Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC
2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыстары  2017 жылғы үшінші тоқсанының жоспарына сәйкес атқарылды.

Мәдениет, мұрағат  мекемелерінің желісі – 562 нысанды құрайды.

Оның ішінде: 243 мәдениет үйлері мен клубтар, 268 кітапхана, 23 музей, 2 галерея, 19 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері және  2 видеомобиль. 

Мәдениет саласында қызметкерлер саны – 2957.

Мәдениет, архив мекемелеріне 2017 жылға 8311,3 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы мәдениет   нысандары   бойынша  күрделі жөндеу жұмыстары мен жобалық сметалық құжаттарына  жасату жұмыстарына барлығы 1022,8 млн. теңге бөлінді. 

Бүгінгі таңда Сарқан ауданы аудандық мәдениет үйінің, Бақалы ауылдық мәдениет үйінің,   Алакөл ауданы Бұлақты ауылдық мәдениет үйінің, Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылдық мәдениет үйінің, Талғар аудандық мәдениет үйінің және Талдықорған мемлекеттік архивінің ғимаратының күрделі жөндеуден жұмыстары жүргізілуде.  Черкасск музейінің жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ,  6  мәдени нысанға жобалық сметалық құжаттары жасалуда. Олар: облыстық мемлекеттік архивінің Ұйғыр филиалы, Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық мәдениет үйі,Талғар ауданы Бесағаш ауылдық мәдениет үйі, Көксу ауданы Мұсабек ауылдық мәдениет үйлері және І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының қасбеті. 

2017 жылдың үшінші тоқсанында облыс аумағында 33 240  шара ұйымдастырылып, оған 4 млн 920 мың  адам қамтылды. Облыстық мәдениет мекемелерінде 47 млн. 282 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.

Облыс аумағында 1318 үйірмелер жүмыс жасайды. Оның ішінде балалар  мен  жастардың  тәрбиесіне  ата-апаларымыздың  белсенділігін  арттыру мақсатында «Шежіре – өнер, тәлім отауы» 236 үйірмелері белсенді жүргізіліп келеді.  Оларға жалпы саны – 17 521  өнерпаз қатысады. Облыс бойынша 88 «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар өнер ұжымдары жұмыс жасайды.

Елбасы Жолдауын насихаттау бағытында мәдениет үйлерінде есептік мерзімде 97 жиын өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласы аясында арнайы жоспар құрылып, 28 жоба әзірленіп, бүгінгі күнде 8 жоба іске асырылды. 13 жоба жүргізіліп жатыр. 7 жоба келер жылы атқарылатын болады. Атап айтар болсақ, Қаракерей Қабанбай батырдың 325, Ескелді би Жылкелдіұлының 325 жылдықтарына орай ғылыми конференциялар мен республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды.

«Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында  Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жылдығына орай «Өз елім» атты концерті, Жамбыл ауданында журналист-публицист Қазақстан Республикасы Президенті грантының иегері, ақын Нүсіпбай Әбдірахымның шығармашылық кеші, Алакөл ауданында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, композитор Өмірсерік Араповтың шығармашылық концеттері берілді.

Облыстардың өзара ынтымақтастықтығын дамыту мақсатында облысымыздың мәдениет, архив қызметкерлері мен өнер ұжымдары Шығыс Қазақстан облысымен тәжірибе алмасты.

ЭКСПО халықаралық көрмесіне орай облысымызда 11 мыңға жуық шаралар ұйымдастырылып, шілде айының 11-15 күндері Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында Алматы облысының мәдениет күндері жоғары деңгейде өткізілді.   

Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, Б.Римова атындағы облыстық драмам театры, «Алатау әуендері» МКҚК  «Құлансаз» ансамблі «Жетісу керуені» жобасымен облысымыздың 6 аудандарының шалғай елді мекендерінде гастрольдік сапарлармен барып қайтты.

Есептік мерзімде облыс өнерпаздары  7 халықаралық және республикалық байқауларға қатысып, 17 жүлделі орындарға ие болды. Қырғыз  елінің Ыстықкөл аймағындағы  Жеті өгіз өлкесінде өткен Халықаралық конкурс-фестивалінде  қазақ  халқының  дәстүрлі  өнерін  ұлықтап,  филармонияның дәстүрлі  әншісі  -  Эльмира  Дәуренбекова Бас жүлдені қанжығасына  байлады.

Жыл басынан бері облысымызда сырттан келген түрлі бағыттағы 27  өнер ұжымдарының гастрольдік концерттері өтті.

Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» ақциясы өтіп,  айтулы күндері дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылды. Қыркүйек айының 1 күні Қарасай ауданында «Батыр бабалар» мемориалды музейінің ашылу салтанаты өтіп, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым жиналды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде Алаштың 100 жылдығына арналған «Алашорда қозғалысының ұлт тарихындағы орны» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық «Мәңгілік елдің мәңгілік сарына» дәстүрлі музыка фестивальі, «Ретро Жетісу» атты вокалды-аспаптар ансамбльдер арасында  облыстық ретро фестивальі өтіп,  «Ауыл кеші көңілді» атты телебағдарлама жобасы 11 қыркүйектен бастап түсірілім жұмыстары атқарылуда.

Еңбекшіқазақ ауданында демеушілер есебінен Ж.Жабаев ескерткіші Ж.Жабаев атындағы «Жастар» саябағында, Еңбек Ері С. Есбергенов ескерткіші Сөгеті ауылында және жергілікті бюджет есебінен ақын Т.Молдағалиевке еңселі ескерткіштер бой көтеруде.

Облыс аумағындағы барлық музейлер арасында «Туған өлке» атты көрмелер ұйымдастырылып,  Көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен Айша Ғалымбаеваның 100 жылдығына орай халықаралық пленэрі өтті.

«Жетісудың киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында  аудандарда қасиетті жерлердің тізімін қалыптастыруға ұсыныстар әзірлейтін арнайы 3 адамнан жұмыс топтары құрылып, аудан, қала бойынша қасиетті, киелі нысандардың тізімі, фотосуреттері, аңыз әңгімелері аудандардан жинақталып алынды.

Архив мекемелерінде жалпы 5318 қор, 1 445 079  сақтау бірліктері сақталуда.

Архив мекемелерінде 160 тақырыптық  сұраныстар, 25793 әлеуметтік-құқықтық сұраным орындалды.

Мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін  жұмыс бабында пайдалану бойынша 1143   кеңестер берілді. Ағымдағы жылы архив қызметкерлері арасында мемлекеттік құжаттаманы талапқа сай жүргізіп, азаматтарға жоғары деңгейде мемлекеттік қызмет қөрсету бойынша «Үздік іс жүргізуші» байқауы өтті.    


Орналастырылған күні: 19.10.2017 11:31

Өзгертілген күні: 19.10.2017 11:32:26


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх