Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Алматы облысы бойынша Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 418 074 адамды құрайды, оның ішінде –95 316-і қалалық жерлерде, 332 758-і ауылда тұрады.

2018 жылға мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 565,5 млн.теңге бөлініп, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 6 жобаны іске асыруға 31 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жастармен жұмыс атқару мақсатында облысымызда жастар саясаты мәселелері басқармасы және 1 облыстық 19 аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарында 123 қызметкер жұмыс жасайды.

Барлық құрылымдар тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Талдықорған қаласында 2016 жылдан бері «Жастарға қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді.

Сондай-ақ ауыл округ әкімшіліктердің құрылымында жастар саясаты мәселелері бойынша ауыл жастарымен жұмыс істеу үшін 253 нұсқаушы қызметкері бар. Бүгінгі таңда әрбір ауылдық округте бір нұсқаушы жұмыс істейді.

Облыста 67 жастар ұйымыдары тіркеліп, оның ішінде 25 ұйым белсенді жұмыстар атқаруда.

Облыс көлемінде 3 ЖОО және 74 кәсіптік, техникалық (41 мемлекеттік, 33 жеке меншіктік) оқу орындары бар. Студенттер саны 42699 құрайды. (ЖОО-9635,ТжКБ-33 064)

Жоғары оқу орындарында 65 мамандық және ТжКБ оқу орындарында 75 мамандық, оның ішінде ауыл шаруашылығы, құрлыс, заңгер, қаржыландыру бойынша білім алады.

2018 жылдың 1 тоқсанында статистикалық деректері бойынша облыста жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,7% құрайды. 2017 жылдың сәйкес кезенінде 3,2% құрайды.

Бүгінгі күні жастарды жұмыспен қамтамасыз ету шаралары «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жж «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 2018 жылдың  1 жартыжылдығында 29 жасқа дейінгі 7725 жас жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етілген. Тұрақты жұмысқа 3399 адам орналасты.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жж «Еңбек» бірінші бағыты шеңберінде электрик, шаштараз, тігінші, бала күтуші және т.б мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен жастар қатарынан 1606 адам қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жастар санаты қатарынан 190 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 80 азамат шағын несие алды.

Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша қоғамдық жұмыстарға 1 млрд. 240 млн. теңге қаржы бөлініп, 1292 жас жолдама алды.

Аталған бағдарлама шеңберінде облыс бойынша 2018 жылға жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 450,5 млн. теңге қаражат бөлініп, 1245 жас түлекті қамту жоспарланған. 2018 жылы І тоқсанда 947 жас түлек тәжірибе өтуде.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына облыс бойынша 280 адам жолдама алды. Республикалық бюджетен 239 млн. теңге қаражат бөлінді

Алматы облысындағы 15-28 жас аралағындағы жастардың жалпы санының NEET көрсеткіші 2018 жылғы І тоқсанға 11,4%-ды құрап отыр. Яғни, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен (2017 жылғы 1 тоқсанда 9,1%) салыстырғанда 2,3% өсім байқалады.

Бүгінгі күні ауылдық елді мекендер мен қалалар NEET санындағы жастарды анықтау үшін жұмыстары жүргізілуде.

2009 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен «Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда.

2009 жылдан бері ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және ветеринарлық мамандарға білім беру жәрдемақысы қарастырылған. Бір маманға көтерме жәрдемақы мөлшері 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕҚ) болып табылады.

Ағымдағы жылда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 96134,0 теңге 571 маманға көтерме жәрдемақы қарастырылған. 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 474 маман көтерме жәрдемақы алды. Оның ішінде білім саласы бойынша - 89, денсаулық сақтау - 333, мәдениет саласы- 8, спорт – 8, әлеуметтік саласы - 4 және 10 агроөнеркәсіп саласы.

2018 жылы «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 52 млн. 669 мың теңге бөлінді. Көгалдандыру жұмыстарына 1875 сарбазды қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Жасыл ел» аймақтық штабы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап XIV маусымдық жұмысын бастады. Маусым айында 680 жас жұмысқа орналасты. Оның ішінде: 380 жұмыссыз жастар, 23 мүгедектігі бар жастар, 41 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 200 студент және 100 оқушы, сондай-ақ 60 адам әлеуметтік жағдайы төмен және 57 көп балалы отбасыларда тұратын жастар. «Жасыл ел» облыстық штабы шілде айының соңына дейін 890 жасты тартуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда барлық сарбаздарға еңбек формалары мен құралдары ұсынылған. Әрбір сарбаз 56 981 теңгені құрайды жалақы алады.

2017 жылдан бастап республика көлемінде «Түлектер тақтасы» жобасы жүзеге асуда. Жобаның мақсаты түлектерге жұмысқа орналастыру қолайлы жағдай жасауға, жас мамандар қажеттіліктерін көрсету, ақпараттық-насихаттық жүмыстар жүргізу үшін бағытталған жоба.

Жобаның тұжырамдамасына сәйкес 3 жоғары оқу орындары және 4 кәсіби-техникалық оқу орындарында студентер мен түлектер арналған ақпараттық стендттер орналасқан.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік тұрғын үйге немесе жалдаған жеке тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 40 990 адам құрайды.

Жыл басынан жергілікті атқарушы органдармен кезекте тұрған ең үлкен әлеуметтік әлсіз топтарынан - 18612 адам анықталды. Оның ішінде (45,5%), мемлекеттік сектор қызметкерлері - 15739 адам (38,9%), жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 6475 адам (17%), мүгедектер мен соғыс ардагерлерімен 150 адам, сондай-ақ 14 адамның тұрғын үйі апаттық деп танылғандар.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан ағымдағы жылдың 104 адамға тұрғын үй ұсынған болатын. Оның ішінде: бюджеттік сала қызметкерлері - 144, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына - 76, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 23, тұрғын үйі апаттық деп танылған - 1 адам.

Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үй өтініштер қабылдау арқылы қамтамасыз етіледі. Осы бағдарлама аясында жас отбасыларға баспана берілді. 2015 жылы Талдықорған қаласындағы 64 пәтерлік 2 үй (128 пәтер), ал 2016 жылы Іле ауданында 50 пәтерлік 2 үй (100 пәтер) берілді.

Облыста жоғары оқу орындарында және колледждерінде 10158 орын бар. 43 жатақхана бар (жатақханадағы 1694 орын, колледждерде 8464 орын). Білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасын орындау барысында ТжКБ мекемелерінде 2 930 орындық 10 жатақхана салу қажеттілігі анықталды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 524 орындық жатақхана бар.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметтері бойынша облысымыздағы тұрғындардың жалпы санынан 28,4 % спортпен шұғылданады. Спортпен айналасуға облысымызда 3439 спорттық құрылғылармен қамтамасыз етілген. (2 спорт сарайы, 23 стадион, 24 спорттық кешен, 12 спорт кешендер нысандары, 248 атқыштар ауқымдары, 831 спорт залы, 48 бассейндер, 2020 жазық ғимараттарды , 2 УТЦ, 2 шаңғы базасы, 19 хоккей корты, 2 яхта клубы, 1 мұз айдыны, 28 теннис корты, 7 ипподром, 166 салынған спорт залдары) бар.

Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 210 спорттық іс-шара өткізілді, 321 066 астам адам қамтылды. 2018 жылдың 1 жартыжылдығында жастар арасында 38 суицид және 31 суицидқа әрекет жасау тіркелді.

2018 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімді механизмі ретінде «Жастар жолы» жобасы іске асырылуда. Бұл жастардың бос уақытын, рухани дамуын және спортты дамытуға жағдай жасауға бағытталған іс-шаралардың кешенді жоспары. Облыс әкімінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 8 өкіміне сәйкес Алматы облысының ауылдық жерлеріндегі бос уақытты және жастарды жұмыспен қамту жағдайын зерттеу үшін жұмыс тобы құрылды. Оған жастар саясаты, спорт, мәдениет, білім беру, кәсіпкерлік, жергілікті полиция қызметі және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. 

Жұмыс тобының мүшелерімен 193 елді мекендерге барды. Жұмыс барысында жастар үшін мәдениет үйірмелерін, спорт секцияларын және бос уақытты өткізу орталықтарының құрылысын ұйымдастыру үшін бос орындар анықталды: 37 нысан (негізінен иесіз), ағымдағы және күрделі жөндеуді талап ететін, 205 түрлі бөлімдер мен үйірмелерге арналған кеңселер. Ауылда 47 ашық спорт алаңы (шағын футбол алаңдары, көше тренажерлері), 11 саябақ салу және 98 мәдени орталықты жөндеу қажеттілігі анықталды. Спорт секцияларында, ауылдық жерлердегі мәдени және демалыс орталықтарында қызметкерлердің (хореографтар, музыканттар, түрлі спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар) жетіспеушілігі бар. Жұмыс тобының мүшелері ұсынымдарын ескере отырып, 2018 жылы «Жастар жолы» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды.

Бүгінгі таңда 10 аудан мен қалада 11 жоба жүзеге асырылуда. 56,7 млн. теңгеге 983 спорттық жабдықтар мен техника сатып алынуда.

Жалпы, 2018 жылы жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатынд 18 орталық ашылды. Оның ішінде 4 күрес бөлмесі, 5 жаттығу залдары,  4 коворкинг орталығы, 2 интернет кітапхана, 2 фотостудия қызмет көрсетуде.

Денсаулығын сақтау үшін кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетуде мақсатында 2018 жылдың мамыр айында 6 аудандарында (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Жамбыл, Қаратал, Ұйғыр) және 3 қаларында (Қапшағай, Текелі, Талдықорған) Жастар денсаулық орталықтары ашылды. Орталықтарда заңды кеңесшілер және дәрігерлер (гинеколог, уролог, психолог, дерматология, СПИД жөніндегі дәрігер) жұмыс істейді. Бүгінгі күні 5057 жастар кеңес алды.

Алматы облысы ішкі істері департаментінің статистикалық мәліметі бойынша жыл басынан 1894 қылмыс тіркелді. 2017 жылдың сәйкес кезеңінде 1721 қылмыс тіркелген. Жыл басынан жастар арасындағы қылмыс, суицид, девиантты мінез-құлықты алдын алу үшін 80-нен астам іс-шаралар жүзеге асырылды, 10 000 адам қамтылды.

Алматы облыс бойынша 1 жартыжылдықта 4146 жастар некеге тұрса, 1159 жас ажырасып кетті. Жыл сайын облыс көлемінде отбасылық құндылықтарын насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайтуға бағытталған «Мәңгілік ел – Мәңгілік отбасы» байқау, «Отбасы сағаты» акциясы, «Ұрпақтар сабақтастығы» кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының жанында 2015 жылдан бастап «Сырласу» әйелдер клубы жұмыс істейді. Клубтың мақсатты отбасылық құндылықтарды, дәстүрлер және отбасылық-тұрмыстық проблемалардың шешімдерін талқылау, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында ерте жүктілік алдын алу болып табылады.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының мәлеметтеріне сәйкес 2018 жылдың 1 тоқсандында 14-29 жасөспірім қыздар арасында 132 жасанды түсік тіркелді.

«Сырласу» әйелдер клубының жоспарына сәйкес облыстың барлық аудан, қалаларында жастар арасында ерте жүктілік, суицид, қылмысты алдын алу мақсатында семинар-тренингтар, дөңгелек стол, кездесулер жоспарлануда.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының жоспарына сәйкес жыл басынан қала, аудандаында 915 іс-шара өтті. Оңың ішінде 3 форум, 173 акция, 91 мәдени шара, 182 спорттық шара және 266 кездесу өтті

Облыс көлемінде Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай мүмкіндіктері шектеулі жастар арасында «Жүректен жүрекке» атты байқау өтті. Сонымен қатар «Маусымашар-2018» көнілді тапқар клубы өткізілді.

2 тоқсанда Талдықорған қаласында «Астана - арман қала» атты Вена балы өтті.

Облыс көлемінде 10 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жалпы қатысқандар саны 1200 адам. Ұсынылған бос жұмыс орындары - 993, мекемелер саны – 325. Жәрменке нәтижесінде 94 адам жолдама алып,              95 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ 125 мүмкіндіктері шектеулі жандар қайта даярлау курставрына жіберілді.

Жастарға қызмет көрсету орталығында мемлекеттік бағдарламары бойынша 650 адам консультация алды. Онын ішінде «2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 237 адам кеңес алды, «Бизнестің жол картасы 2020» – 39 адам, «Нұрлы жер» 72 адам кеңес алды, «Серпін 2050» 127 талапкер кеңес алды, «Техникалық және кәсіптік білім беру» - 62 және «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 369 азаматқа кеңес беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Психологиялық кеңес алғандар - 32, жастар ісі жөніндегі комитет бойынша – 5. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп кеңес алғандар саны – 121. Онлайн режимде кеңес алғандар саны – 113 адам. Барлық 992 адам кеңес алды.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Youtube», «Twitter» желілеріндегі ресми парақшалары тіркелген. Осы парақшаларда жоғарыда көрсетілген шаралар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Мемлекеттік жастар саясаты жүзеге асыру жұмыстары ерекше бақылауда.


Орналастырылған күні: 25.07.2018 11:15

Өзгертілген күні: 25.07.2018 11:24:41

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх