Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +21 oC

Жедел жәрдем қызметіне байланысты қабылданған шаралар туралы

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Ысқақ Талғар ауданында пышақ жарақатынан қайтыс болған ер адамның өліміне қатысты «КТК» телеарнасында көрсетілген ақпаратқа төмендегідей жауап береді.
    «Осы жағдай бойынша 2018 жылғы 19 қаңтарда келесі құрамдағы комиссия қызметтік тексеру жүргізді:
1)    Оспанов Біржан Жүнісбекұлы – медициналық жедел жәрдем станциясының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем бойынша штаттан тыс бас маманы, төрағасы,
2)    Түктібаев Халық Тайтөлеуұлы – ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК директорының хирургия жұмысы жөніндегі орынбасарының м.а.
3)    Смайлов Дәулет Ахмедұлы – Іле ауданының жедел жәрдем меңгерушісі.
Тексеру барысында анықталғаны: кезекші диспетчер С. Бусурманова жазбаша түсініктемесінде 2018 жылы 14 қаңтар күні сағат 20.30-да өз кезекшілігі кезінде Талғар қ. медициналық жедел жәрдем бөлімшесінің пультіне белгісіз ер адамға медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы шақыру түскенін жазды. Телефонмен сөйлесу кезінде қонырау соққан адам оқиға орнын нақты айта алмай, Құлжа тас жолының әуежайға баратын айналма жолмен қиылысы ауданын атап айтқан. Диспетчер С. Бусурманова өз түсініктемесінде атап көрсеткеніндей, шақырды журналға жазбай, ер адамға Бесағаш ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның №8 постының телефонына қонырау шалуды ұсынып телефон номерін айтып берген.
Бесағаш ауылының №8 постының диспетчері А. Сембекқызына сағат 20.30-да шақыру түскен, ол шақыруды ауызша қабылдайды, бірнеше минут өткен соң өзі жедел жәрдем шақырған ер адамға қайта телефон соғып, аталған мекенжайға Гүлдала дәрігерлік амбулаториясы қызмет көрсететінін айтады.
Дәрігерлік амбулаторияның диспетчері А. Сембекқызы шақыруды Гүлдала дәрігерлік амбулаториясына өткізіп бермеген.
Гүлдала дәрігерлік амбулаториясының жедел жәрдем постының диспетчері Н. Кенжеғалиеваның түсініктемесінде аталған уақытта оның кезекшілігі кезінде жоғарыдағы мекенжай бойынша өтініш түспегені айылған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 бұйрығымен бектілген ҚР-да медициналық жедел жәрдем көрсету ережелеріне сәйкес барлық шақырулар жеделдік санаттарына бөлінеді және бұл шақыруға қайта адрестеусіз шұғыл түрде көмек көрсетілу қажет болатын.
Бірақ лауазымды адамдар шақыруды қабылдау және өңдеу бойынша белгіленген тәртіпті бұзып отыр.
Диспетчер Бусурманова өзінің кезекшілігі кезінде шақыруды №109/у нысанды шақыру журналына жазбаған. Бесағаш ауылындағы пунктінің диспетчері А. Сембекқызы белгіленген тәртіпте шақыруды талдамаған, сонымен қатар өз бетінше көмек көрсету аумағын анықтай бастаған.
ШЖҚ «Талғар аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның тәртіптік кеңесінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы №2 шешімімен жұмыста жіберген оқылықтары үшін 2018 жылғы 19 қаңтарда келесі жауапты адамдарға тәртіптік шара қолдану туралы №128 –п бұйрығы шығарылды:
1. Қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 бұйрығымен бекітілген «ҚР-да медициналық жедел жәрдем көрсету Ережелерін орындау бойынша түсіндірме жұмысы болмағандығы үшін жедел жәрдем бөлімшесінің меңгерушісі Б. Демеуовке, Бесағаш ауылының дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Е.Әбілжановаға қатаң сөгіс берілді.
2. Медициналық жедел жәрдем бөлімшесінің диспетчері С.Бусурмановаға, аға фельдшер А.Құрбановаға қатаң сөгіс берілді.
3. Медициналық жедел жәрдем бөлімшесінің диспетчері С. Бусурманова өз қызметіне сәйкестігін тексеру мақсатында кезектен тыс аттестаттауға жіберілетін болды.
4. Диспетчер А. Сембекқызы қызметінен босатылды.
5. Сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің жұмысына бақылауды төмендеткені және ұйымдастыру – әдістемелік іс-шаралар деңгейінің жеткіліксіздігі үшін директордың тұрғындарға медициналық қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Г. Жакуповаға, медициналық санитариялық алғашқы көмекте емдеу-профилактикалық жұмысы жөніндегі орынбасары С. Телеспаевқа сөгіс түрінде тәртіптік шара қолданылды.
Комиссия қосымша фельдшер С. Бусурманова шақыру қабылдау алгоритімін орындамағанын, шақырудың 1-ші санатты шұғылдығына қарамастан Бесағаш ауылының дәрігерлік амбулаториясының жедел жәрдем бригадасының шығуын қадағаламағанын анықтады, осыған байланысты комиссия көмек көрсетпегені үшін диспетчер С. Бусурманованы қызметтен босату туралы шешім қабылдады.

Көріністер:  362

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 02.02.2018 11:59

Өзгертілген күні: 05.02.2018 12:05:33

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх