Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC
2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2018 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 42,128 млрд. теңге . Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 10,012 млрд. теңге;

- ішкі қарыздар есебінен– 1,727 млрд. теңге;

- жергілікті бюджеттен – 30,388 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен 515 нысанның құрылысы жоспарланған, оның ішінде: пайдалануға берілетіні 473 нысан (40 нысан пайдалануға берілді), 42 нысан 2019 жылға өтпелі:

- республикалық бюджеттен – 32 нысан (6 мектеп, 3 денсаулық сақтау, 4 тұрғын үй, 19 инженерлік желілер);

 - ішкі қарыздар есебінен – 17 нысан (17 тұрғын үй).

- жергілікті бюджеттен -– 466 нысан (16 білім беру, 15 денсаулық сақтау, 281 тұрғын үй, 26 инженерлік желілер, 4 мәдениет, 4 коммуналдық шаруашылық, 114 ішкі істер органдары, 6 спорт);

I жартыжылдыққа бөлінген 13 547,7 млн.теңгенің 13 513,2 млн.теңге немесе 99,7% игерілді.


Білім беру нысандарының құрылысы және қайта жаңғырту

2018 жылы 22 мектептің құрылысына (19 - мектеп, 1 –спорт залға жапсаржай салу, 1 – бала бақша және 1 – музыкалық мектеп) (14-РБ, 2-ҰҚ, 6-ЖБ) республикалық және жергілікті бюджет есебінен 6 млрд. 306,301 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

- Республикалық бюджеттен – 3 млрд. 462,421 млн. теңге;

- Жергілікті бюджеттен - 2 млрд. 843,880 млн. теңге.

2018 жылы 12 мектепті пайдалануға беру жоспарланған (9 - мектеп, 1 –спорт залға жапсаржай салу, 1 – бала бақша және 1 – музыкалық мектеп) (4-РБ, 2-ҰҚ, 6-ЖБ), 10 нысан 2019 жылға ауыспалы (РБ).

1 жартыжылдыққа бөлінген 3 074,5 млн.теңгенің 100% игерілді.


Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және қайта жаңғырту

2018 жылы 18 денсаулық сақтау нысандарының (5-ФАП, 6-ДА, 1-МП, 1-наркологиялық диспансер, 1-неонатальдық хирургия жапсаржайы, 2-сейсмика нығайту, 1-перзентхана, 1- перзентхана ғимаратын реконструкциялау) құрылысына 3 млрд. 728,614 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

-        Республикалық бюджеттен – 1 млрд. 465,668 млн. теңге.

-        Жергілікті бюджеттен – 2 млрд. 262,946 млн. теңге

2018 жылы 15 нысан пайдалануға беру жоспарланған (5-ФАП, 6-ДА (2 нысан пайдалануға берілді), 1-МП, 1-наркологиялық диспансер (пайдалануға берілді), 1-неонатальдық хирургия жапсаржайы, 1-сейсмика нығайту) (14-ЖБ, 1-РБ), 3 нысан 2019 жылға ауыспалы (1- перзентхана, 1-перзентхана ғимаратын реконструкциялау, 1-сейсмика нығайту)(РБ) .

1 жартыжылдыққа бөлінген 2 076,8 млн.теңгенің 2 045,4 млн.теңге немесе 98,5% игерілді.


Тұрғын үй құрылысы

2018 жылы 704,2 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен 76,9 мың ш.м. жеке құрылыс салушылар есебінен 35,3 мың ш.м жеке меншік үйлер тұрғындар есебінен 592,0 мың ш. м.

Бюдеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 76,9 мың ш. м. 302 тұрғын үй, немесе 950 пәтер салу қарастырылған. Бұл мақсатқа бюджеттен 5 683,172 млн. теңге бөлінді

Оның ішінде:

Несиелік тұрғын үй 30,9 мың ш.м. ( 280 пәтерлі 5 көпқабатты үй және 48 пәтерге арналған 12 котедждер) 2018 жылы бұл мақсатқа бюджеттен 1,7 млрд.теңге қарастырылған 2018 жылдың 01 шілдесіне 829,180 млн.теңге игерілді.

Жалгерлік тұрғын үй жалпы алаңы 24,2 мың ш.м. (105 үй немесе 364 пәтер) 2018 жылы бұл мақсатқа 2,1 млрд.теңге қарастырылған (РБ 1,3 млрд.теңге, ЖБ 0,8 млрд.теңге) 2018 жылдың 01 шілдесіне 684,437 млн.теңге игерілді.

Коммуналдық түрғын үй жалпы алаңы 6,7 мың ш.м. ( 26 үй немесе 104 пәтер) 2018 жылы бұл мақсатқа бюджеттен 0,5 млрд.теңге қарастырылған. 2018 жылдың 01 шілдесіне 314,615 млн.теңге игерілді.

Пилоттық жоба (Талдықорған қаласы коттеджді қалашығы)жалпы алаңы 15,1 мың ш.м. 154 котедж. 2018 жылы бұл мақсатқа бюджеттен ЖБ 1,5 млрд. теңге қарастырылған.

 

Қаңтар-маусым айлары аралығында 315,646 мың.ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді оның ішінде;

- Бюджеттік қаражат есебінен 4,4 мың.ш.м. (Сарқан айданы Сарқан қаласындағы 10 жалгарлік тұрғын үй, Талдықорған қаласы Шығыс шағын ауданындағы 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй).

- Жеке құрылыс салушылар есебінен 2,9 мың.ш.м. (Қапшағай қаласындағы 40 пәтерлі тұрғын үй).

-  Жеке меншік үйлер тұрғындар есебінен 308,346 мың.ш.м.


Инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту және жайластыру

2018 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 6 426,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінді:

- Республикалық бюджеттен – 3 785,432 млн. теңге (19 нысан);

- Жергілікті бюджеттен - 2 641,002 млн. теңге (26 нысан).

Бөлінген қаражат 45 нысанның (ЖТК - 18, КТК- 27) құрылысына берілген, оның ішінде 21 нысан пайдалануға берілетіні (4 нысан пайдалануға берілді), 24 нысан 2019 жылға ауыспалы.

1 жартыжылдыққа бөлінген 1 379,2 млн.теңгенің 1 372,2 млн.теңге немесе 99,5% игерілді.


Ішкі істер органдары нысандарын дамыту

2018 жылы ішкі істер органдары нысандарының құрылысына 4 603,7 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа 114 нысанның құрылысын жүргізуге және пайдалануға беруге жоспарланған (23 нысан пайдалануға берілді).

1 жартыжылдыққа бөлінген 2 125,0 млн.теңгенің 2 114,9 млн.теңге немесе 99,5% игерілді.

 

Спорт нысандарын дамыту

2018 жылы спорт нысандарының құрылысына 7 242,3 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа 6 нысанның құрылысы жоспарланған ,оның ішінде 3 нысан пайдалануға берілетіні, 3 нысан 2019 жылға ауыспалы.

1 жартыжылдыққа бөлінген 625,0 млн.теңгенің 614,9 млн.теңге немесе 98,4% игерілді.

 

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту

2018 жылы коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысына облыс бюджетінен 1 817,3 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа 4 нысанның құрылысы жоспарланған ,оның ішінде 3 нысан пайдалануға берілетіні (2- Шарын, Актам ауылдарында әкімшілік, АХАЖ және көрме кешенінің инженерлік желілері), 1 нысан 2019 жылға ауыспалы (1- азаматтарға арналған үкімет).

1 жартыжылдыққа бөлінген 145,1 млн.теңгенің 138,046 млн.теңге немесе 95,1% игерілді.

 

Мәдениет нысандары

2018 жылы 4 мәдениет нысандарының құрылысына (1-драма театр, 2-мәдениет үйі, 1-музей) жергілікті бюджеттен 2 млрд. 212,445 млн.теңге бөлінді. Пайдалануға беру мерзімі 2018 жылдың соңына дейін.

1 жартыжылдыққа бөлінген 1 187,1 млн.теңгенің 100% игерілді.

       


Орналастырылған күні: 31.07.2018 10:56

Өзгертілген күні: 31.07.2018 10:59:04

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх