Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +14 oC
2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың шараларын, сондай-ақ 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында, 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында, 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсаттарында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету, бұзушылықтарды анықтау және жою, азаматтардың және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, жер телімдерін пайдалану ережелерін сақтау және жерлерді оңтайлы пайдалану және қорғау бойынша шараларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының жер кодексінде көрсетілген құзыреттер мен міндеттердің шегінде 2018 жылдың І жарты жылдығында Басқарма айқындалған жұмыстар жүргізді.

Жылдың басынан Басқармаға 2501 хаттар, үндеулер келіп түсті, соның ішінде: жеке тұлғалардан – 188, заңды тұлғалардан – 43, жоғары тұрған мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, жергілікті орындаушы аудандардан, қалалардан және облыстың басқа да өкілетті органдарынан - 2270.
Келіп түскен хаттар мен үндеулер заңмен белгіленген мерзімдерде қарастырылды, Облыс әкімдігінің хаттамалық тапсырмалары дер кезінде орындалады. 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және Жер кодекстерінің талаптарына сәйкес 162 тексеру жүргізілді (соның ішінде 22 басқа тексеру түрлері), тексерудің қамтылған алаңы – 12 201,8 га құрайды, тексерулер нәтижесінде 117 бұзушылық анықталды, соның ішінде:
- оның 67-не жалпы сомасы 5 млн. 507 мың тг (ондағы: мемлекет табысына 2 млн. 507 мың тг төленді) айыппұл салынды;
- 6 ескерту берілді;
- коммерциялық жер телімдерінің 1 жыл мерзімінде пайдаланылмағаны үшін 22 ұйғарым берілді;
- жер телімдерін ұсыну кезінде жер заңнамасын бұзғандары үшін әкімдіктерге және аудан ОЗО 4 ұйғарым берілді;
- берілген ұйғарымдардың талаптарын орындамағандары үшін 18 ұйғарым берілді, материалдар Әкімшілік сотқа қарастырылу үшін жіберлді (ондағы: жалпы сомасы 2 млн. 285 мың тг айыппұл салынған 14 іс қарастырылды, 4 материал қарастырылуда).

Өткізілген талдауға сәйкес облыс бойынша жер заңнамасы құқықтарының бұзылуының ең көп таралуы:

1. Жерлерді нысаналы мақсатында пайдаланбау, бұл бұзушылықтардың жалпы санының – 40 % құрайды. Әкімшілік жауапкершілікке жалпы айыппұл сомасы 625,3 мың теңгені құрайтын, 13,02 га алаңымен 23 субъект (оның ішінде 5 ескерту) тартылды.

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау немесе тиімсіз пайдалану, бұл бұзушылықтардың жалпы санының – 33 % құрайды. Әкімшілік жауапкершілікке жалпы айыппұл сомасы 1млн. 563 мың теңгені құрайтын, 12 049,5 га алаңымен 17 субъект (оның ішінде 3 ескерту) тартылды.

3. Мемлекеттің жерге меншік құқығын бұзу, жер телімін өз бетінше иелену, бұл бұзушылықтардың жалпы санының – 21 % құрайды. Әкімшілік жауапкершілікке жалпы айыппұл сомасы 3 млн. 439 мың теңгені құрайтын, 122,25 га алаңымен 16 субъект тартылды.

4. Жер теліміне құқықтар ұсыну кезінде және жер телімдерінің нысаналы мақсаттарының өзгеруі кезінде ҚР жер заңнамасының бұзылуы, бұл бұзушылықтардың жалпы санының – 5 % құрайды. Әкімшілік жауапкершілікке жалпы айыппұл сомасы 215 мың теңгені құрайтын 3 қызметтік тұлғалар тартылды (№ 1 кестені қара).

2015-16-17 жж анықталған пайдаланбаған ауыл шаруашылық жерлері бойынша

Облыс бойынша 2015-16-17 жж ауыл шаруашылық мақсаттағы пайдаланбаған 483,9 мың га жерлер анықталды, соның ішінде тәлімді егістік 54,3 мың га, суармалы егістіктер 34,9 мың га, жайылымдар 389,3 мың га, шабындықтар 5,4 мың га.

Қолданылған шаралар нәтижесінде:
- 101,5 мың га ерікті тәртіпте және Басқармамен және аудандардың ЖОО, сот органдарының шешімдерімен мемлекеттік меншікке қайтарылды (соның ішінде 33,2 мың га ауыл шаруашылығы айналымына тартылды);
- 317,0 мың га жер телімдері бұрынғы жер пайдаланушыларына қолдануға берілді және ауыл шаруашылығы айналымына тартылды;
- 33,0 мың га иесіз ретінде есепке қойылды және аудандардың ЖОО бақылауында. Мерзімі өткеннен кейін ағымдағы жылдың ішінде мемлекеттік меншікке қайтару шаралары жүргізіледі;
- 30,2 мың га ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің пайдаланбағаны үшін жалпы сомасы 8 млн. 894 мың тг құрайтын айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды, 1 жыл ішінде пайдалану бойынша шараларды қабылдау мерзімдерімен ұйғарымдар берілді.
Ағымдағы жылда берілген жер телімдері бойынша бақылау тексерулері жүргізіледі;
- 2,2 мың га материалдар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92-94 б. сәйкес мәжбүрлеп алу үшін соттың қарастыруында.
Ағымдағы жылда жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша шаруашылық мақсаттағы (жайылымдар) пайдаланбаған 11,9 мың га жер анықталды,
жалпы сомасы 1 млн. 371 мың тг құрайтын айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды, 1 жыл ішінде пайдалану бойынша шараларды қабылдау мерзімдерімен ұйғарымдар берілді.

Жер теліміне құқық беру кезінде және жер телімінің нысаналы мақсатының өзгеруі кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының бұзылуын жібермеу бойынша

Жер теліміне құқық беру кезінде және жер телімінің нысаналы мақсатының өзгеруі кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының бұзылуын жібермеу мақсатында жер телімдерін ұсынудың заңдылығы мәселелері бойынша аудандардың, қалалардың өкілетті органдарымен және әкімдіктермен тексерулер жүргізілді.
Талғар ауданы бойынша: Панфилов а/о – жер телімдерін ұсыну кезінде бұзушылықтар анықталды, осыған байланысты, бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым берілді және әкімдіктің қызметтік тұлғаларына қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. 

Ұйғыр ауданы бойынша: ауыл шаруашылығы жерлерін ұсыну бойынша конкурстарды жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталды, осыған байланысты, кінәлі қызметтік тұлғаларға қатысты тәртіпті шараларды қолдану туралы әкімге хат жіберу арқылы алдағы уақытта бұзушылықтарды жібермеу және жою бойынша ұйғарымдар берілді. 

Көксу ауданы бойынша: Балпықби а/о әкімдігін тексеру нәтижелері бойынша жер телімін ұсыну кезіндегі бұзушылықтары үшін ұйғарым берілді. Тексерулер материалдары бойынша әкімдіктің заңсыз шешімдерін жою үшін сотқа талаптар беріледі. 

Сарқан ауданы бойынша: Сарқан ауданының әкімдігінде жер телімдерін ұсыну кезінде бұзушылықтар анықталды, осыған байланысты, бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым берілді және әкімдіктің қызметтік тұлғаларына қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. Тексерулер материалдары бойынша әкімдіктің заңсыз шешімдерін жою үшін сотқа талаптар беріледі.
Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінен келіп түскен және Талғар, Іле аудандары прокурорларының ұсынған хаттары мен материалдары бойынша тексерулер жүргізілуде. 

Алматы облысының аймағында кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табудың алдын алу бойынша.
«Алматы облысының аймағында кең тарлаған қазбалардың заңсыз табылуының алдын алу бойынша өкілетті органдардың өзара әрекеттесуі туралы» Бірлескен бұйрықтың тармақтарын орындау мақсаттарында аудандар мен қалаларға жетекшілік ететін Басқармалар жұмыс тобының құрамына кіреді, мұнда мүдделі органдардың қызметкерлерімен бірлесіп КТПҚ заңсыз табу деректерін анықтау және алдын алу бойынша рейдтерге қатысады.
Талдықорған қаласының аймағы бойынша бірлескен рейдтер нәтижесінде Қаратал өзенінің жағалауында ҚҚҚ заңсыз табу деректері анықталды. 

Жер телімін өз бетінше иеленгені үшін (ҚҚҚ қазу кезінде) жеке тұлға Р.В.Олейников жалпы сомасы 180 375 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік тартылды, ол тиеу техникасын қолдану арқылы жеке тұлғаларға түсіріп беру үшін қиыршық тасты қазған. Ары қарай тексеру материалдарының деректері бойынша Экология департаменті келтірілген залал бойынша сәйкес шаралар қолданылды.   

Сондай-ақ Ескелді ауданының аймағында Көкжазық кентіне қарай («Қызыл көпір» маңайында) заңсыз ҚҚҚ қазбалау деректері тіркелді, материалдар сәйкес шараларды қолдану үшін ауданның ІІБ берілді. Қаратал өзенінің жағалауынан ҚҚҚ заңсыз қазу және тасу бойынша ұқсас деректер бірлескен рейдтердің барысында Талдықорған қаласынан Үштөбеге қарай шыққанда көпірдің маңайында тіркелді, олар бойынша сәйкес шаралар қабылданды.
Алакөл ауданы прокуратурасының ұсынғандарын орындау үшін нысаналы мақсатта пайдаланылмаған Алакөл ауданы, Ынталы а/о аймағында орналасқан, жалпы алаңы 5,0 га жер телімі бойынша «Қыран» ЖШС Жол-құрылыс компаниясы тексерілді. 

Жер телімі нысаналы мақсатта пайдаланылмағаны белгіленді, яғни асфальт-бетонды зауытты, бетонқоспалауыш қондырғыны, тұрғын үй қалашығын орналастырудың орнына берілген жер телімінде ҚҚҚ қазу жұмыстары жүргізілген.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 65 бабының 1 т. 1) т.т. бұзғаны үшін «Қыран» ЖШС жалпы сомасы 144 300 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұзушылықты жою үшін міндетті орындау және жер телімін нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланылуы бойынша шараларды қабылдау туралы ұйғарымы берілді. 

Жер телімін өз бетінше иеленуді жібермеу, облыс аймағында кең таралған пайдалы қазбаларды табудың алдын алу Басқарманың тұрақты бақылауында болады.

Орман алқабында нысандарды заңсыз салу және Алматы қаласынан шыққанда жол бойында:
«Алматы-Қаскелен», «Алматы-Бішкек», Талғар жоғарғы және төменгі трассасы, «Алматы –Жетіген» және «Алматы-Қапшағай» бағыттары бойынша ағаштарды заңсыз шабу сұрақтары бойынша Облыс әкімінің Хаттамалық тапсырмасын орындау үшін орман алқабында нысандарды заңсыз салу, ағаштарды заңсыз шабу, автокөлік жолдарының бойында орналасқан жер телімдерін бөлу және нысаналы мақсатта пайдаланылмауы сұрақтары бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді. 

Жұмыстар нәтижесінде анықталғандар: Қарасай ауданы бойынша алаңы 0,5000 га, кадастрлік № 03-047-218-1682; алаңы 0,0400 га, кадастрлік № 03-047-154-801 жер телімдері нысаналы мақсатта пайданылмағаны туралы деректер анықталды, осыған байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 339 б. сәйкес берілген жер телімдерінің иелеріне қатысты айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды және бұзушылықтарды жою бойынша орындау ұйғарымы берілді. 

Үшқоңыр ауылы, Жібек көшесінде орналасқан, алаңы 0,1342 га, кадастрлік № 03-047-154-020 жер телімі бойынша материалдар ҚР Жер кодексінің 147 б. 2 т. 2-1т.т. сәйкес шаралар қолдану және бұзушылықтарды жою үшін ауылдық округтың әкімдігіне жіберілді.   

Бұдан басқа жұмыс тобы Алматы-Жандосов (26 км) автокөлік жолының бойындағы жер телімдерін тексерді, мұнда ҚР Жер кодексінің бұзылуымен жер телімдерін ұсынудың 139 дерегі анықталды. Барлық анықталған деректер бойынша тексеру және материалдарды сотқа жіберу үшін материалдар дайындалып жатыр.
Талғар ауданы бойынша : Гүлдала а/о, Жібек жолы көшесі №12 мекен-жайында орналасқан жер телімін нысаналы мақсатта пайдаланбағаны үшін жер телімінің иесі Г.Маткеримге қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 339 б. сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды және бұзушылықты жою үшін міндетті орындау ұйғарымы берілді. 

«Алматы-Талғар-Евгеньевка» автокөлік жолдарының бойындағы 105 нысанның жер телімдері, «Алматы-Қорғас» 83 нысанның жер телімдері тексерілді, олар бойынша бұзушылықтар анықталмады.
Іле ауданы бойынша «Алматы – Жетіген» Покровка ауылының автокөлік жолының бойында жер телімінін нысаналы мақсатта пайдаланбаудың 2 дерегі, Байсерке ауылында жер телімінін нысаналы мақсатта пайдаланбаудың 4 дерегі анықталды. 

Қазіргі кезде Покровка ауылы, Алматинская көшесі №196 мекен-жайында орналасқан алаңы – 0,0035 га жер телімін нысаналы мақсатта пайдаланбағаны үшін жер телімінің иесі Л.Н.Коваленкоға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды және бұзушылықты жою үшін міндетті орындау ұйғарымы берілді.
Покровка ауылы, Байсерке ауылының шегінде орналасқан екі жер телімі бойынша материалдар (иелері Р.Мусрепкызы, Т.Шукетаева) шараларды қабылдау үшін және ҚР Жер кодексінің 147 б. 2 т. 2-1 т.т. сәйкес құзыреттері бойынша бұзушылықтарды жою үшін ауылдық округ әкімдігіне жіберілді. 

Орман алқабындағы, автокөлік жолдарының бойында орналасқан нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жер телімдері бойынша ұсынылған материалдардың негізінде Басқарма сәйкес шараларды қолданады.
Жер телімдерін нысаналы мақсаттау пайдаланбау сұрақтары, автокөлік жолдарының бойында орналасқан орман алқаптарында заңсыз нысандарды салу сұрақтары Басқарманың, МСҚБ және аудандар, қала әкімдерінің бақылауында болады.

Қазақстан Республикасының бас Прокурорының «Жер заң бойынша-өздігінен басып алуды тоқтатайық» жобасын жүзеге асыру бойынша Жер телімдерін өз бетінше иелену деректерін жібермеу және алдын алу мақсатында белгілі жұмыстар жүргізіп жатыр. Осылай ағымдағы кезеңде жалпы алаңы 84,36 га жер телімдерін өз бетінше иеленудің 14 дерегі анықталды (өз бетінше иелену деректері Іле, Жамбыл, Сарқан, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Панфилов, Талғар аудандарында, Талдықорған қаласында анықталды). Барлық деректер бойынша жалпы сомасы 2 млн. 717 мың тенгені құрайтын айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қабылданды, бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарымдар берілді. 

Берілген ұйғарымдардың мерзімдерінің аяқталуына қарай Басқарма бақылау тексерулерін жүргізеді.
Егер де бұрындары жер телімдерін өз бетінше иеленудің деректері елді мекендердің шегінде анықталса, онда ағымдағы жылда ауыл шаруашылығы жерлерін заңсыз егін егу арқылы өз бетінше иелену деректері анықталды (Кербұлақ ауданында 63,13 га, Сарқан ауданында 19,9 га).


Сотқа талап қою жұмысы бойынша

Есепті кезеңде Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттарына 95 талап арыз берілді, оның ішінде 57 талап арыз Алакөл көлінің жағалауындағы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскелерді мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтару үшін, 13 талап арыз мақсаты бойынша пайдаланылмаған коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерді мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтару үшін, 12 талап арыз әкімдіктердің жер учаскелерін табыстау жөнінде қабылдаған шешімдерін заңсыз деп тану үшін, 8 талап арыз орындалу міндетті нұсқаманың талабын мәжбүрлеп орындату үшін, 5 талап арыз мақсаты бойынша пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтару үшін.

Заң бұзушылықты жою үшін берілген орындалуы міндетті нұсқамалардың талабын орындамағаны үшін ҚРӘҚБтК-нің 462 бабы, 3 тармағына сәйкес облыстың аудандық соттарына жалпы көлемі 12,9 га болатын 18 тұлғаға қатысты іс құжаттар жолданды. Оның 14 тұлғаға қатысты іс құжаттары қаралып, 2 284 750 теңге айыппұл салынды және рұқсаттың қолданылуын 1 айдан 2 айға дейін тоқтатты. Қалған 4 тұлғаға қатысты іс құжаттар сот қарауында.

Ауыл шаруашылығы жер учаскелерін мәжбүрлеп алу жөнінде:
2018 жылы төменде көрсетілген тұлғалардан мақсаты бойынша пайдаланылмаған ауыл шаруышылығы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды:
1. «Altyn Dala Agro Zhetysu» ЖШС-нің Ақсу ауданында орналасқан жалпы көлемі 2478,5 га жер учаскесі, оның ішінде 562 га суармалы егістік, 1916,5 га тәлім егістік.
2. «Қапал-Ақниет» ЖШС-нің Ақсу ауданында орналасқан жалпы көлемі 550 га тәлім егістік жер учаскесі.
3. Жеке кәсіпкер Р.Абдусаттарованың Қаратал ауданында орналасқан жалпы көлемі 600 га жайылым жер учаскесі.
4. «Күреңбел» ЖШС-нің Ақсу ауданында орналасқан жалпы көлемі 3445,7 га жер учаскесі, оның ішінде 64,3 га тәлім егістік, 3381,4 га жайылым.

Сонымен қатар, «Копбирлик-БА» ЖШС-нің Ақсу ауданында орналасқан жалпы көлемі 2240 га, оның ішінде 240 га суармалы егістік, 2000 га жайылым жер учаскесін мәжбүрлеп алу жөнінде азаматтық ісі сот қарауында.

Алакөл көлінің жағалауындағы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскелерді мәжбүрлеп алу жөнінде:
Мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскелерді мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтару үшін 57 талап арыз берілді, оның 27-і қаңағаттандырусыз қалдырылды, 18 талап арыз қаңағаттандырылды, 3 талап арыз қараусыз қалдырылды, 9 талап арыз сот қауында. Жалпы мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелердің көлемі 5,70 га.
Қаңағаттандырусыз қалған талап арыздар бойынша Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына 13 аппеляциялық шағым берілді.

Әкімдіктердің жер учаскелерін табыстау жөнінде қабылдаған шешімдерін заңсыз деп тану жөнінде:
Әкімдіктердің шешімдерін заңсыз деп тану үшін 12 талап арыз беріліп, оның 4 талап арызы қаңағаттандырылды, 2 талап арыз қараусыз қалдырылды, 6 талап арыз сот қарауында. 

Олар:
1. «Іле Басы» ЖШс-не жер учаскесін жеке меншікке табысдау жөнінде Іле ауданы әкімдігінің 17.08.2005 жылғы № 8-3615 қаулысын заңсыз деп тану үшін;
2. Талғар ауданы әкімдігінің жер учаскесін табыстау жөніндегі шешімін заңсыз деп тану үшін ;
3. Жамбыл ауданы әкімдігінің 11.10.2005 жылғы № 714 шешімін заңсыз деп тану үшін;
4. Жамбыл ауданы әкімдігінің 11.10.2005 жылғы № 717 шешімін заңсыз деп тану үшін;
5. Жамбыл ауданы әкімдігінің 11.10.2005 жылғы № 720 шешімін заңсыз деп тану үшін;
6. Жамбыл ауданы әкімдігінің 22.10.2005 жылғы № 743 шешімін заңсыз деп тану үшін.
Коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерді мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтару жөнінде:
Жер учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару үшін 13 талап арыз беріліп, оның ішінде 5 талап арыз қаңағаттандырылды, 5 талап арыз қаңағаттандырусыз қалды, 1 талап арыз қараусыз қалды, 2 талап арыз сот қарауында. 

Мақсаты бойынша пайдаланылмағаны үшін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алынған жерлер:
1. Жеке кәсіпкер И.Исевтың Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан жалпы көлемі 0,30 га жер учаскесі;
2. Жеке кәсіпкер Л.Валишанованың Ақсу ауданында орналасқан жалпы көлемі 0,08 га жер учаскесі;
3. С.Беисбековтың Ақсу ауданында орналасқан жалпы көлемі 0,1 га жер учаскесі;
4. В.Кимнің Қапшағай қаласында орналасқан жалпы көлемі 1,8 га жер учаскесі;
5. А.Қабылбекованың Қапшағай қаласында орналасқан жалпы көлемі 0,3 га жер учаскесі.
Жалпы мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелердің көлемі 2,58 га.


Орналастырылған күні: 25.07.2018 10:40

Өзгертілген күні: 25.07.2018 10:51:53

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх