Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +6 oC
2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Құрылыс басқармасы бойынша
2018 жылғы I-тоқсанның қорытындысы және ІІ тоқсанға міндеттері

 

2018 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 39,532 млрд. теңге . Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 7,383 млрд. теңге;

- ішкі қарыздар есебінен– 1,727 млрд. теңге;

- жергілікті бюджеттен – 30,422 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен 479 нысанның құрылысы жоспарланған, оның ішінде: пайдалануға берілетіні 459 нысан, 20 нысан 2019 жылға өтпелі:

- республикалық бюджеттен – 21 нысан (6 мектеп, 3 денсаулық сақтау, 4  тұрғын үй, 8 инженерлік желілер);

- ішкі қарыздар есебінен – 20 нысан (20 тұрғын үй).

- жергілікті бюджеттен -– 438 нысан (16 білім беру, 15 денсаулық сақтау, 259 тұрғын үй, 20 инженерлік желілер, 4 мәдениет, 4 коммуналдық шаруашылық, 114 ішкі істер органдары, 6 спорт);

I тоқсанда бөлінген 3 704,6 млн.теңгенің 3 687,0 млн.теңге немесе   99,5% игерілді.

II тоқсанда 8 млрд. 974 млн.теңгені игеру және 82 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Білім беру нысандарының құрылысы және қайта жаңғырту

2018 жылы 22 мектептің құрылысына (19 - мектеп, 1 –спорт залға жапсаржай салу, 1 – бала бақша және 1 – музыкалық мектеп) (4-РБ, 2-ҰҚ, 16-ЖБ) республикалық және жергілікті бюджет есебінен 5 млрд. 512,664 млн. теңге бөлінді, оның ішінді:

- Республикалық бюджеттен – 2 млрд. 678,078 млн. теңге;

- Жергілікті бюджеттен - 2 млрд. 834,586 млн. теңге.

2018 жылы 17 мектепті пайдалануға беру жоспарланған (14 - мектеп, 1 –спорт залға жапсаржай салу, 1 – бала бақша және 1 – музыкалық мектеп) (4-РБ, 2-ҰҚ, 11-ЖБ), 5 нысан 2019 жылға ауыспалы (ЖБ).

1 тоқсанда бөлінген 698,390 млн.теңге (РБ – 386,584 млн.теңге, ЖБ – 311,806 млн.теңге) 100% игерілді.

II тоқсанда 1 млрд. 543,955 млн.теңге (РБ – 892,579 млн.теңге, ЖБ – 651,376  млн.теңге) игеру жоспарланған және 6 мектеп (РБ – 2 мектеп, ҰҚ – 2 мектеп, ЖБ – 1 мектеп және 1 бала бақша) пайдалануға берілуі жоспарланған.


Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және қайта жаңғырту

2018 жылы 18 денсаулық сақтау нысандарының (5-ФАП, 6-ДА, 1-МП, 1-наркологиялық диспансер, 1-неонатальдық хирургия жапсаржайы,  2-сейсмика нығайту, 1-перзентхана, 1- перзентхана ғимаратын реконструкциялау) құрылысына 3 млрд. 857,344 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

-       Республикалық бюджеттен – 1 млрд. 465,668 млн. теңге.

-       Жергілікті бюджеттен – 2 млрд. 391,676 млн. теңге

2018 жылы 15 нысан пайдалануға беру жоспарланған (5-ФАП, 6-ДА, 1-МП, 1-наркологиялық диспансер, 1-неонатальдық хирургия жапсаржайы, 1-сейсмика нығайту) (14-ЖБ, 1-РБ), 3 нысан 2019 жылға ауыспалы (1- перзентхана, 1-перзентхана ғимаратын реконструкциялау, 1-сейсмика нығайту)(РБ) .

1 тоқсанда бөлінген 558,212 млн.теңге (РБ – 244,850 млн.теңге, ЖБ – 313,362 млн.теңге) 100% игерілді.

II тоқсанда 1 млрд. 233,017 млн.теңге (РБ – 271,566 млн.теңге, ЖБ 961,451  млн.теңге) игеру жоспарланған және 3 нысан (ЖБ – 2 ДА және 1 наркологиялық диспансер) пайдалануға берілуі жоспарланған.


Тұрғын үй құрылысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (2016ж. 31 желтоқсандағы №922)  бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды, 2018 жылы несиелік, жалгерлік тұрғын үйлер салу және жеке тұрғын үй салу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.

Ағымдағы жылы алдын ала жоспар бойынша барлық қаржыландыру көздері арқылы 704,2 мың шаршы метр, оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен 73,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру қаралған.

Ағымдағы жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен  4,2 млрд. теңге бюджеттік қаражат бөлінді, оның ішінде:

- Ұлттық қордан – 1,7 млрд. теңге;

- Республикалық бюджеттен (сатып алу мүмкіндігінсіз жалгерлік үйлерге ) – 1,3 млрд. теңге;

- облыстық бюджеттен – 2,9 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен 1158 пәтерге арналған жалпы ауданы 94,8 мың. шаршы метр құрайтын 283 тұрғын  үйдің құрылыс жұмыстары жүргізу жоспарлануда (РБ 5 несиелік, 4 жалгерлік, 12 коттедждер (танхаустар) Талдықорған қаласы  коттеджді қалашықта). ЖБ есебінен 91 жалгерлік, 12 коммуналдық, 156 коттедждер (пилоттық жоба) оның ішінде пайдалануға берілетін объектілер 928 пәтерге арналған 280 тұрғын үй. Құрылыс жұмыстары жұмыс кестесі бойынша жүргізілуде.

2018 жылдың 1-тоқсанында 138,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:

Бюджеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 4,398 мың шаршы метр 11 үй пайдалануға берілді,оның ішінде (Талдықорған қаласында 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй, Сарқан қаласы Сарқан ауданында 10 жалгерлік тұрғын үй)                                                

Тұрғындар және мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен жоспарланған 630,7 мың шаршы метр тұрғын үйдің 134,2 мың шаршы метрі пайдалануға берілді.

Сонымен қатар «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы «Қазақстан ипотекалық қомпаниясы» АҚ желісімен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Талдықорған қаласының  Оңтүстік-батыс ауданында бөлінген 1,3 га жер телімінде 290 пәтер болатын, жалпы ауданы 25,5 мың шаршы метр (тұрғын ауданы 18,1 мың ш.м.) 5 үйдің (оның ішінде: 55 пәтерлі екі үй (7 шағын аудан 14 таңба, 6 шағын аудан 32 таңба) және 60 пәтерлі үш үй (6 шағын аудан 6,16,45 таңбалар) құрылысы 2015 жылы басталған.

2018 жылдың II-тоқсанында бюджеттік қаражат есебінен 112 пәтер болатын 13 үй салып пайдалануға беру жоспарланған, пәтерлердің жалпы ауданы 11,176 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде:

Ұлттық қордың есебінен жалпы ауданы  48 пәтерге арналған 12 коттедждер жалпы ауданы 6,346 мың шаршы метр несиелік;

ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін жалпы ауданы 4,830 мың шаршы метр бір 64 пәтерлі жалгерлік үй.


Инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту және жайластыру

2018 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына  4 071,316 млн. теңге бөлінді, оның ішінді:

- Республикалық бюджеттен – 1 млрд. 939,853 млн. теңге (8 нысан);

- Жергілікті бюджеттен - 2 млрд. 131,463 млн. теңге (20 нысан).

Бөлінген қаражат 28 нысанның (ЖТК -6, КТК- 22) құрылысына берілген, оның ішінде 20 нысан 2017 жылдан ауыспалы, 8 жаңа нысан.

I тоқсанда бөлінген 408,546 млн.теңге (РБ – 369,956 млн.теңге, ЖБ – 38,590 млн.теңге) 100% игерілді.

II тоқсанда 905,044 млн.теңгені (РБ – 371,715 млн.теңге, ЖБ – 533,329 млн.теңге) игеру және 3 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.


Ішкі істер органдары нысандарын дамыту

2018 жылы ішкі істер органдары нысандарының құрылысына 4 499,8 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа 114 нысанның құрылысы жоспарланған (1- ҰҚК, 2- Талдықорған қаласы, Қошмамбет ауылында әкімшілік тәртіпте тұтқындалған адамдарға арнайы қабылдау орны, 107- УПП, 2017 жылдан қалған 4 УПП)

I тоқсанда бөлінген 488,0 млн.теңге, 100% игерілді.

II тоқсанда 916,0 млн.теңгені игеру және 38 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Спорт нысандарын дамыту

2018 жылы спорт нысандарының құрылысына 7 942,3 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа 6 нысанның құрылысы жоспарланған ,оның ішінде 2017 жылдан 3 нысан ауыспалы, 3 жаңа нысан.

I тоқсанда бөлінген 80,0 млн.теңге, 100% игерілді.

II тоқсанда 545,0 млн.теңгені игеру және 1 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту

2018 жылы коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысына облыс бюджетінен 1 817,3 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа 4 нысанның құрылысы жоспарланған ,оның ішінде 2017 жылдан 1 нысан ауыспалы (АХАЖ және көрме кешенінің инженерлік желілері) 3 жаңа нысан (1- азаматтарға арналған үкімет, 2- Шарын, Актам ауылдарында әкімшілік).

I тоқсанда бөлінген 80,0 млн.теңге, 100% игерілді.

II тоқсанда 304,659 млн.теңгені игеру және 1 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.


Мәдениет нысандары

2018 жылы 4 мәдениет нысандарының құрылысына (1-драма театр, 2-мәдениет үйі, 1-музей) жергілікті бюджеттен 2 мрлд. 212,445 млн.теңге бөлінді. Пайдалануға беру мерзімі 2018 жылдың соңына дейін.

I тоқсанда  бөлінген 870,0 млн.теңгенің 100% игерілді.

II тоқсанда 252,060 млн.теңге игеру жоспарланған.

 


Орналастырылған күні: 28.04.2018 11:51

Өзгертілген күні: 28.04.2018 11:53:22


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх