Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Алматы облысы бойынша 2016 жылдың 9 айында өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай сальмонеллез,   эхинококкоз, кене энцефалиті жұқпаларының жоғарылауымен, жіті ішек, менингококк, қызылша, вирустық «А» гепатитінің жұқпаларының төмендеуімен сипатталады, көкжөтел жұқпасы бір деңгейде. 

Вирустық гепатит «А» жұқпасының – 63 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 37 (58%), сырқаттанушылық көрсеткіші сәйкесінше 3,14 және 6,45 құрады, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 9 жағдайға төмендеген.

Вирустық гепатит «А» жұқпасына қарсы барлығы 2 жасқа толған балалардың 34842 - жоспарлы, 2291 адам эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 862 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 113 адам тексерілген (13,1%).

Вирустық гепатит «В» жұқпасының – 2 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 0,10 құрады, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 5 жағдайға төмендеген.

Созылмалы парентеральды гепатиттердің 384 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 10 (2,6%) жағдай тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші сәйкесінше 19,14 және 1,74 құрады. Оның ішінде созылмалы вирустық «В» гепатиті - 196 жағдай, созылмалы вирустық «С» гепатиті – 188.

Жіті ішек жұқпасының 652 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 422 (64,7%), сырқаттанушылық көрсеткіші 32,51 және 73,60 құрады. 2015 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,8%-ға төмендеген. Жұқпаның таралу жолы 92,4% анықталды, оның  ішінде тағам арқылы – 92,3%, қарым – қатынас арқылы 0,6%. Үй жағдайында дайындалған, тоңазытқышсыз сақталған тағам басты факторы болып қалуда.     

Сальмонеллез жұқпасының 15 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 5 жағдай тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіштері 0,75 және 0,87 құрады, 2015 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 10 жағдайға жоғарылаған.

Қызылша жұқпасының 15 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 11 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіштері 0,75 және 1,92 құрады, сырқаттанушылық былтырғы жылмен салыстырғанда 8,6 есеге төмендеген.  

Көкжөтел жұқпасының 1 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіштері 0,05 және 0,17 құрады, сырқаттанушылық былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде.  

Менигококты жұқпаның 6 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 4 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіштері 0,30 және 0,70 құрады, сырқаттанушылық былтырғы жылмен салыстырғанда 4 жағдайға төмендеген.  

Кене энцефалиті жұқпасының 12 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1, сырқаттанушылық көрсеткіші 0,60 және 0,17 құрады, сырқаттанушылық былтырғы жылмен салыстырғанда 2 жағдайға жоғарылаған.  

Эхинококкоз жұқпасының 127 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 32, сырқаттанушылық көрсеткіші 6,33 және 5,58 құрады, сырқаттанушылық былтырғы жылмен салыстырғанда 5 жағдайға жоғарылаған.  

Бруцеллез сырқаттанушылығы 2015 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 27,9% төмендеген (208 жағдайдан 153 жағдайға дейін). Бруцеллезбен науқастанғандардың 85,6% ауыл тұрғындары қамтып, сырқаттанушылық облыстың 94 елді – мекенінде тіркелді.

Адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ, сонымен бірге облыстың 4 ауданында (Ақсу, Алакөл, Жамбыл, Қарасай) ауылшаруашылық малдары және үй жануарлары арасында құтырма ауруына күдікті 8 жағдай тіркелді, 8 жағдайда да құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесіп тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым – қатынаста болған 56 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе – күн алынуына тізім бойынша бақылау жүргізілуде.

Сонымен бірге есепті жылдың 9 айында Кербұлақ ауданы, Қарашоқы елді – мекенінде «Сібір жарасының терілік түрі» нақтамасымен 3 науқас тіркелді. Эпидемиологиялық анамнез жинау барысында науқастардың бірінің 1 бас ірі мүйізді малды ветеринарлық қызметке хабарламай мәжбүрлі сойғаны анықталды. Малдың иесі сойылған малдың етін 10 жанұяға  сатқан.

Науқастар мен ауру малдың етімен тікелей қарым – қатынаста болған 123 адамдар медициналық бақылауға алынып, аурудың алдын алу үшін олар антибиотикпен емделді, сібір жарасына күдіктілер  анықталған жоқ. Бүгінгі күні науқастар ауруханадан емделіп шығарылды, жағдайлары қанағаттанарлық.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ.  Департаменттің  зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктемде-күзде іс-сапарлар ұйымдастырылып, туляремия және басқа да карантиндік жұқпалардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем, күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі  сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

Адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 209 жағдай тіркелді, оның ішінде 2 бала, 1 жасөспірім көрсеткіші 10,4 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 0,021 құрады (индикаторлық көрсеткіш – 0,2.)

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында сібір жарасы, бруцеллез, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ құтырма, бруцеллез және сібір жарасы жұқпаларының алдын алу және сақтық ережелерін насихаттау мақсатында департаментпен күнтізбелер жасалып, халыққа таратылуда.

2016 жылдың 9 айында туберкулезден 827 жаңа жағдай  анықталған, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 41,2 құрады, сырқаттанушылық былтырғы жыл деңгейінде. Өкпе туберкулезімен сырқаттанушылық 4,1%-ға өсті (көрсеткіші 35,7). Эпидемиологиялық қолайсыздықты туындатып отырған отырған   Балқаш, Қаратал, Ескелді, Талғар, Саркан, Қарасай, Іле, Алакөл аудандары және   Талдықорған қаласы. Балалар арасында сырқаттанушылық 14 жағдайға төмендеген  (көрсеткіші – 6,8). 

Талғар, Панфилов аудандарында санаторлық типті балабақша, Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Көксу, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларындағы мектепке дейінгі мекемелердің жанынан санаторлық топтар ашылып, жұмыс істеуде.

Санэпидқадағалау басқармаларында қадағалауда 6034 тағам өнімдерін өндіретін,  сататын объектілер бар, оның ішінде тамақ өнеркәсібі-490, қоғамдық тамақтандыру-1081, сауда-4299, базарлар-47. 2016 жылдың 9 айында 3281 тағам сынамасы зерттеліп,  оның 138 (4,2%) микробиологиялық көрсеткіштері бойынша  нормативтік құжаттардың   талаптарына сәйкес келмеді (2015ж.9 айында - 0,8%). Барлық санэпидбасқарма мамандарымен бактериялды ластанған тағам сынамаларының себебін анықтау технологиялық үдерістердің сатысын қадағалаумен жүргізілді. Айқындалған бұзушылықтар бойынша, жауапты тұлғаларға  78 айыппұл 1908870т көлемінде салынып, 78 нұсқама   шаруашылық субъектілерінің атына берілді.

2016 жылдың 9 айында   өткен  2015 жылмен  салыстырғанда эндемиялық зобпен науқастанушылық саны 6301 (2015ж. 9 айында)   5957-ге (2016ж.9 айында) дейін азайған.  Науқастанушылық саны барлық топ арасында төмендеген (ересектер, жасөспірімдер және балалар).

Йод жетіспеушілігінің сырқаттанушылығының деңгейін төмендету мақсатында облыста ауруды дер кезінде  табу, емдеу, сонымен қатар, халықты йодпен байытылған өнімдермен қамтамасыз ету сияқты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.  Емдеу-алдын алу ұйымдарының мәліметтері бойынша барлық науқастар құрамында йодыбар препараттармен  (йодид, калий йод,  йодомарин, йодонорм, эль-тироксин, эутирокс және т.б.) қамтамасыз етілген. Есепті кезеңде сауығуымен және тұрғылықты орнын ауыстырумен облыс бойынша диспансерлік бақылаудан   451 адам, оның ішінде  81 бала,  142 жасөспірім, 228 ересек шығарылды.

Алматы облысында йодпен байытылған сүт өнімдерін өндіру жалғастырылуда («Адал» ААҚ АШК Еңбекшіқазақ  ауданы (тапсырыс бойынша), «Үштөбе Айдын» ЖШС Қаратал ауданы сүт зауыттарында, Талдықорған қаласындағы  жеке кәсіпкер Л.Жолтабарованың «Ляззат-2006» ЖШС сүт цехы және наубайханасы).

Облыстағы  4346 сауда нысандарында йодталған ас тұзы және басқа да йодпен байытылған тағам түрлері (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, сусындар және т.б.) сатылуда.

Облыс бойынша Қапшағай қаласындағы  «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС  және Қарасай ауданындағы «Азия АгроФуд» ЖШС ұн тартатын обьектілерде ғана  темірмен және дәруменді-минералдық қоспалармен фортиификацияланады.

Алматы облысы   тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің  бақылауында барлығы 1889 білім беру ұйымдары бар.  Оқушылардың ыстық тамақтануы  534 (72,9%)  мектепте ұйымдастырылып, 283355 (85,4%)  оқушыларды қамтыйды.        Буфеттік тамақтану 105 (14,3%) қарастырылған. Барлық 534 (100%)  мектеп асханалары  жекеменшік кәсіпкерлерімен жалға алынып жұмыс істеуде.  Мектептер медициналық кабинеттермен  99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта 744 елді-мекендердің 523-і (70,3%) орталықтандырылған,  212-і (28,5%)  орталықтандырылмаған және 9 (1,2%) елді  мекен тасымалды сумен қамтылады, оның 6 Сарқан ауданындағы разъездер:  Керегетас, Сарықұлақ, Арғанаты, Ақбалық, Қаратас, Кокшалғын, Жамбыл ауданындағы Ащысу және Бозой ауылы, Іле ауданындағы Күрті ауылы. Микробиологиялық көрсеткіш талаптарына сәйкес ауыз суының меншікті салмағы 9 айдың қорытындысы бойынша төменгі деңгейлік қалпында болып 2,4% құрады. 

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон  0,11-0,21 мкЗв/сағ. құрады. Радиологиялық ахуалды егжей-тегжейлі бақылау үшін  аудандық-қалалық СЭСО–да РРА-01М-01 атты өлшеуіш аппараттар бар. Бұл аспаптар қоршаған орта объектілеріне кеңінен тексеру жүргізуге мүмкіншілік берді.

Облыс бойынша 178 рентген кабинеттері  жұмыс жасайды.  2016 жылдың 9 айында оның 36-не, дозиметриялық өлшемдерді қолдана отырып, санитариялық-гигиеналық тексерулер жүргізілді.

 2015 жылдың наурыз айынан бастап облысымызда өнімдердің (тауарлардың) бақылау сынамаларын сатып алып, Кеден одағының техникалық регламенттерінің және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы өнімдер қауіпсіздігінің монитрингісі жүргізіліп жатыр.

2016 жылдың 9 айында өнімдер қауіпсіздігінің мониторингісі шеңберінде өнімдердің (тауарлардың) 1909 сынамаларына сараптама жүргізілді, оның ішінде 101 (5,3%) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді: ет және ет өнімдері – 99/5, құс еті – 46/2, балық және балық өнімдері – 43/6, май өнімдері – 125/1, сүт және сүт өнімдері – 543/42, кондителік өнімдер – 138/1, ұн, жарма өнімдері – 78/2, көкөністер мен жемістер – 41/1, шырын өнімдері – 90/2, темекі өнімдері – 14/5, балаларға арналған тауарлар – 94/18, химиялық және мұнай химиялық өнімдер – 17/3, жеңіл өнеркәсіп өнімдері – 22/11, бояу материалдары – 38/1, қаптама материалдары – 4/1.

Талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің ішінде  таңбалануы бойынша – 59,4%, санитариялық-химиялық – 9,9%, бактериологиялық көрсеткіштері бойынша – 10,9% сәйкес келмеді, тұтынушыларды алдау – 19,8%.

Анықталған бұзушылықтар бойынша шаруашылық субъектілеріне Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 45 ұйғарым берілді. Нұсқаманы орындамағаны үшін 16 шаруашылық субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен жалпы сомасы 2 449 755 теңгеге 12 айыппұл салынды, қалған құжаттар сотта қарастырылуда. Сондай-ақ, сәйкес емес өнімдердің 6 жеткізушісі сомасы 318 150 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық баспа басылымдарында 70 мақала, оның 5 республикалық газет, 6 облыстық, қалғандары аумақтық газеттерде басылды (департамент мамандары – 51, газет тілшілері - 8) жергілікті баспа құралдарында жазылып басылды.

2016 жылы  9 айда Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау депараменті «Алматы облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясының филиалымен, қоғамдық бірлестіктермен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша 146 өзара әрекеттесу меморандумына қол қойылды.  

 Меморандумдар аясында 75 - дөңгелек үстел, 99 - семинар, 137 – тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша дәрістер, 31 – акция өткізілді. Акциялық іс – шараға 938 адам қатысты, соның ішінде жоғарғы оқу орындары, колледж студенттері, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жеке кәсіпкерлер және облыс тұрғындары.

Акциямен облыс бойынша 11 базар және 13 сауда, 4 өндіріс нысандары қамтылды.

2016 жылдың 9 айында Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен аумақтық басқармалар атына 92 азаматтың жазбаша өтініштері келіп түсті. Мемлекеттік органның құзыреті шегінде 29 өтініш бойынша шара қолданылды, 39 өтініш бойынша түсінік берілді, 19 өтініші құзыреті шегінде жолданды.

Департамент және аумақтық басқармаларда тұтынушыларға Консультациялық орталық құрылды. 2016 жылдың 9 айында 198 өтініш түсті. Барлық сұрақтар бойынша түсініктеме берілді.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 2016 жылдың 9 айында «Жетісу» телеканалының жаңалықтар бағдарламасында 1 акция және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен дайындалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 12 бейнеролик  көрсетілді, жүгіртпе жол арқылы консультациялық орталық туралы ақпарат берілді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті мен облыс әкімдігінің ресми сайтында 16 ақпарат жарияланды.

Тұтынушыларға арналған «Қауырт желі» нөмірі көрсетілген ақпараттар Талдықорған, Қапшағай қалаларының, Панфилов, Жамбыл, Алакөл аудандарының орталық алаңдарында билбордтар, баннерлер ілінді.

Облыс бойынша тұтынушы бұрышы 60 нысанда ұйымдастырылған, 79 жәшік орналастырылған.

2016 жылдың 9 айында тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша 57 мақала жарияланымға шықты.

Есеп кезеңінде 1276 мемелкеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 665 (соның ішінде 558 (83,9%) электронды нысанда), мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға  және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы  жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту  жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 591 (соның ішінде 408 (69%) электронды нысанда, 171 (28,9%) халыққа қызмет көрсету орталығы, 12 мемлекеттік органда ), І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен  және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру – 13, тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру – 6, Тиісті біліктілік санатын бере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру – 1.

 

 

 


Орналастырылған күні: 26.10.2016 11:03

Өзгертілген күні: 26.10.2016 11:05:24

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх