Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC
Алматы облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Алматы облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының   11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан даңғыл – «Қадырғали Жалайыри» даңғылы, бірінші көше – «Бәйкен Әшімов» көшесі, екінші көше – «Зылиха Тамшыбай» көшесі, үшінші көше – «Астана» көшесі болып аталсын.

2.  Талдықорған қаласы «Шайқорған» тұрғын үй алабының  солтүстік-шығысында орналасқан «Астана» көшесі – «Нұрлытаң» көшесі болып қайта аталсын.

3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға жүктелсін.

4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 


Орналастырылған күні: 01.06.2018 09:09

Өзгертілген күні: 04.06.2018 09:10:48


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх