Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

2015 жылдың қорытындысы

Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік индустрияландыру картасына 8 256  жұмыс орнының құрылуымен  жалпы сомасы 304,7 млрд. теңгені құрайтын 53 инвестициялық жоба енгізілген.

Карта шеңберінде 5 жылдың ішінде 282,6 млрд. теңгеге 48 жоба іске қосылып, онда 7 177 жаңа жұмыс орны құрылды.

710 жұмыс орнын құрумен 535,9 млрд.теңге сомасына  1 жоба (Балхаш ЖЭС) Республикалық индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылуда.

Алматы облысының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 582 қаулысына сәйкес  2015-2019 жылдарға Өңірлік  Индустрияландыру картасына 18 жоба бекітілді (43,8 млрд. теңге, 2377 жаңа жұмыс орны).

2015 жылы 459 жаңа жұмыс орнымен жалпы сомасы 7484,8 млн.теңгеге 5 жоба іске асырылды (Іле ауданында «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС фармацевтикалық зауыттың құрылысы; Іле ауданында  «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығару зауыты, Жамбыл ауданында «Күрті» ЖШС Күрті кен орнында гранитті өндіру бойынша жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды және құрылыс материалдарын өндіру бойынша тасты өңдеуші цехты салуды жетілдіру; Қапшағай қаласында  «Казиндустрия» ЖШС тасты қайта өңдеу  зауытының құрылысы, Алакөл ауданында  «Алакөл-Көмір» ЖШС).

2016 жылға 1290 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 30 925,9 млн.теңгеге 6 жоба («Bapy Mining»  инновациялық технология бойынша темір кенін өңдеу мен қайта өңдеу арқылы шекті шойынды алу,   Панфилов ауданында «KAZKOMPOZIT LTD» ЖШС сумен жабдықтау үшін шыныпластикалық құбырларды шығаратын кәсіпорынды құру; Қапшағай қаласында «Базальт-НПА» ЖШС композиттік өнімдерден базальт талшықтарын шығару зауыты; Алакөл ауданында «Селбесу Агро» ЖШС тамшылап суару үшін жинақтаушыларды  өндіру зауыты, «Агрокомплекс Жетісу Мажико» ЖШС, «Қызбұлак» ЖШС), 2017 жылға 628 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 5381,3 млн.теңгеге 7 жоба (Қапшағай қаласында «ЭкоПанель» ұялы құрылымды бетонынан жасалатын блоктарды автоклавдық қатқылдану мен қабырға панелдер шығару; темір бетон бұйымдары мен аса берік бетонды жаңа технологиямен шығару және көтеріңкі берікті бетонды енгізу «Фирма Әдемі» ЖШС, сұйық май және құрғақ крахмал алумен крахмал өндірісін кеңейту «Азия Агро Фуд» АҚ,  «ЖарТас Products» ЖШС құрылыс өнімдерін өндіру бойынша бетон зауытының құрылысы; «Аль TAS CAPITAL-2015» ЖШС  туф табиғи тасын өңдеу бойынша зауыт, «Meat Processing and Service» ЖШС  ет өңдеу кешенінің құрылысы, «Алюгал» ЖШС қалдықсыз алюминий қортпасының құрылым материалдарын шығару зауыты) жоспарлануда.

Өңірлік индустрияландыру картасына қосу үшін бизнес-жоспарды дайындау бойынша аудандар және қалалармен жұмыстар жалғасуда.

 

Индустриялық  аймақтар

Қазіргі таңда Алматы облысында 5 индустриялық аймақты («Талдықорған», Қапшағай қаласында «Арна», Іле ауданында «Боралдай», Талғар ауданында «Қайрат» және Жамбыл ауданында «Қазбек бек») және 2 өнеркәсіп алаңын (Қарасай ауданында «Шамалған», Талдықорған қаласында «Достық») дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Орналастырылған күні: 01.02.2016 15:48

Өзгертілген күні: 01.02.2016 15:49:20

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх