Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC
2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

2017 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға 2 011 566,0 мың  теңге  қаржы бөлініп, жыл басынан 1 582 038,7 мың теңге қаржысы игерілген (78.6%).

Облыс аумағында ағымдағы жылы жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 68 ошағы тіркелді. Олардың 54-і бруцеллез ауруынан, 5-і құтырық ауруынан, 7-і қарасан ауруынан және 2-і пастереллез ауруынан,. Тіркелінген ошақтарта тиісті ветеринариялық сауықтыру шаралары атқарылып, эпизоотиялық ахуал қалыптастырылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жоспарлы бруцеллез ауруына жүргізілген серологиялық    зерттеулердің    нәтижесінде  1 289 бас  ірі  қара, 

2 825 бас ұсақ малдың бруцеллез ауруына оң белгі бергені анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау ережелеріне сәйкес іс- шаралар  жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мамандары, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бірлесіп, мал базарларының тазалығы мен келген малдарды ветеринариялық бақылаудан өткізу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы  малдары мен өнімдерінің қозғалысын  қадағалауға  алу жұмыстарын жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қорға енгізілгені: 1 089 473 бас мүйізді ірі қара, орындалуы 97,1%;  4 213 128 бас ұсақ мүйізді мал, орындалуы 101,9%; 97 408 бас шошқа, орындалуы 100,8%;  322 023 бас жылқы, орындалуы 99,4%;  7 509 бас түйе, орындалуы 98,8% құрайды.

Облыс бойынша «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» бағдарламасы қондырылған 253 компьютердің интернет желісімен қосылуы толық қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімі арасындағы  келісімге сәйкес, облыс бойынша барлығы 141 мал сою орындары бар,  яғни 23 мал  сою  пункті,  113 мал сою алаңы. Оларда  жыл басынан барлығы 17 371 бас мүйізді  ірі  қара, 27 448 бас  ұсақ  мүйізді  мал, 3 780 бас  жылқы, 65 862 бас  шошқа  сойыстан  өткізілді.

Облыс бойынша ішкі сауда орындарында сатылуға түскен ауыл шаруашылық жануарларының ұшалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінің саны бойынша 21 832  мүйізді ірі қара ұшасы,  43 293 ұсақ мүйізді мал ұшасы, 7 665 жылқы ұшасы, 4 889 шошқа ұшасы, 289 400 дана жұмыртқа және 210 865 кг балық ветеринариялық-санитариялық зертханаларда сараптамадан өткізілген.

Қажетті болып танылған 254 типтік үлгідегі мал  қорымдарынан  бары 172. Оның сыртында қарапайым  үлгіде 97 қорым бар. Сонымен қатар, 20 жылжымалы, 6 стационарлық биологиялық қалдықтар мен мал өлекселерін өртеу арқылы жоюға арналған инсинераторлармен қамтамасыз етіліп, қоланысқа пайдаланылуда.

Босқын жүрген ит, мысықтарды аулау және жою жұмыстарын жүргізу үшін  облыстық бюджеттен 68 400,0 мың теңге қаржы бөлініп,  40 416.8 мың  теңгесі (59 %) игерілді. Осы қаржы көлемінде 26 402 ит, 262 мысық ауланып, жойылды.

2017 жылдың IV-тоқсанына арналған міндеттер

1. Бруцеллез ауруына зерттеу жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізу, нәтижесі бойынша тиісті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру.

2. Ветеринариялық препараттарды қолдану, сақтауға бөлінген қаржыларды дер кезінде игере отырып, ветеринариялық алдын алу жұмыстарының толық орындалуын қамтамасыз  етуді  ұйымдастыру.

3.  Босқын жүрген ит, мысықтарды аулап, жою жұмыстарын жалғастыру.

4. Ветеринария саласы бойынша бұқаралық насихат жұмыстарын халық арасында ұйымдастыруды  жүргізу.

5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мәліметтерін веб-порталдық жүйедегі дерекқор базасына толық енгізілуін қамтамасыз ету.

6. Барлық деңгейлердегі ветеринариялық мамандардың қызметтік міндеттерінің атқарылуын бақылау.


Орналастырылған күні: 23.10.2017 11:25

Өзгертілген күні: 23.10.2017 11:26:57


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх