Жоспарланған іс-шаралар
6 сәуірде сағат 01.30-да «Жастар» саябағының ішіндегі «Рухани жаңғыру» орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қасымхан Бегмановтың «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты 4 томдық кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Бағдарламасы:
13.20. – «Жастар» саябағындағы Мұқағали Мақатаев ескерткішіне гүл қою, оқушылардың өлең оқуы
13.30. – «Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер...» (Жетісудың ән-жыр шашуы. Қ. Бегмановтың жырлары.);
13.45. – «Ұмытпаңдар туған дала Дәстүрін!» (Салт-дәстүрлер: сүйінші сұрау, тұсаукесер, қыз баланың бұрымын өріп, шашбау тағу, бата, көрімдік беру.);
14.00. – «Әрбір сөзім өздеріңе аманат» әдеби кездесу кешінің басталуы.
14.10. – «Қалса деп едім жаңа ғасырда қазақтың,
Қоңыр болмысы сақталып...».
«Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» кітабының тұсаукесер рәсімі.
14.20. – «Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым...»
(Ақын шығармашылығы туралы дөңгелек үстел басындағы әңгімелесу);
(Ақын Қ. Бегмановтың жырлары, сөзіне жазылған әндер орындалады).