округінен 25 отбасы көшіріліп әкелінді. Тұрғын үй құрылысының тапсырыс берушісі «Іле аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болған. Кейін жер телімі тұрақты жер пайдалану құқығымен «Іле ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-ға, кейін қайтадан аудандық құрылыс бөліміне берілді. Қазіргі уақытта Іле ауданының құрылыс бөлімі Жетіген ауылындағы 25 жалдамалы тұрғын үйдің құжаттарына түгендеу жұмыстарын жүргізіп, аудандық Әділет басқармасына өткізді».


Көріністер:  523

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх