Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2015 жылдың қорытындысы

2015 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Алматы облысындағы қылмыстық жағдай және ІІД-нің жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері туралы АҚПАРАТ

 

Ішкі істер органдарының барлық бағыттары бойынша 26232 (+5,4%) қылмыс тіркелді, оның ішінде 1754 (-11,3%) ауыр, 204 (+0,4%) аса ауыр түрлері.

Тіркелген қылмыстардың 64,7 пайызы (немесе 16977) Алматы қаласына жақын орналасқан аудандарда орын алған (Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Қапшағай).

Қылмыстылық деңгейін 10 тұрғынға есептегенде – 145 (республика бойынша 224).

Тіркелген қылмыстар:

-                қасақана адам өлтіру – 111 (+3,7%);

-                денсаулыққа ауыр жарақат келтіру – 185 (+45,7%);

-                зорлау – 266 (-17,6%);

-                қарақшылық – 80 (-17,5%);

-                тонау – 689 (-23,9%);

-                бөтеннің мүлкін ұрлау – 13854 (-9,6%), оның ішінде пәтерден ұрлау – 3205 (-39,7%), мал ұрлығы – 1480 (-8,0%), ұялы телефон ұрлау – 2458 (-21,1%).

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 58,8 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға жоғары (респуб. көрсеткіш – 58,5%), оның ішінде ауыр – 56,3 пайыз (респуб. – 56,2%), аса ауыр – 88,5 пайыз (респуб. – 87,4).

Қылмыстарды ашу көрсеткіштері:

-                адам өлтіру – 90,0 пайыз (+5,4%);

-                денсаулыққа ауыр жарақат келтіру – 88,1 пайыз (+4,1%);

-                зорлау – 85,9 пайыз (+5,8%);

-                қарақшылық – 64,8 пайыз (+0,8%);

-                тонау – 55,5 пайыз (+1,0%);

Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау құрайды – 13854 немесе 52,8 пайыз (26232). 

Бұл қылмыстарды ашу көрсеткіші – 30,3 пайыз (2014ж. – 37,3%).

Ауыр қылмыстар санатына жататын ұрлықтар саны 38,9 пайызға  (501-ден 306-ға) азайды, ашу көрсеткіші 4,4 пайызға өсті (23,2-ден 27,6-ға). 381 (-24,8%) қылмыскер іздеуге беріліп, 310 (-27,0%) ұсталды.  

 

Ұйымдасқан қылмыс бағытында 303 (2014ж. - 321) қылмыс анықталды және ашылды.

Жедел есепте тұрған 40 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде «қылмыстық ортаның беделділері» - 3, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 1 басшысы және 36 мүшесі (2014ж. – 6/1/31).

42 жеңгетайлық, 1 еңбекте пайдалану мақсатында заңсыз бостандығынан айыру, 2 адам сату дерегі, 60 бопсалау дерегі  анықталды және ашылды.

  

Экстремизмге қарсы күрес бағыты бойынша

ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабы 1 бөлімі бойынша 2 қылмыстық іс, 273 бабы бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

Діни қатынастар бағытында құқық бұзушылық жасағандары үшін 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

-                ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453 бабы 1 бөлімі бойынша – 1;

-                ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 490 бабы 1 бөлімі бойынша 2.

Діни мазмұндағы ақпаратты тарататын 294 құрал тәркіленді.

 

564 есірткі қылмысы (+15,1%) анықталды, оның ішінде 154 (+0,6%) есірткі заттарын өткізумен байланысты.

Айналымнан 2т.121кг.775гр (2014ж. – 2т.071кг.291гр) есірткі заттар тәркіленді, оның ішінде 8кг.936,21гр (2014ж. – 13кг.061,94гр) «героин», 2т.088кг.250,00гр (2014ж. – 2т.033кг.875,41гр) «марихуана», 24кг.583,07гр (2014ж. – 24кг.353,73гр) «гашиш» тәркіленді.

 

Тергеу бөліністерінің өндірісінде 38553 (+23,3%) қылмыстық іс болды.

Сотқа 2465 немесе аяқталған істердің 19,9 пайызы жолданды  (2014ж. – 2783 немесе 43,3%).

Анықтау бөліністерінің өндірісінде 24492 (2014ж. – 5275 немесе +4,6 есе) қылмыстық іс болды.

Сотқа жолданған қылмыстық істер саны 77,0 пайызға немесе 1289-дан 2282-ге өсті.

 

Әкімшілік полиция бағыты бойынша

Мас күйінде жасалған қылмыстар саны 13,6 пайызға (1370-тен 1183-ке), жанұялық-тұрмыстағы қылмыстар 2,2 есеге (97-ден 44-ке), топпен жасалатын қылмыстар саны 38,5 пайызға (1213-тен 746) төмендеді.

Кәмелетке толмағандармен 232 (-23,2% немесе 302) қылмыс жасалған, оның ішінде 3 аса ауыр (-4,0 есе немесе 12), 26 ауыр (-2,7 есе немесе 71).

01.01.2016 жылғы жағдай бойынша 966 кәмелетке толмағандар және 942 қолайсыз жанұя ІІО есебінде тұр.

 

Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің қатысуымен 1804 қылмыс ашылды (+22,5% немесе 1473).

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 12,2 пайызға (6115-тен 5369-ға), көше қылмысы 6,1 пайызға (3756-дан 3527-ге) төмендеді.

Облыстың автожолдарында 1694  (-7,6%) жол-көлік оқиғасы тіркелді, оларда 463 (-1,1%) адам қаза болып, 2158 (-6,2%) адам жарақат алды.

 

Көші-қон полициясы бағыты бойынша

Облыстың ІІО-на 232874 (+41,5%) шетел азаматы тіркелді, оның ішінде 35962 (+4,4%) алыс елдерден, 196912 (+51,4%) жақын елдерден.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11979 (-44,4%) азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 11121 (+44,6%)  шетел азаматы, 858 (- 16,1р) ҚР-ның азаматы.

858 (-94,8%) азаматқа айыппұл салынды, 3099 (-22,8%) қамауға алынып, 922 (+4,3р.) ҚР сыртына шығарылды.

Шетел азаматтарымен 171 қылмыс жасалды, оларға қатысты 131 қылмыс жасалған.  




Орналастырылған күні: 27.01.2016 17:04

Өзгертілген күні: 27.01.2016 17:08:39

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх