Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

2015 жылдың қорытындысы


Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметінің 2015 жылдың атқарылған жұмыстары туралы.

 

2015 ж. Алматы облысы бойынша  2014 ж. салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай менингококк, қызылша, жұқпаларының жоғарылауымен, қызамық, вирустық гепатит «А», сальмонеллез, жіті ішек жұқпаларының төмендеуімен сипатталады. 

Вирустық гепатит «А» жұқпасының - 89 жағдайы тіркелді оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 47 (53%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 4,53 – 8,34 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 36,5%төмендеген.

Вирустық гепатит «А» жұқпасына қарсы барлығы 2 жасқа толған балалардың 40488 жоспарлы, 569 адам эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 1450 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 853 адам тексерілген (58,8%).

Вирустық гепатиттің «В» түрінен 8 жағдайы тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,4 құрады, өткен жылмен салыстырғанда 5 жағдайға жоғарылаған.

Созылмалы парентеральды гепатиттердің 479 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9 (1,8%),100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 24,3 және 1,6 құрады. Оның ішінде созылмалы вирустық «В» гепатитінің - 223, созылмалы вирустық «С» гепатитінің – 256 жағдайы тіркелді.

Жіті ішек жұқпасының 801 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 497 (62%), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 88,2 және 21,6 құрайды. 2014 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 5,5%-ға төмендеді. Жұқпаның таралу жолы 88,5% анықталды, оның  ішінде тағам арқылы – 99,4%, қарым – қатынас арқылы 0,6%. Үй жағдайында дайындалған, тоңазытқышсыз сақталған тағам басты факторы болып қалуда.     

Сальмонеллез жұқпасының 5 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 0,25. 2014 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 9 жағдайға төмендеген.

Қызылша жұқпасының 127 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 56 жағдайы (44%) тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 6,46 және 9,94 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 14,4 есеге  жоғарылаған. Тіркелген жағдайлар бойынша ошақта эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылып, күдікті науқастарды белсенді анықтау мақсатында көршілес орналасқан үйлер бойынша үй-үйді аралау жұмыстары жүргізілді. Ошақта қарым – қатынаста болған 326 адам эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша  иммундаумен қамтылды.

Менигококты жұқпаның 13 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9 жағдайы тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,6 және 1,6 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 12 жағдайға жоғарылаған.

Бруцеллез сырқаттанушылығы 2015 жылы былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 13% төмендеген (278-ден 237-ге). Бруцеллезбен науқастанғандардың 83,9% ауыл тұрғындарын қамтып, сырқаттанушылық облыстың 122 елді  мекенінде тіркелді.

Облыста 2015 жылы адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Сонымен бірге облыстың 4 ауданында (Ақсу, Кербұлақ, Қаратал, Панфилов) ауылшаруашылық малдары, үй және жабайы жануарлар арасында құтырма ауруына күдікті 14 жағдай тіркелді, оның ішінде 8 жағдайда құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесе тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым - қатынаста болған 78 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе - күн алынуына тізім бойынша бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ.  Департаменттің  зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктем-күзде іс-сапарлар ұйымдастырылып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына, туляремия және басқа карантиндік жұқпалардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем,  күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі  сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

Облыста 2015 жылы адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 271 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 13,7 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,02 құрады.

Аса қауіпті жұқпалардың алдын алу мақсатында бруцеллез, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ құтырма, бруцеллез және сібір жарасы жұқпаларының алдын алу және сақтық ережелерін насихаттау мақсатында департаментпен күнтізбелер жасалып, халыққа таратылуда.

Алматы облысындағы 744 елді-мекендердің 523-і (70,3%) орталықтандырылған,  212-і (28,5%)  орталықтандырылмаған және 9 (1,2%) елді  мекен тасымалды сумен қамтылады, оның 6 Сарқан ауданындағы разъездер:  Керегетас, Сарықұлақ, Арғанаты, Ақбалық, Қаратас, Кокшалғын, Алакол ауданындағы Алакол ауылы, Жамбыл ауданындағы Ащису ауылы, Іле ауданындағы Күрті ауылы. Микробиологиялық көрсеткіш талаптарына сәйкес ауыз суының меншікті салмағы 2,37%-дан 2,29%-ға дейін төмендеді. 

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон 0,11-0,18 мкЗв/сағ. құрады. Облыс бойынша 174 рентген кабинеттері жұмыс жасайды. 2015ж. оның 27 санитариялық-гигиеналық қорытындыларының берілген уақыты аяқталуына байланысты дозиметриялық өлшеумен тексеріліп, жаңадан санитариялық-гигиеналық қорытындылар берілді.

 Адам ағзасына сапасыз тағам өнімдерінің әсерін азайту мақсатында 2015 жылы сауда айналымынан 653805 кг. азақ-түлік өнімдері тәркіленіп, жойылды, оның ішінде жақын және алыс шет елдерден әкелінгені -653716 кг,  Қазақстан Республикасынан шығарылғаны -89 кг. 

Есепті жылы облыс аумағындағы тағам объектілерінің жұмысымен байланыстырылған топтық аурушаңдық тіркелмеді.

2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда эндемиялық зобпен аурушаңдық саны 7548-ден 6144-ге азайды. 100 мың халыққа шаққанда аурушаңдық көрсетіші: 2014ж.-376,4, 2015ж.-312,6 құрады. Аурушаңдық барлық жас топтары арасында азайды.  Облыс аумағында йодпен байытылған сүт өнімдерін өндіру жалғасуда (сүт зауыттары ААҚ АӨК «Адал» Еңбекшіқазақ ауданы (сұраныспен), «Үштөбе Айдын» ЖШС Қаратал ауданы,  «Ляззат-2006» сүт цехы мен  ЖК Л. Жолтабарованың наубайханасы Талдықорған қ.).

 Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің  бақылауында барлығы 817 білім беру ұйымдары бар, оның ішінде 732 мектеп, 18 интернат, 64 орта және 3 жоғары оқу орындары.  Ыстық тамақтану  505 мектепте ұйымдастырылған, 98 - буфеттік. Мектептер медициналық кабинеттермен 99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілді.

     «Саламатты  Қазақстан» 2011-2015 ж. арналған мемлекеттік  бағдарламасын орындау мақсатында  2015 жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейінгі аралықта 235 мектеп базасында (Еңбекшіқазақ ауданы – 80, Кербұлақ ауданы – 51, Панфилов ауданы – 50, Райымбек ауданы – 54)  36974 бастауыш сынып оқушылары күніне 10 грамм (тегін) балмен қамтамасыз етілген.

 2015 жылдың наурыз айынан бастап облысымызда өнімдердің (тауарлардың) бақылау сынамаларын сатып алып, Кеден одағының техникалық регламенттерінің және ұлттық заңнамаға сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы өнімдер қауіпсіздігінің монитрингісі жүргізіліп жатыр.

2015 жыл мерзімінде ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінен өнімдерді сатып алуға 24 Тапсырма келіп түсті, осының шеңберінде облысымызда өнімдердің (тауарлардың) 933 сынамалары сатылып алынды, оның ішінде 110 (12%) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді: ет және ет өнімдері - 55/26 (23,6%), құс еті - 24/15 (13,6%), балық және балық өнімдері - 5/3 (2,7%), май өнімдері - 15/1 (1%), сүт және сүт өнімдері - 111/31 (28,1%), кондитерлік өнімдер - 222/22 (20,0%), көкөністер - 25/1 (1,0%), сусындар - 38/1 (1,0%), балаларға арналға тауарлар - 115/8 (6,9%), қаптама - 27/2 (1,8%).

Талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің ішінде  таңбалануы бойынша - 82,7%, санитариялық-химиялық - 6,3%, бактериологиялық көрсеткіштері бойынша -  13,6% сәйкес келмеді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша шаруашылық субъектілеріне Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 56 ұйғарым берілді. Нұсқаманы орындамағаны үшін 13 шаруашылық субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен жалпы сомасы 3210640 теңгеге 12 айыппұл салынды. Сондай-ақ, сәйкес емес өнімдердің 3 жеткізушілері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 168 470 теңгеге 3 айыппұл салынды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының ұйғарымдары бойынша шаруашылық субъектілерімен сауда айналымынан 885,88 кг. тағам өнімдері алынып, жеткізушілерге қайтарылған, оның ішінде: ет және ет өнімдері - 227,41 кг., құс еті - 266,2 кг., сүт және сүт өнімдері - 369,41 кг., кондитерлік өнімдер - 12 кг., май өнімдері - 6,4 кг., алкогольді сусындар - 4,5л.

Облысымызда шаруашылық субъектілерімен техникалық регламенттердің талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық департаменттің мамандарымен арнайы тағам өнімдерін өндірушілері арасында «Арнайы тағамның жеке түрлерінің, оның ішінде балалар, диеталық емдік және емдiк-алдын алу тағам өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» КО ТР 027/2012 талаптарының өндірісте қолданылуы барысында туындалған мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар,   Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобаларын талқылау бойынша семинар өткізілді: «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі», «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі». Облыстық баспа басылымдарында 8 мақала жарияланды. Осындай жұмыстар облыстың барлық аудандары мен қалаларында жүргізіліп жатыр.

2015 жылы Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша 143 үйлестіру және өзара әрекеттесу меморандумына қол қойылды. Меморандум аясында облыс және аумақтық кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдері тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңдылығын түсіндіру Үйлестіру комиссиясының құрамына қосылды. Өкілдердің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді.    

Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде 2015 жылғы 4 маусымдағы департамент басшысының №121-н бұйрығымен  тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша Үйлестіру комиссиясы құрылды, осы бұйрықпен Комиссияның ережесі, сонымен қатар құрамы бекітілді. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, Үкіметтік емес ұйымдардың, Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің және БАҚ өкілдері кірді.

Алматы облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша 457 іс - шара өткізілді. Аталған іс-шараға  «Алматы облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Адам құқығы, заңдылықты сақтау және демократияны қолдау жөніндегі қоғам» қоғамдық бірлестіктері, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалымен, «Мерейлі шуақ» жастар қоғамдық бірлестігі, Алматы облысы ата – ана комитеті, әлеуметтік әріптестік және медиация орталығы, ардагерлер ұйымдары, облыстық Кәсіпкерлер палатасы филиалы, коммуналдық және индустриялдық инновациялық даму басқармасы, жолаушыларды тасымалдау басқармасы, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері тартылды.  

          2015 жылдың 12 айында  Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 156 азаматтардың жазбаша өтініштері келіп түсті. Мемлекеттік органның құзыреті шегінде 87 өтініш бойынша шара қолданылды, 55 өтініш бойынша түсінік берілді, 14 өтініші құзыреті шегінде жолданды.

Департамент және аумақтық басқармаларда тұтынушыларға Консультациялық орталық құрылды. 2015 жылдың 12 айында 73 өтініш түсті. Барлық сұрақтар бойынша түсініктеме берілді.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 2015 жылдың екінші және төртінші тоқсанында «Жетісу» телеканалында 12 телебағдарлама және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен дайындалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 24 бейнеролик  көрсетілді. 

Тұтынушыларға бейнеролик және «Қауырт желі» нөмірі көрсетілген ақпараттар Талдықорған қаласының  (19.05-30.07.), Панфилов ауданы, Жаркент қаласының (қыркүйек) орталық алаңдарының көше LED  экрандарында трансляцияланды.

Қарасай, Панфилов, Алакөл аудандарында, Талдықорған, Капшағай қалаларында тұтынушылардың құқықтары бойынша баннер орналастырылды.

Облыс бойынша 70 тұтынушы бұрышы және 30 ақпараттық стендтер объектілерде ұйымдастырылған, оның ішінде сауда орталықтарында – 60, базарларда – 15, қоғамдық тамақтану орындарында - 8, медициналық орталықтарда – 2, бала бақшаларда -12, ХҚКО – 2, «Қазақтелеком» АҚ филиалында -1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен әзірленген 4000 дана буклеттермен  брошюралар қайта басылып шығарылды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларына  2000 данасы тарату үшін берілді. 

2015 жылдың 12 айында Алматы облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша 146 мақала жарияланымға шықты.

Есеп кезеңінде 5108 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 3180, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға  және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы  жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту  жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 1878, І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен  және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру – 16, тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 1, тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру - 7, тиісті біліктілік санатын бере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру – 26.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Орналастырылған күні: 26.01.2016 17:40

Өзгертілген күні: 26.01.2016 17:43:46

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх