Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -24 oC
2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

2017 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 60,991 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 5,561 млрд. теңге;

- жергілікті бюджеттен – 25,355 млрд. теңге;

- Ұлттық қордан – 30,075 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен 427 нысанның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде: пайдалануға берілетіні 300 нысан (82 нысан пайдалануға берілді), 127 нысан 2018 жылға өтпелі:

- республикалық бюджеттен – 5 нысан (2 мектеп, 3 инженерлік желілер);

- жергілікті бюджеттен – 307 нысан (15 білім беру, 21 денсаулық сақтау, 132 тұрғын үй, 24 инженерлік желілер, 1 мәдениет, 10 коммуналдық шаруашылық, 66 ішкі істер органдары, 7 спорт, 31 ауыл шаруашылық нысаны);

- Ұлттық қордан – 115 нысан (31 білім беру, 68 тұрғын үй, 16 инженерлік желілер).

01.10.2017 жылға бөлінген 40 млрд. 940 млн. теңгеден 40 млрд. 530 млн. теңге немесе 98,9% игерілді.


Білім беру нысандарының құрылысы

  2017 жылы 48 білім беру нысандарының құрылысы мен қайта қалпына келтіруге (44-мектеп, 1-бала-бақша, 1-қала сыртындағы лагер, 1-музыкалық мектеп және мектеп-интернатқа монша) (2-РБ, 31-ҰҚ, 15-ЖБ) Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 26 млрд. 336,546 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

-       Республикалық бюджеттен - 2 млрд. 343,773 млн. теңге;

-       Ұлттық қордан - 16 млрд. 846,707 млн. теңге;

-       Жергілікті бюджеттен - 7 млрд. 146,066 млн. теңге.

         01.10.2017 жылға  20 млрд. 808,463 млн.теңге жоспардың 100 % игерілді.

Пайдалануға берілетін 38 нысан (35 – мектеп – 24 пайдалануға берілді, 1 - бала-бақша, 1 - қала сыртындағы лагер - пайдалануға берілді және 1 - мектеп-интернатқа монша), (31-ҰҚ, 8-ЖБ) 25 нысан  пайдалануға берілді, 2018 жылға ауыспалы 10 нысан (9 - мектеп және 1 - музыкалық мектеп) (2-РБ, 7-ЖБ).


Денсаулық сақтау нысандары

2017 жылы 21 денсаулық сақтау нысандарының (8-ФАП, 9-ДА,               1-орталық аудандық ауруханасының патологиялық-анатомиялық бөлім, 1-наркологиялық диспансер 85 төсектік, 1-неонатальдық хирургия жапсаржайы 60 төсектік, 1-ас әзірлеу блогын, зарарсыздандыру камерасын және кір жуу орны) құрылысына жергілікті бюджеттен 3 млрд. 098 млн. теңге бөлінді.

 01.10.2017 жылға  2 млрд. 048 млн.теңге жоспардың 100% игерілді.

Пайдалануға берілетін 17 нысан (8-ФАП – пайдалануға берілді, 7-ДА – 5 пайдалануға берілді, 1-орталық аудандық ауруханасының патологиялық-анатомиялық бөлім, 1-ас әзірлеу блогын, зарарсыздандыру камерасын және кір жуу орны), 13 нысан пайдалануға берілді, 2018 жылға ауыспалы 4 нысан (2-ДА, 1- наркологиялық диспансер 85 төсектік, 1-неонатальдық хирургия жапсаржайы 60 төсектік).


Тұрғын үй құрылысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (2016ж. 31 желтоқсандағы №922)  бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды, 2017 жылы несиелік, жалгерлік тұрғын үйлер салу және жеке тұрғын үй салу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің алдын ала жоспары бойынша ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы 611,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру қаралған, оның ішінде

- бюджет қаражаты есебінен 103,6 мың шаршы метр (103 үй 1496 пәтерлердің алаңы пәтер 78,1 мың шаршы метр),

- мемлекеттік емес ұйымдардың және халықтың есебінен 507,9 мың шаршы метр (соның ішінде, кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен (коммерциялық тұрғын үй ) 15 тұрғын үй 689 пәтер жалпы аумағы-43,1 мың кв. метр).

2017 жылы жалпы аумағы 164,1 мың шаршы метр тұрғын үйдің (2158 пәтерлердің көлемі 123,0 мың ш. м.). 200 тұрғын үйдің құрылысына бюджет қаражаты есебінен 7 млрд. 095 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:

- ұлттық қордың есебінен (несиелік баспана бағалы қағаздарды шығару жолымен) – 3 млрд. 530 млн. теңге;

- ұлттық қордың есебінен (жалдамалы тұрғын үй сатып алу құқығынсыз) – 1 млрд. 653 млн. теңге;

- облыстық бюджет есебінен - 1 млрд. 976 млн. теңге.

2017 жылы пайдалануға берілетін 103 тұрғын үй (68 үй – ҰҚ, 132 – ЖБ), жалпы алаңы 103,6 мың шаршы метр (1496 пәтерлердің тұрғын алаңы 78,1 мың шаршы метр).

2018 жылға ауыспалы жалпы ауданы 60,5 мың шаршы метр (662 пәтердің тұрғын аумағы 44,9 мың шаршы метр) 97 тұрғын үй (57 үй – ҰҚ, 40 – ЖБ),

Жедел мәліметтер бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 338,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру күтілуде, соның ішінде:


Бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 58,3 мың шаршы метр 34 үй 862 пәтер, оның ішінде:

- жалпы ауданы 20,1 мың ш. метр (320 пәтер тұрғын аумағы 15,0 мың шаршы метр) 4 коммуналдық тұрғын үй (32 пәтерлі тұрғын үй Райымбек ауданы Кеген ауылы, 168 пәтерлі тұрғын үй, Талдықорған қ. Оңтүстік-Батыс тұрғын үй ауданында, (дақ 43), екі 60 пәтерлік тұрғын үй. Панфилов ауданының Пенжим ауылы)

- жалпы алаңы 5,7 мың шаршы метр 26 жалға берілетін үйлер (89 пәтер тұрғын үй аумағы 5,4 мың шаршы метр) (64 пәтерлі тұрғын үй Талғар ауданы Талғар қаласында, 15 арендалық тұрғын үй, Кербұлақ ауданы Сарыөзек а, 10 жалдамалы тұрғын үйлер, Ұйғыр ауданы с. Чунджа,).

- жалпы ауданы 32,5 мың шаршы метр 4 несиелік үй, (453 пәтерлердің тұрғын алаңы 22,9 мың шаршы метр) (50 пәтерлі үй Қаскелең қаласы, Қарасай ауданы, 3 үй 403 пәтер 168,64,171 пәтерлі Оңтүстік-Батыс тұрғын үй ауданында, Талдықорған қ. (ш.а.7 дақтар 17,16,27).

Қорғаныс министрлігінің бюджет қаражаты есебінен, жалпы алаңы 12,0 мың шаршы метр (ЛА 155/12 қызметкерлері мен сотталғандар үшін жатақхана Қапшағай өңірі Заречный а.)

267,9 мың шаршы метр халық қаражаты және мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен пайдалануға берілді.

01.10.2017 жылғы жағдай бойынша жоспардағы 4 млрд. 041 млн. теңгенің (НФ – 2 млрд. 748,7 млн. тг, ЖБ – 1 млрд. 292,6 млн. тг.), 3 млрд. 963,6 млн. теңге игерілді (ҰҚ – 2 млрд. 703,4 млн. теңге, ЖБ – 1 млрд. 261,1 млн. теңге), немесе 98,1%.


Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру

2017 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 13 686,6 млн. тенге бөлінді, соның ішінде:

-       Ұлттық қордан - 8 044,8 млн.тенге (16 нысан);

-       Республикалық бюджеттен - 3 217,4 млн.тенге (3 нысан);

-       Жергілікті бюджеттен - 2 424,4 млн.тенге (24 нысан).

Бөлінген қаражат 43 нысанның (ЖТҚ-16, КТҚ-27), (ҚМЖ-28, қолданысқа енгізілді-9, конкурс-6) құрылысына бағытталған, оның 26 нысаны 2016 жылдан аусыпалы, 17 нысан жаңа.

Бөлінген қаржы есебінен 496,1 км инженерлік желілер жүргізу көзделді. Соның ішінде: электр желісімен қамту – 105,4 км, сумен қамту – 116,3 км, кәріз жүйесі – 30,7 км, газбен қамту – 3,2 км, жол желісі – 124,9 км, жылумен қамту – 4,7 км, телефон желісімен жабдықтау – 31,2 км, , арық жүйесі – 79,6 км.

01.10.2017 жылғы жоспар бойынша 10 млрд.  250,5 млн.теңге (ҰҚ-7 197,289 млн.тенге, РБ – 2 085,870 млн.тенге, ЖБ – 1 090,28 млн.тенге) 9 млрд. 914,6 млн.тенге (ҰҚ-7 107,7 млн.тенге, РБ- 1 881,4 млн.тенге, ЖБ – 925,5 млн.тенге) немесе жоспардың 97 % игерілді және 382,4 км инженерлік желісі тартылды.


Мәдениет нысандарын дамыту

2017 жылы Талдықорған қаласында драма театрын салу (сыртқы инженерлік желілерісіз) нысанына жергілікті бюджеттен 2,6 млрд.теңге бөлінді, құрылыстың жалпы құны 3,7 млрд.теңгені құрайды.

Мердігер ұйымы «Өнеркәсіп Құрылыс» ЖШС, келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2018 жылдың 30 мауысымына жоспарланған.

І-ші жарты жылдыққа бөлінген 517,1 млн.теңгенің 100% игерілді.

Ішкі істер органдары нысандарын дамыту

2017 жылы ішкі істер органдары нысандарының құрылысына 2 262,7 млн.тенге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен 66 нысанның (1-Абай көшесі 251, 2-әкімшілік тәртіпте тұтқындалған адамдарға арналған арнайы қабылдау орны, 63-учаскелік полиция пунктері: 22- пайдалануға берілді, 41-нысанның құрылысы жүргізілуде) құрылысы жоспарланған. 2 нысан 2018 жылға ауыспалы.

01.10.2017 жылғы жоспар бойынша 562,965 млн.тенгенің 558,536 млн.тенгесі немесе жоспардың 99%-ы игерілді.

 

Спорт нысандарын дамыту

2017 жылы спорт нысандарының құрылысына 1 830,3 млн.теңге бөлінді.

01.10.2017 жылғы жоспар бойынша 723,1 млн.тенгенің 100%-ы игерілді.

Бөлінген қаржы есебінен 7 нысанның құрылысы жоспарланған, соның ішінде 3 нысан пайдалануға берілетін, 1 нысан пайдалануға берілді. 2018 жылға ауыспалы 4 нысан.

 

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту

2017 жылы облыстық бюджеттен коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысына  1 402,6 млн.тенге қаржы бөлінді.

01.10.2017 жылғы жоспар бойынша 709 млн.тенгенің 100%-ы игерілді.

Бөлінген қаржы есебінен 10 нысанның құрылысы жоспарланды, оның ішінде 9 нысан пайдалануға берілетін, 3 нысан пайдалануға берілді. 5 нысан 2016 жылдан ауыспалы, 4 нысан жаңа.

 

Ауыл шаруашылығы нысандарын дамыту

2017 жылы ауыл шаруашылығы нысандарының құрылысына 635 млн.тенге қаржы бөлінді.

01.10.2017 жылғы жоспар бойынша 254,8 млн.тенгенің 100%-ы игерілді.

Бөлінген қаржы есебінен 31 нысанның (5-нысанның құрылысы аяқталды, 26-нысанның құрылысы жүргізілуде) құрылысы жоспарланған.

 



Орналастырылған күні: 19.10.2017 11:08

Өзгертілген күні: 19.10.2017 11:10:19


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх