Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

Алматы облысы бойынша 2017ж. 9 айында өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай эпидпаротит, көкжөтел жұқпаларының жоғарылауымен, ал вирустық «А» гепатиті, жіті ішек, менингококк, вирусты кене энцефалиті, эхинококкоз жұқпаларының төмендеуімен сипатталады, Қызылша, қызамық жұқпалары тіркелген жоқ. Сальмонеллез жұқпасы бір деңгейде.

Вирустық гепатит «А» жұқпасының – 61 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 26 (42,6%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 3,0 – 4,4 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 жағдайға төмендеген. Вирустық «А» гепатитіне қарсы барлығы 2 жасқа толған балалардың 16366 жоспарлы, 969 адам эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 946 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 194 адам тексерілген (20,5%).

Вирустық «В» гепатитінің – 2 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,10 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық бір деңгейде. 

Вирустық «С» гепатитінің – 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,05 – 0,17 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға жоғарылаған.

Созылмалы парентеральды гепатиттердің 413 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар  арасында - 12 (2,9%), 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 20,6 – 2,0 құрады. Оның ішінде созылмалы вирустық «В» гепатиті - 208, созылмалы вирустық «С» гепатиті – 205.

Жіті ішек жұқпасының 574 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 351 (61,1%), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 28,6 және 60,0 құрайды. 2016 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 78 жағдайға төмендеген. Жұқпаның таралу жолы 91% анықталды, тағам арқылы – 96,5%, қарым – қатынас арқылы – 3,4%.       

Сальмонеллез жұқпасының 15 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 0,7. 2016 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық бір деңгейде.

Менигококты жұқпаның 4 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,2 – 0,6 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 жағдайға төмендеген.

Эпидемиялық паротиттің 9 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 5 жағдайы тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,4 – 0,8  құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 жағдайға жоғарылаған.

Эхинококкоз жұқпасының 115 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 31 (26,9%) жағдайы тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 5,7 – 5,3 құрады, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 9,3% төмендеген.

Вирусты кене энцефалитінің 4 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 (25%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,2 – 0,1 құрады, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 жағдайға төмендеген.

Облыс бойынша бруцеллез сырқаттанушылығы 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2017 жылдың 9 айында 8,6% жоғарылаған (153 жағдайдан 166 жағдайға дейін). Бруцеллезбен науқастанғандардың 79,5% ауыл тұрғындары қамтып, сырқаттанушылық облыстың 90 елді - мекенінде тіркелді.

Алматы облысында 2017 жылдың 9 айында адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Сонымен бірге облыстың 4 ауданында (Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек) ауылшаруашылық малдары арасында құтырма ауруына күдікті 9 жағдай тіркелді, 5 жағдайда құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесіп тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым - қатынаста болған 67 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе – күн алынуына тізім бойынша апталық бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ.  Департаменттің зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктемде-күзде іссапарлар ұйымдастырылып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына, туляремия және басқа карантиндік инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем,  күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі  сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

Алматы облысында 2017 жылдың 9 айында адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 239 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 11,9 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,012 құрады.

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында бруцеллез, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде.

2017 жылдың 9 айында  қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларында қадағалауда 5843 тағам өнімдерін өндіретін,  сататын объектілер бар. Облыс аймағында өндірілетін және сатылатын азық–түлік өнімдерінің сапасы  қалыпты   деңгейде. 2017 жылдың 9 айында  2082 тағам сынамасы зерттеліп,  олардың 64 (3,0%) микробиологиялық көрсеткіштері бойынша  нормативтік құжаттардың   талаптарына сәйкес келмеді (2016жарты 9 айында – 4,6%). Барлық қоғамдық денсаулық сақтау санэпидбасқарма мамандарымен бактериялды ластанған тағам сынамаларының себебін анықтау технологиялық үдерістердің сатысын қадағалаумен жүргізілді. Бактериалды ластанушылықпен  айқындалған бұзушылықтар бойынша, жауапты тұлғаларға  33 айыппұл 1587240т көлемінде салынып,  шаруашылық субъектілеріне 33 нұсқау берілді.

2017 жылы 9 айында сауда айналымынан 116675,841 кг. азақ-түлік өнімдері тәркіленіп, жойылды, оның ішінде   жақын және алыс шет елдерден әкелінгені -116452,741кг., Қазақстан Республикасынан шығарылғаны - 223,1кг.  Тәркіленген  (442977кг.) азық-түлік өнімдері шаруашылық субьектілерінің жүгінуімен    жойылды.

2016 жылдың 9 айының қорытындысымен 2017ж. осы кезеңін салыстырғанда эндемиялық зобпен науқастанушылық саны 5957 (2016ж. 9 ай)  6053 (2017ж. 9 ай) дейін жоғарылады. Науқастанушылық саны балалар арасында  жоғарылаған. Емдеу-алдын алу ұйымдарының мәліметтері бойынша барлық науқастар құрамында йод бар препараттармен  (йодид, калий йод,  йодомарин, йодонорм, эль-тироксин, эутирокс және т.б.) қамтамасыз етілген. Есепті кезеңде сауығуымен және тұрғылықты орнының ауысуымен облыс бойынша  диспансерлік бақылаудан   510 адам, оның ішінде  96 бала,  175 жасөспірім, 239 ересек шығарылды.

Алматы облысында йодпен байытылған сүт өнімдерін өндіру жалғастырылуда («Адал» ААҚ АШК Еңбекшіқазақ  ауданы (тапсырыс бойынша), «Үштөбе Айдын» ЖШС Қаратал ауданы сүт зауыттарында, Талдықорған қаласындағы  «Ляззат» ЖШС сүт цехы мен Л. Жолтабарованың наубайханасында).

4641 сауда нысандарында йодталған ас тұзы және басқа да йодпен байытылған тағам түрлері (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, сусындар және т.б.) сатылуда.      

Облыс бойынша Қапшағай қаласындағы  «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС, Қарасай ауданындағы «Азия АгроФуд» ЖШС және «Турка» ЖШС Сарқан ауданындағы 3 ұн тартатын обьектілерде   темірмен және дәруменді-минералдық қоспалармен фортификацияланады. 2017 жылдың 9 айында облыста 1182195тонна ұн өндірілді, оның ішінде дәруменді-минералдық премикспен 111352 тонна жоғары сұрыпты, 956663 тонна бірінші сұрыпты  ұн байытылған, барлығы 120211 тонна премикс жұмсалған.  

Облыста йодталған тағам өнімдерінің сапасына бақылау жүргізілуде.  2017 жылдың 9 айлық есепті кезеңіңде облыс бойынша  «Ұлттық     сараптама орталығы» ШҚ РМК филиалының зертханаларында 104 тағам сынамаларының йодтық құрамы зерттелді, оның ішінде 85 - тұз, 13 - ашытқы,  2 - нан,  4 –сүт, барлығы НҚ талаптарына сәйкес.

Қазіргі уақытта 741 елді-мекендердің 622-і (83,9%) орталықтандырылған,  106-і (14,3%)  орталықтандырылмаған, 9 (1,21 %) елді  мекен тасымалды сумен қамтылады, оның 6 Сарқан ауданындағы разъездер:  Керегетас, Сарықұлақ, Арғанаты, Ақбалық, Қаратас, Көкшалғын, Жамбыл ауданындағы Ащысу және Бозой ауылы, Іле ауданындағы Күрті ауылы және 4 – і өзен суын қолданады. Микробиологиялық көрсеткіш талаптарына сәйкес ауыз суының меншікті салмағы 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша төменгі деңгейлік қалпында болып 3,6% құрады. 

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон  0,11-0,18 мкЗв/сағ. құрады.

Облыс бойынша 178 рентген кабинеттері  жұмыс істейді.  2017 жылдың 9 айында 28-не, дозиметриялық өлшемдерді қолдана отырып, санитариялық-гигиеналық тексерулер жүргізілді.

 

   


Орналастырылған күні: 19.10.2017 11:36

Өзгертілген күні: 19.10.2017 11:38:26

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх