Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат


Облыстағы діни ахуал дамуының үрдістері: 2016 жылдың  9 айында облыс аумағында діни ахуал тұрақты және болжамды болып сақталды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткізіліп жатқан діни төзімділікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ықпалын тигізуде.

Жыл басынан Мәуліт мерекесі (18 қаңтар), халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі  (22 наурыз), «Ұлы Жеңіс» күні (9 мамыр) «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні (31 мамыр), «Мемлекеттік рәміздер» күні  (4 маусым), мұсылмандар үшін басты мейрам «Ораза» айы және православтардың Пасха мейрамы  (1 мамыр), Астана күні (6 шілде), «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы (1 тамыз – 30 қыркүйек), Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз) болды. Сонымен бірге, белсенді ақпараттық-насихат жұмысының түрлері, түзету мекемелерінің қызметкерлерімен бас бостандықтарынан айырылғандар арасында да жұмыстың жандануы болды.

Облыс тұрғындарының діни сауатын арттырумен қатар, дәстүрлі емес діни бағыттарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында түрлі форматта    іс-шаралар өткізілді.

Жылдың басы Мәуліт мерекесін атап өтуден басталды. 18-ші қаңтарда «Үммет Үміті» атты рухани тағылымдық кешіне жиналғандар назарына Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының  2015 жылы атқарған жұмысы туралы және Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі мен қызметі жөніндегі арнайы дайындалған бейнебаяндар көрсетілді.

Шарада Мұхаммедтің (с.а.с) өмір тарихын кезекпен баян ете отырып мәуліт оқылды. Арнайы шақырылған танымал «Өнер қырандарының» қойылымы қойылып, Жұматай Оспанұлының монологы мен термесі, «Пайғамбарға хат» атты видеоролик, Бекжан Тұрыстың «Пайғамбарымыздың артықшылығы мен қазақ халқындағы ұстанымының ұқсастығы», «Шүкір Алла» атты діни өлеңдер оқылды. Кеш соңынан Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы сөз сөйлеп қорытындылады. Кешке барлығы 530 адам қатысты.

26 сәуір күні Райымбек ауданында дінді қатаң ұстанатын тұрғындармен «Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар: Таблиғи Жамағат» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудандық АТТ мүшесі, ауданның бас имамы С. Сатов, №2 Кеген орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аудандық АТТ мүшесі Қ. Әбженов баяндамаларын оқыды. Барлығы 150 адам қатысты.

27 мамыр күні  «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында Талдықорған қаласында облыстық конференция өткізілді.

Шараға Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, тілдерді дамыту, жастар саясаты, денсаулық сақтау, ішкі саясат басқармаларының өкілдері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының, ішкі істер департаментінің, Алматы облысының прокуратурасының қызметкерлері, облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған және Алматы өңірлерінің имамдары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, Талдықорған қаласының еңбек ұжымдары, этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.

Конференцияны облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаев ашып, Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Р. Есдаулетов кіріспе сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти – Наурызбай қажы Тағанұлы, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы – Б. Бейсенов, Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениет университі ректорының ғылыми кеңесшісі, теология ғылымдарының  докторы – М. Паттеев, Алматы облысының Ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі – М. Малмаков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев  қатысып, өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады. Шараға, жалпы 500 адам қатысты. Қатысушыларға «Дін саласындағы өзекті тақырыптарға арналған 20 сұрақ-жауап. 7 шығарылым: Мемлекет және дін» тақырыбында кітапша, «Жастарды жат ағымнан сақтайық» тақырыбындағы бүктемелер таратылды.

31 мамыр күні Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Сарыөзек гарнизонының әскерилер үйінде «Діни экстремизмнің алдын алу жолдары» атты семинар өтті. Шараға Алматы облыстық дін істері басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері Д. Қазыкенов, Сарыөзек мешітінің имамы А. Тоқымбетов, 12740 әскери бөлімінің аға офицері Қ. Саудабаев қатысып, баяндама оқыды. Семинар соңында «Ақиқат пен адасу» атты бейнефильм көрсетілді. Барлығы  130 адам қатысты.

15 маусым күні Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылының Мәдениет үйінде «Діннің талабы – тыныштық пен бейбітшілік» тақырыбында облыстық семинар,  24 маусым күні Панфилов ауданы, Жаркент қаласында «Діни сауаттылықты арттыру – бүгінгі күннің басты талабы» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шаралардың жұмысына басқарма басшысы -  Р. Есдаулетов, орталықтың директоры – Ш. Кекбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, мәдениеттану және дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы – Қ. Затов, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты, дінтанушы, РАНТ мүшесі – С. Тәжібаев, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы – С.Ахмадиев, Алматы облысы ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бөлімше бастығы, полиция подполковнигі – М. Малмаков, Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары - Б. Момбаев, Кербұлақ ауданының бас имамы - С. Андақұлов, «Діни мәселелерді зерттеу» орталығының қызметкерлері -  А. Әлі, В. Еңсеева, Ж. Супабеков, Е. Немелбаев,  А. Әубәкір, аудан және ауыл имамдары, әр ұлттың өкілдері, медицина саласының қызметкерлері, дінтану пәнінің мұғалімдері мен мектеп оқушылары, бюджеттік, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері, БАҚ  өкілдері, барлығы 450 адам қатысты.

Үстіміздегі жылдың 22 маусым күні Алматы облысы дін істері басқармасы және "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында орналасқан "Жетісу" мешітінде ауызашар берілді. Ауызашарға мешіт жамағаттары, ақсақалдар, қоғам қайраткерлері және Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Өнербаев қатысып, барша мұсылмандарды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, сөз сөйледі. Талдықорған қаласы орталық "Иман" мешітінің ұстазы Мухаммед Ордыбай уағыз-насихат айтып, Рамазан айының ерекшелігі мен қадір-қасиеті туралы баяндап берді. Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р. Есдаулетов келген жамағаттар мен қонақтарға оразаларының қабыл болуын тілеп, алғысын білдірді. Барлығы 150 адам келді.

Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айының құрметіне облыс орталығы Талдықорған қаласында қайырымдылық шара ретінде 4 мейрамхана («Кишлак» «Меруерт», «Атамекен», «Жетісу») ауызашарлар берді. Мешіттер мен мейрамханалардағы ауызашарларға мамандар тарапынан арнайы қатысып, діннің мемлекеттегі рөлі мен маңыздылығы турасында үгіт-насихаттар айтылды.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Талдықорған қаласының жоғары оқу орындары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері және арнаулы орта оқу орындары, әлеуметтік орталықтар мен өнеркәсіп орындарындағы жастар арасында кереғар діни ұйымдар мен дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтандыруға бағытталған Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің іс-шара жоспарына сәйкес сәуір айында Талдықорған қаласының білім бөліміне қарасты жалпы білім беру мекемелері және білім басқармасына қарасты арнаулы орта оқу орындары және мектеп-интернаттың бітіруші түлектері арасында «Суицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу», «Дін және жастар», «Жат ағым, жат қылықтан сақтанайық», «Дін-тәрбие діңгегі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы 27 мектеп, 5 колледж, 1 интернат, барлығы 2727 адам қамтылды.

29 шілде күні Алакөл ауданы Үшарал қаласында «Дін және әйел» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс шара жұмысына Алакөл ауданының әкімі  Ә. Жақанбаев төрағалық етіп, Облыстық дін істері басқармасының басшысы Р. Есдәулетов кіріспе сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Б. Бейсенов,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев, Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, «Алакөл. Әлеует. Сұхбат. Славян-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы К. Власенко,    Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің баспасөз хатшысы А. Кеңесбай, АТТ мүшелері, аудан және ауыл имамдары, әр ұлттың өкілдері, бюджеттік, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері, ұстаздар, әйел жамағаты, БАҚ өкілдері, барлығы 400 адам қатысты.

1 тамыз күні 54380 әскери бөлімнің жеке құрамымен «Әскери ортаға экстремизм мен терроризм идеясының кіруіне жол бермеу» тақырыбында   КММ-нің қызметкері А. Шпекбаев ислам, христиан, иудаизм және басқа діндерде орын алған экстремизм оқиғалары жайлы 40 адаммен дәріс өткізді.

Тамыз айында Ақсу аудандық мешітінде «Әйел затын ардақтайық» тақырыбында «Иман» мешітінің ұстазы Нұргүл Дүйсенбеккызы Идирисованың қатысуымен кездесу өтті.  Әйел азаматтар арасында орталықтың тапсырысымен шығарылған «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұны білгеніңіз жөн!», «Қызға қырық үйден тыйым» т.б  діни-танымдық әдебиеттер мен бүктемелер таратылды.

5 тамыз күні Қаратал ауданы, 9-10 тамыз күндері Жамбыл ауданы, 18-20 тамыз күндері Панфилов аудандарында «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері А. Әубәкір дәстүрлі емес діни бағыт ұстанушы азаматтармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тамыз айының 21 күні Талдықорған медициналық колледжінің спортзалында облыс көлемінде алғаш рет әйел жамағаттары арасында спорттың 2 түрі (волейбол, баскетбол) бойынша спартакиада ұйымдастырылды. Жеңімпаздар дипломдар, алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қыркүйек  айының 09 күні Талдықорған қаласының «Журналистер үйінде» өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Мұсылманның ұлық мерекесі- Құрбан айт» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг жұмысына «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері Д. Қазыкенов пен Қ. Байғара, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі жастар ісі бойынша өкілі, орталық «Иман» мешітінің наиб имамы  А. Оразбаев, АТТ мүшелері, ақылы қоғам және жұмыссыз жастар, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Қыркүйек айының 12 күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешітіне келіп, облыс тұрғындарын аса ұлық Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Осыдан кейін облыс басшысы айт намазына қатысып, соңында құрбандық шалды.

Сонымен қатар, «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ-нің басшысы Р. Есдәулетовтың бастауымен Құрбан айт мерекесіне орай мекеме ұжымы атынан құрбандық шалынып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы мұқтаж жандарға таратылды.

Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша Құрбан айтты мерекелеу аясында 39 ірі қара, 783 бас қой, 26 бас ешкі сойылып, 3042–ден көпбалалы және аз қамтылғпн отбасыларына еті бөлінді.

Сонымен қатар, Алматы өңірі бойынша Құрбан айт мерекесінде 1326 қой, 56 сиыр, 3 түйе, 2 бұқа сойылып, 6482 тұрмысы төмен отбасына таратылды.

Сондай-ақ, спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: аламан бәйге, тай жарыс, аударыспақ, теңге ілу, қазақша күрес, арқан тартыс, бұқа тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру, асық ату эстафеталық ойын түрлері, балаларға батуттар тігіліп ойын алаңдарында балмұздақтар мен тәттілер таратылды. Талдықорған өңірі бойынша 70 жанұяға   5 килограмнан ұн таратылды.

27 қыркүйек күні Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының Мәдениет үйінде «Қоғамда радикалды діни ағымдардың идеяларының таралу проблемалары: қарсы тұру және шешу жолдары»  тақырыбында облыстық конференция өтті.

Конференцияны Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаев кіріспе сөз сөйлеп, конференция жұмысын бастады. Іс-шараның жұмысына «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы - Р. Есдаулетов, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары А. Назарбаева, Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры –  Ш. Кекбаева, Алматы өңірі бойынша өкіл имамы –  Қ. Наржанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мәдениеттану және дінтану кафедрасының доценті, ф.ғ.д. Б. Бейсенов, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау басқармасының экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл саладағы заңдылықтарды қадағалау бөлімінің аға прокуроры А. Мырзабеков,  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы С. Тәжібаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай аудандық бөлімінің жедел уәкілі, аға лейтенант Е. Құрманғали, Алматы облысы Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі  Қ. Есілбаев, Қаскелең қалалық Архангел Михаил правослатық шіркеуінің протоиерейі, священнигі В. Дрямов, Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Н. Касенова, Х. Байгара, А. Әубәкір, аудан және ауылдың діни бірлестіктерінің өкілдері, этнос  өкілдері, медицина саласының қызметкерлері, дінтану пәнінің мұғалімдері, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлері, БАҚ  өкілдері, барлығы   400 адам қатысты.

Сонымен қатар, «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ-нің басшысы Р. Есдәулетов, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ директоры Ш. Кекбаева, орталықтың қызметкерлері «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне жүйелі қарым-қатынас орнату мақсатында арнайы барып, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Ж. Басюнимен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға ресми түрде қол қойды. Университет проректоры Шамшәдин Керім мырзамен де бірқатар мәселелер талқыланып, келісілді. Тараптар өкілеттік шеңберінде діни қызмет саласында өзара әрекеттесе отырып, меморандум аясында көзделген шараларды бірлесіп іске асыруға міндеттенді. Меморандум бойынша келіссөздер жүргізу барысында ешбір келіспеушіліктер болған жоқ. Өзара ынтымақтастықты арттыру және қарым-қатынас дамыту аясында көптеген іс-шаралар іске асатын болады.

2016-2017 оқу жылында әйел жамағатымен «Қыз Жібек» клубын құру жоспарлануда.

2. Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер. Діни бірлестік пен филиалдарының жалпы саны 578-ді құрады. Оның ішінде: ислам  мешіті-423, православ-48, Рим-Католик-10, протестанттық-95 және 2 дәстүрлі емес діни бірлестіктер.

Діни бірлестіктердің саны 2015 жылмен салыстырғанда 19-ға артып отыр. Оның 8-і ислам мешіті (Алакөлауданында-3, Ескелдіауданында-1, Қараталауданында-1, Қарасайауданында-2 және Талғар ауданында-1) 9-ы протестанттық бірлестіктер, яғни баптистер-5 (Жамбыл ауданында-2, Еңбекшіқазақ ауданында-2, Қапшағай қаласы-1), Елуіншілер-5 (Еңбекшіқазақ ауданында-2, Қапшағай қаласында-1, Іле ауданында-1, Панфилов ауданында 1) және Талғар ауданында-1 Лютерандық тіркелген.

Сонымен қатар, облыс көлемінде мешіттерде барлығы 479 имам қызмет атқарады. Олардың ішінде: 85,5% (410) бас имамдар, 14,5% (69) наиб имамдар және де 11 мешітте бос орындар бар. Атап айтқанда: Алакөл ауданында – 1, Еңбекшіқазақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 2,  Кербұлақ ауданында – 1 және Райымбек ауданында – 3 мешіт имамдар қажет етеді.

Білім деңгейлері бойынша облыста 19,2% (92 имам) жоғары білімді, 15,1% (72 имам) медресе бітірген, 51,5% (247 имам) курстан өткен және 14,2% (68 имам) орта білімді имамдар қызмет атқарады.

Алматы облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан, қала және ауыл имамдарына жалақы төлеу үшін 12 аудан (Ақсу ауданы «Ақсу шапағаты», Алакөл ауданы «Алакөл жамағаты», Еңбекшіқазақ ауданы «Үлес сауап», Ескелді ауданы «Берекет-Жетісу», Жамбыл ауданы «Нұрлы Берекет», Қарасай ауданы «Жомарт», Қаратал ауданы «Ақ-Ниет», Кербұлақ ауданы «Байнұр», Панфилов ауданы «Қамқор-Шапағат», Райымбек ауданы «Игілік-Асар, Ұйғыр ауданы «Шарын-Медет», Іле ауданы «Байбота-Асар») мен 3 қалада (Қапшағай қаласы «Игілік Қапшағай», Текелі қаласы «Шарапат-Сауап», Талдықорған қаласы «Нұр Тағлым») қорлар құрылған. Қалған 4 ауданда (Балқаш ауданы, Көксу ауданы, Сарқан ауданы және Талғар ауданы) қор құру мүмкіндіктері қарастырылуда.

Жыл басынан бері қорлар арқылы 3 400 000 теңге имамдарға жалақы төленген. Сонымен қатар, демеушілер арқылы 14 617 000 теңге имамдарға жалақы төлеу үшін жұмсалған.

Жұма намазына үнемі зерделеу жүргізіліп, діни тұрақтылықты сақтау басты назарға алынып келеді.

Дәстүрлі емес протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер де алаңдатпай қоймайды. «Орта Азия мемлекеттерінің жаппай інжілдік (евангелизация) стратегиясы» атты шараны жүзеге асыру барысында дәстүрлі емес протестанттық діни бірлестіктердің өкілдері оңалту орталықтарын ашып, азаматтарды жасырын түрде діни идеологияға тартады. Бұл орталықтардың медициналық қызметтері лицензия және мамандардың болмағандығынан заңсыз болып табылады.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда бүгінгі күні діни идеологияны насихаттайтын жалған қайырымдылық және жалған оңалту бағытындағы орталықтар Қапшағай және Талдықорған қалаларында жұмыс атқаруда.

Талғар, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында протестанттық бағыттағы дәстүрлі емес діни бірлестіктерде («Ехоба куәгерлері», елуіншілер) кәмелетке толмаған келушілер саны көбеюде.

Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданында Құдайға құлшылық етуді сылтауратып, спорттық командалар құрылуда, олар шетел бірлестіктерімен қаржыландырылып отыр деген мәлімет түскен. Осыған орай, тиісті шаралар қабылдау үшін оларды егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Ағымдағы жылдың 31 тамыз – 2 қыркүйек аралығында дін істері басқармасының басшысы Р. Есдәулетовтің бұйрығына сай комиссия құрылып, протестанттық бағыттағы оңалту орталықтарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Соның барысында Талдықорған қаласы – «Кеме», «Спасение» қоғамдық қорларында, Ескелді ауданы, Теректі ауылы «Жаңа Өмір» діни бірлестігі оңалту орталығында, Қапшағай қаласы, Заречный ауылы «Забота» қоғамдық қорында, Қапшағай қаласы «Тин Челлендж», «Эль-Рафе Акана», «Полк Спасения», «Үміт» қоғамдық қорларында тексеру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық қор жетекшілеріне тыйым салынған әдебиеттер тізімі берілді. Барлық қоғамдық қоры жетекшілеріне қызмет етіп жатқан Заң баптары түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

3. Миссионерлік қызметтің жағдайы. Облыста  15 миссионер тіркелген, оның 11-і католицизмді,  4-і протестантизмді (пресвитериан) ұстанады. Олардың 2-і Италиядан, 2-і Польшадан, 7-і  Кореядан, 1-і Литвадан, 1-і Словакиядан  және  2-і Қазақстандық.

Талдықорған каласында – 6, Қапшағай қаласында-5, Еңбекшіқазақ ауданында-1, Талғар  ауданында-1, Текелі қаласында 2 миссионер тіркелген.

4. Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған 20 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Оның ішінде 8 орында (Алакөл, Ескелді, Панфилов, Жамбыл, Қарасай, Сарқан, Талғар аудандары және Талдықорған қаласы) діни әдебиеттер сатылады.

Есепті кезеңде діни әдебиеттерді және өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың орналасуын келісуге өтініштер түскен жоқ. 

2016 жылдың маусымның 06, 30 күндері Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының шешімімен экстремисттік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, жариялауға және таратуға тыйым салынған материалдар: 672) «Said_ali_komchina»; 673) «Said_verblujua_bitva»;

674) «AlAlmaniya.doc»; 675) «Takfir_otdelnoi_lichnosti»;

676) «Put priziva-Mustafa Mahchur».

5. Рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметі. Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы «Үшқоңыр медресесіне» жүргізілген зерделеу барысында медресенің кітапханасындағы оқулықтардың барлық саны 4917 дана болды. Қазақ тілінде-3553 дана; араб тілінде-418 дана; түрік тілінде-481дана; орыс тілінде-465 дана кітаптар пайдаланылады. Медреседегі оқу курсына қажетті кітапханадағы діни кітаптар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінен сараптамадан өткен. Ал, араб және түрік тіліндегі кітаптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен алынған.

Медресенің директорымен бекітілген студенттердің тізіміне сәйкес

- 1 курста –18;

- 2 курста-13;

- 3 курста-16 студент оқиды.         

         Оқытушы-профессорлар құрамында  16 қазақстандық ұстаздар қызмет атқарады.

6. Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған  үй-жайлардың қызметі. Алматы облысының   2012 жылғы 10 желтоқсандағы №389 қаулысымен   7 намазхана келісілді.

Қазіргі кезде аудан имамдары жергілікті атқарушы органдарда бар ғимараттарды келісу үшін құжаттар жинау бойынша жұмыс жүргізуде.

7. Діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер. 2016 жылы 8 қаңтарда Қапшағай қаласында ҚР ӘҚБК-нің  490 б. 3 б. (діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу) бойынша діни мазмұндағы заттарды рұқсат етілмеген орында сату және заңсыз миссионерлік қызметті атқару дерегі бойынша азамат С.А. Ли әкімшілік жауапқа тартылып, 100 АЕК (198200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

12 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы азаматы                       С.М. Курбанов ҚР ӘҚБК-нің 490 б. 1 б. 3 т. бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 50 АЕК айыппұл төледі.

2016 жылы 3 мамыр күні Ұйғыр аудандық сотында ҚР ӘҚБК-нің 489 б. 10 б. (тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, қатысу) бойынша «Алля-Аят» тыйым салынған қозғалысының қызметіне қатысқаны үшін А.С. Супильярова әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды.

2016 жылы 22 шілде күні Сарқан аудандық сотында ҚР ӘҚБК-нің 490 б. 3 б. бойынша Р.Т. Андакбаева әкімшілік жауапқа тартылып, 100 АЕК айыппұл салынды.

2016 жылы 4 тамыз күні Қарасай ауданында  ҚР ӘҚБК-нің 490 б. 3 б. бойынша заңсыз діни әдебиеттерді сатқаны үшін, азамат Н.У. Кидирова әкімшілік жауапқа тартылып, 50 АЕК (106050 теңге) айыппұл салынды.   

8. БАҚ-тарда мақалалар жариялау жұмыстары. Жүргізілген ақпараттық-насихат жұмысы бойынша облыстық, аудандық БАҚ-тарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған өзекті мәселелер бойынша Алматы облысының дін істері басқармасының, жергілікті атқарушы органдарының, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкерлері, ҚМДБ өкілдері мен православ дінінің өкілдері, тілшілер тарапынан облыстық, аудандық БАҚ беттерінде  9 айда жалпы 874 мақала жарияланды, онын ішінде: 675 мақала мемлекеттік тілде, 199 мақала орыс тілінде. Бағытына қарай бөліп қарастырсақ:  ислам дінінің құндылықтарын насихаттау мақсатында 253, 32 христиан  дінінің мерекелері мен ұстанымдарына арналған; 250 экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтау бағытында, 38 ИШИМ (ДАИШ) террористік ұйымының идеологиясын әшкерелеу, халықтың радикалды сипаттағы идеяларына иммунитетті арттыру мақсатында, 12 Ақтөбе оқиғасы бойынша 24 мектеп формасы бойынша, шет елде білім алу бойынша 2, суицид бойынша 1, 34 террорлық әрекеттерді болдырмау жөніндегі халыққа жадынама, 208 еркін бағытта мақала, 16 мақала сенім телефоны,  2 мақала интернет ресурстарында  жарияланған.

Аталған мақалалардың 202 аудан әкімдері, орынбасарлары, облыстық департамент, басқарма және ішкі саясат бөлім басшылары, 41 жастар ресурстық орталықтарының қызмеркерлерімен, 333 мақала тілшілермен, 100 ҚМДБ-ның өңірлік, аудандық имамдары және христиан дінінің өкілдерімен, 37 оқытушылар, кітапханашылар және жалпы осы тақырыпқа қызығушылық танытқан қауыммен, 43 мақала ғаламтор бетінен, 66 мақала Дін істері комитеті тарапынан және 52 мақала тапсырыс бойынша жарияланған.  

Алматы облысының аумағында өтетін іс-шараларға, кездесу, семинар, дөңгелек үстелдерде халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында  10 бүктеме Дін істері комитетіне дінтану сараптамасына жолданған. Жіберілген бүктелемелер оң қорытындыға ие болып ұсыныстар назарға алынды. Аталған бүктемелер қазіргі уақытта басылымға кеткен. Атап айтқанда:

1. Қызға 40 үйден тыйым

2. «ДАИШ – исламға төңген қауіп»

3. «Дін мен дәстүр сұхбаты»

4. «Діни сауаттылық - қоғамдағы басты мәселе»

5. Қазақ мәдениеті мен ислам құндылығындағы «Жанұя» ұғымы

6. Қазақ мәдениеті – қазақтың дәстүрлі діни танымы»

7.«Жиһад» деген не?

8.Таблиғи жамағат діни экстремистік ұйым

9.Халық даналығынан ұлағатты сөздер

10. Жастарды жат ағымнан сақтайық

АТТ жоспарына сәйкес есепті кезеңнің   9 айында  әр түрлі бағыттағы діни мәселелерге байланысты 35062 материалдар саны шығарылып, өткізілген іс-шараларда тұрғындарға таратылды. «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 20 сұрақ-жауап 6, 7, 8 шығарылым, «Шетін көзқарас дінге жат», «Зайырлы қоғамдағы діни сауаттылық-діни экстремизмнің алдын-алудың негізі» тақырыптарында 14350 дана кітапша, 2950-блокнот, 11801-бүктеме,  2400-бағдарлама, 2800-папка, 750 күнтізбе таратылып, 11 банер орнатылды.

9. Ақпарттық-насихат және түсіндіру жұмыстары.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтары еліміздегі үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға, нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихат түсіндіру жұмыстарын іске асыру үшін құрылған. Тамыз айында ақпараттық-түсіндіру топтарын дін саласында сауаты бар мүшелермен толықтыру мақсатында аудан, қала әкімдіктерінен тізім алынып жаңартылды. Облыс бойынша құрамында  383 мүшесі бар 1 облыстық, 3 қалалық, 16 аудандық 20 ақпараттық-түсіндіру топтары жаңартылып жұмыс жасауда. Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарына: 121 мемлекеттік қызметкер, 20 беделді азамат, 10 денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар,  8 Қазақстан халқы ассамблеясының және этномәдени топ өкілдері, 93 ҚМДБ имамдары және басқада діни бірлестіктердің өкілдері, 22 дінтанушы, исламтанушы, теолог, 33 құқық қорғау органдары қызметкері,   7 мәдениет, өнер және спорт саласының өкілі, 9 ҮЕҰ қоғамдық бірлестік өкілдері, 3 партия жетекшілері мен мәслихат депутаттары, 16 мектеп, колледж директорлары мен мұғалімдері, 20 жастар ұйымдарының өкілі және 21 БАҚ өкілдері тартылған.

2016 жылдың 9 айында облыс бойынша жоспарға сәйкес 69 дөңгелек үстел, 133 семинар, 76 дәріс,  301 кездесу, 22 конференция, 637 сынып сағаты, 13 пікірталас, 6 акция, 1 байқау, 53 отырыс, 1 сауалнама, 2 сұхбат, 2 спорттық іс-шара жалпы  1316 іс-шара өткізіліп, оған 99935 адам қатысты.

2016 жылдың қаңтар- қыркүйек айлары аралығында  жоспарға сәйкес барлығы 93 шара өткізіліп, 15565адам қамтылды.12-дөңгелек үстел,  45-семинар, 2-дәріс, 32-кездесу, 2-рухани іс-шара өткізілді.

Бағытына бөліп қарастырсақ:

1) Студент және оқушы жастармен  жұмыс  бойынша 15 іс-шара өткізіліп - 2632 адамқатысты;

2) Жұмыссыз жастармен - 17 шара, 3096 адам;

3) Еңбек ұжымдарындағы жұмыс-14шара,2501 адам;

4) Бюджеттік мекемелердің қызметкерлерімен жұмыс 11шара, 1485адам;

5) Құқық қорғау органы қызметкерлерімен жұмыс бойынша-10шара, 1326адам;

6) Дінді қатаң ұстанатын тұрғындарымен жұмыс  11 шара, 1813 адам;

7) Ауылдық жерлердегі жұмыс бойынша 15 шара, 2712адам.

АТТ мүшелері жүргізген іс-шараларда қамтылған негізгі мақсатты аудитория: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ЖОО студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, діншіл жамағат, сотталғандар.

10. Шетелдердегі теологиялық оқу орындарында білім алып жатқан Қазақстан азаматтарымен жүргізілетін түсіндіру жұмыстары. Алматы облысы бойынша шетелдердегі діни оқу орындарында оқитын студенттердің саны 49. Атап айтқанда: Мысырда - 23; Түркияда - 21; Пәкістанда - 2; Сауд Арабиясында - 1; Йеменде - 1; Иорданияда - 1 студент оқиды.

Облыс бойынша шетелдерде діни білім алып жатқан 49 студенттің 19 лайықты деп танылмаған оқу орындарында білім алуда.

Шетел діни оқу орындарынан оралған 37 студенттің әрқайсысымен профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, тиісті хаттамалар толтырылып, студенттердің жақын туыстары мен тұрғылықты жері бойынша араласатын топтарымен де әрдайым сұхбат жүргізілуде.

11.Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстан  Республикасында   діни  экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-ның дінтанушы мамандары тарапынан 2016 жылдың басынан Еңбекшіқазақ, Панфилов, Қарасай, Балқаш, Талғар, Ескелді, Жамбыл аудандары мен Текелі, Қапшағай, Талдықорған қалаларында дәстүрлі емес діни ағым «Сәләфизм» сенімін ұстанушы  146,  «Таблиғи жамағаты» ДЭҰ сенімін жақтаушы 71 азаматпен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде  «Сәләфизм» сенімін ұстанушы  146 азаматтың  73-дәстүрлі ислам дінінің ханафи мәзһабына толығымен өтсе, 73 азамат байыпты көзқарастан дәстүрлі исламға бағытталды.

«Таблиғи жамағаты» ДЭҰ сенімін жақтаушы 71 азаматтың  35 адам дәстүрлі ислам дінінің ханафи мәзһабына толығымен өтсе, 36 адам байыпты көзқараста қалғаны анықталады.

2016 жылы Алматы облысы Алакөл, Ескелді, Сарқан, Панфилов, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Ұйғыр, Ақсу, Іле, Кербұлақ аудандары мен Қапшағай, Текелі, Талдықорған қаласына қарасты орталық және ауылдық мешіттерінде облыстық Дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті мамандары мен «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары А.Қуанышбаев, А.Сманов, А.Әділбаев, Р.Батталұлы, С.Құрабанұлы, Б.Алиұлы, С.Тәжібаев, М.Бейбіт, А.Елжанов, Р.Әкімбеков, М.Исаұлы, Б.Әбдуәлінің қатысуымен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсері», «Деструктивті діни ағымдардың кері әсері» ,«Исламдағы адасқан ағымдар», «Ислам және зайырлы қоғам» «Теріс пиғылды діни ағымнан сақтану жолдары» тақырыптарында мешіт жамағаттарымен кездесу өтіп, ДЭҰ «Таблиғи жамағаты» мен дәстүрлі емес діни ағым «Сәләфизм» өкілдері арнайы қатыстырылды. Жыл басынан бүгінгі уақытқа дейін жалғасқан кездесулерде барлығы 5500-ге жуық адам ақпараттандырылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында «Рождество», «Крещение», «Пасха» мейрамдары болды. Талдықорған қаласында «Архангел Михаил» орыс православ шіркеуіне жаңа қоңыраулар орнатылып, «Қоңырауларды қасиетті сумен бүркеу» салтанаты атап өтілді. 7-10 мамыр аралығында Астана қаласында өткен православ жастарының V съездіне Талдықорған қаласының «Иоанно-Богослов приходы» ОПШ-ның жастары қатысты.

Алматы облысы аумағында жастар, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мұғалімдер, тәрбиешілер жалпы халық арасында өткізілген кездесулерде дәстүрлі христиан дінінің іліміне қайшы псевдохристиандық ағымдар жайлы 51 кездесу ұйымдастырылып, жиналған аудитория саны 4010 адам. Кездесулер ауруханаларда, әскери бөлімшелерде, мектеп, колледж, университеттерде, шіркеулерде т.б. мекемелерде өтті. Кездесуді орталық қызметкері, діни экстремизм мен терроризмге қарсы республикалық жастар қозғалысының спикері   А. Шпекбаев өткізді.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап христиан және дәстүрлі емес діни бірлестіктерге жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде  10 протестанттық шіркеулердің қызмет атқарып жатқандығы анықталды. Оның 2-і діни бірлестік болса, қалған 8-і филиал ретінде қызмет атқаруда.  Өзгерістер Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Панфилов  және Қапшағай қалаларында орын алды.

Алматы облысына христиандық бағытта жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде   5 протестанттық бағыттағы шіркеулердің оңалту орталықтары анықталды. Оңалту орталықтары маскүнем, нашақор, бұрын сотталғандарды інжіл арқылы емдеу процесттерімен айналысады.

12.Түзету мекемелеріндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.  2016 жылы Алматы облысының ҚАЖ департаменті, ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті, облыстық дін істері басқармасы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және православтық христиан шіркеуінің өкілдігімен бірігіп түзету мекемелерінде бас бостандығынан айырылған тұлғалар арасында рухани-тәрбиелеу шараларының жоспары бекітілген. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына білімі мен қабілеті бар білікті мамандар (ҚМДБ-ың Талдықорған өңірінен: С.Ахмадиев, М.Ордыбай, Қ.Мүтебаев, А.Оразбаев, Алматы өңірінен: Н.Манапбаев, А.Сейітұлы, Православтық христиан шіркеу өкілдігінен:  Н.Ткаченко, В.Алексеев, Г.Гришанов, В.Глухих, Ю.Харлов, Ю.Дидичин, Е.Постригань) тартылып, ондағы жұмыстар айына  5 реттен (1 рет православтық христиан шіркеуі өкілдігі, 1 рет Қазақтан мұсылмандары діни басқармасының Алматы өңірі бойынша өкілдігі, 3 рет Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі) жүргізілуі жоспарланған. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың діни сауатын арттыру, теріс идеологиядан айнытып, қоғамға бейімдеу, дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын санасына сіңіру мақсатында «фиқһ», «ақида» салаларымен қатар, «Ислам тарихы», «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» тағы басқа тақырыптар аясында арнайы дәрістер өткізу назарға алынған.

2016 жылдың басынан облыс аумағындағы түзеу мекемелерінде 126 іс-шара өтті. Талдау нәтижесі бойынша 24 топтық кездесу Орыс Православтық шіркеуіне, 27 топтық кездесу ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілдігіне, 48 жоспарлы дәріс және 27 кездесу ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігіне тиесілі.

Түзету мекемелеріндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында орта есеппен (138 азамат православтық христиан діні өкілдерін қоса алғанда) орта есеппен 1630-ге жуық адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың 23 маусым күні Іле ауданы Жауғашты ауылында орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түзеу мекемесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілдігімен бірлесе бас бостандығынан айырылған әйелдер арасында Рамазан айына байланысты «Ауызашар» дастарханы жайылды. Аталған игі шараға Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері             Д. Қазыкенов, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің ұстаздары М. Ордабай, О. Хадыс және әйелдер жамағатының ұстазы Н. Ыдырысова қатысты. Сонымен қатар, мамандар тарапынан «Исламдағы бауырмашылық» тақырыбы аясында треннингтер мен викториналық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға діни-танымдық әдебиеттер мен қолөнер шебері арнайы әзірлеген гүлдер таратылды.

Ведомствоаралық есепте тұрған азаматтарды оңалту жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. 2016 жылдың басынан орталықтың дінтанушы мамандары мен мешіт имамдары тарапынан экстремисттік және террористтік әрекеттері үшін сотталған 31 азаматпен жеке (адресный) ақпараттық-түсіндіру жұмыстары  жүргізілді. Нәтижесінде                   9 азамат радикалды көзқарастан байыпты көзқарасқа, 11 азамат  байыпты көзқарастан дәстүрлі исламға бағытталса, 11 азамат  дәстүрлі  ислам дінінің ханафи мәзхабына  өткені белгілі болды.

Сонымен қатар, түзету мекемелерінде экстремисттік немесе террорлық әрекеттері үшін жазасын өтеп, бостандыққа шыққан азаматтармен де нүктелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың  30 мамыр күні Іле ауданы, Чапаев ауылының тұрғыны Шалимбаев Абылайхан Кожаұлымен, 2 маусым күні Панфилов ауданы Көктал ауылының тұрғыны Оспанбеков Төленгитпен мамандар тарапынан жеке сұхбат жүргізілді. Аталған азаматтар уақытында  «Жихадизм» бағытын ұстанып, террорлық топқа жетекшілік етті деген айыппен қамауға алынып, жазасын Қапшағай қаласы, Заречный ауылындағы  ЛА-155/14 жалпы режимдегі түзету мекемесінде өтеген. Кездесу қорытындысы бойынша түзету мекемесіндегі имамдар тарапынан жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары нәтижесінде діни көзқарастары дәстүрлі исламға толығымен өзгерген.

А.ж. тамыз айында дін істері басқармасының қолдауымен А. Шалимбаев Алматы қаласы Шет тілдері және іскерлік карьера университетіне «Дінтану» мамандығы бойынша оқуға қабылданды. 12 тамыз күні «Жетісу» телеарнасы «Иманашар» бағдарламасында сұхбат берді. Сұхбаттың өзектілігі – осы санаттағы азаматтарды тарта отырып, дәстүрлі діннің құндылықтарын, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсатын жалпы халық арасында насихаттау.

Панфилов ауданы Көктал ауылының тұрғыны Оспанбеков Төленгит бүгінгі таңда жеке кәсіппен айналысады. Жекеменшік 15 га жер телімін игеруде. Аудандық әкімдіктің әлеуметтік көмегінен өз еркімен бас тартқан.

13. Сенім телефонының қызметі. «Сенім телефонының 8-800-080-28-95» жұмысы туралы жергілікті тұрғындарға «Жетісу» телеарнасының телемаркеті мен жүгіртпе жолына, облыстық «Огни Алатау», «Жетісу» және аудандық газеттерде ай сайын хабарламалар шығарылып отырады.

Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарға психологиялық көмек көрсету және дұрыс көзқарасқа бейімдеу мақсатында орталықта орнатылған  8-800-080-28-95 сенім телефонына 9 айда  75 қоңырау келіп түсті.

Тақырыптардың бәрі  діни  мәселеге байланысты  болып, қоңырау шалған  азаматтардың басым бөлігі орта жастағылар екендігі анықталды.   Мамандар тарапынан сұрақтарға тиянақты жауаптар берілді. Шақырту мен түсіндіру жұмыстарын талап ететін қоңыраулар болмады. Түскен қоңыраулар діни терминдерге және діни амалдарға қатысты болды. Облыс аумағындағы 3 қала, 16 ауданда халық көп шоғырланатын жерлерге билбордтар орналастыру арқылы халықтың назарына жеткізілуде. Сонымен қатар, орталықтың  2016 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 500 дана жарнама парақшалары шығарылып, тарату назарға алынды.

14. Дінтану сараптамасын жүргізу бағытындағы жұмыстар. Терроризм және діни экстремизм идеяларын уағыздайтын 160 желі дінтану сараптамасына жолданды. Оның 4 Қазақстандық,  90 Ресейлік, 66 шетелдік интернет-сайттары.

 Нәтижесі бойынша 123 желіге теріс қорытынды берілді, 14 желіге қазіргі уақытта дінтану сараптамасы жүргізіліп жатыр. Қалған 23 желіге техникалық ақауларға байланысты сараптама жүргізілмеді.  Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында «Құлшылық пен тіршілік», «Ақиқаты мен жалғаны», «Дін және әйел», «Жалған сәләфилердің сеніміндегі қателіктер», «Дін мен дәстүр»,  «Дорога заблуждений», «Қыздарымызға қырық кеңес», «Жыныспен жиһад жасау исламда жоқ», «Жалған жиһадтан сақ болайық», «Сақтан: жалған дін жарға соқтырар» тақырыптарында 55 бейнеролик пен бейнефильмдер халық назарына ұсынылды. Сонымен қатар, діни сауаттылықты арттыру мақсатында «Құрбан айт мерекесі», «Ислам против терроризма и экстремизма», «Борьба с иллюзией знаний», Террористтік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама», «ДАИШ – исламға жат құбылыс», «Оқушы қыз тәрбиесі орасан зор жауапкершілік», «Адасып жүріп жол таптым», «Бірлікке ұйыған елге береке ұялайды», «Дін көрінгеннің қолжаулығына айналмауы керек», «Нужно остановить! религиовед о противниках переливания крови», «Ситуация с нетрадиционным исламом в Казахстане становится все более опасной», «Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің басталуы», «Инемен құдық қазғандай немесе шетелде білім алу мәселесі» тақырыптарында мақалалар жарық көрді. Жалпы облыс бойынша ресми әлеуметтік желілерге қойылған мәліметтер көзі 960-қа жуық.

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде «Жазасын өтеп шыққан жігіт түзету мекемесінде уаххабилік әдебиеттерге тыйым салынбағанын айтады» атты мақаласы «Қамшы» ақпараттық-порталында жарияланды. Осы бойынша құзырлы органдардың өкілдерінен құрылған жедел комиссия тобы түзету мекемелерінің ішінде орналасқан кітапхана қорына талдау жұмыстары жүргізілгені жайлы ақпарат әлеуметтік желіде орналастырылды.  Түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен ай сайын 5 рет оңалту жұмыстарын жүргізетіні жайлы ақпарат халық назарына ұсынылды.

Арада бірнеше күн өткеннен соң Алматы облыстық ҚАЖ департаментінің орынбасары, Әділет департаментінің полковнигі Б. Жүнісовтің осы мәселе бойынша берген ақпарат көздері ресми парақшаларда орналасты. Берілген мәлімет ішінде дінтану сараптамасынан теріс қорытынды алған әдебиеттер акт бойынша жойылып отыратыны айтылды.

15. Кеңес жұмысы. Жоспарға  сәйкес, жыл басынан бері Кеңестің 1 отырысы өткізілді. Атап айтқанда 2016 жылы 27 мамырында Кеңестің кезекті отырысында Ескелді, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестердің дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру топтардың жұмыстары бойынша және діни ахуал туралы аудан әкімі орынбасарларының есептері тыңдалды. Сонымен қатар, екінші мәселе бойынша Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Талдықорған өңірі өкілдігі тарапынан жастар арасында экстремизм мен радикализм идеяларының алдын алу бойынша атқарылған шаралар және деструктивтік теріс ағым жақтастарымен жүргізілген оңалту жұмыстары туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілі  баяндама жасады.

Кеңестің қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары – Б. Өнербаев облыс аумағындағы діни ахуалдың тұрақтылығын және берілген тапсырмалардың өз мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық ішкі істер департаментіне, жастар саясаты мәселелері   басқармасына,  білім басқармасына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне, Алматы, Талдықорған өңірлерінің өкіл имамдарына тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, 16 аудан, 3 қалада әкімдігінің жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті.

Бұл бағытта жұмыстар ары қарай жалғасын табатын болады.

16. Діни бірлестіктер басшыларының клубы. «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 13 шілде күні сағат 11:00-де «АСТАНА – Қазақстан халқының рухани бірлігінің белгісі» тақырыбында Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының бірінші отырысы өтті.

Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту; әлеуметтік қызмет, бейбітшілік саласында тәжірибе алмасу мақсатында түрлі діни қайраткерлері арасында тығыз байланыс орнатуға ықпал ету; діни экстермизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл ету; қоғамның бірлігі мен татулықты нығайту мақсатында конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогті дамыту жолдары.

Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, басқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер өкілдері, Ардагерлер ұйымының төрағасы, бұқаралық ақпараттық құралдары өкілдері, Ауғанстан Ардагерлер кеңесі өкілі, Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі, өңір дінтанушылары қатысты.

Төраға-модератор ретінде Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының жұмысына Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлы Есдаулетов кіріспе сөзінде дінаралық диалог алаңы туралы айтты. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірінің өкіл имамы С.Ахмадиев, Талдықорған қаласы «Архангел Гавриил храмының приходы» ЖДБ-нің священнигі А. Матлашов, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы А.Идигов өз баяндамаларын жасады.

Клубтың келесі отырысы 2016 жылдың қыркүйек айына жоспарланды.

17. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі.

ҚМДБ-ның өңірлік өкілдіктерімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде:

- аймақта Қасиетті Рамазан айына байланысты күнделікті тарауих намазы мен жұма намаздарына коммуналдық мемлекеттік мекеме тарапынан діни бірлестіктер мен олардың филиалдарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

- ҚМДБ-ның өңірлік мешіттері жанынан аумақтағы барлық мешіттердің қызметі, дін саласындағы өзекті мәселелер және тағы басқа да мәліметтер жарияланып тұратын 1 ғаламтор сайты жұмыс істейді.

- Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің нұсқаушысы  Қ. Мүтебаев облыстық «Жетісу» телеарнасының «Иманашар» бағдарламасын Қасиетті Рамазан айында күнделікті сағат 10.00-де тұрақты жүргізуде. Бағдарламада облыс аумағындағы имамдардың және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дін саласындағы ғалымдар мен сарапшылар, ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің арнайы сұхбаттары беріліп отырады.   

- аймақта Құрбан айт күндерінде жұма намазына «Құрбан айт барша мұсылманның ұлық мейрамы» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

- ҚМДБ–ның ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университетінде экстремизм және жат ағымға қарсы жұмыс атқарып жүрген имамдардың 2- айлық білімін арттыру курсы 02.09.2016 ж.- 02.11.2016 ж. аралығында тегін оқытылуда.

- Алматы облысында2016 жылы қажылыққа Алматы өңірі бойынша 10 имам, Талдықорған өңірі бойынша өкіл иамам С. Ахмадиевтің бастауымен   6 имам қажылыққа барып, парызын өтеп келді.

Алматы облысындағы діни ахуалды талдау барысында, аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың, конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың бар екендігі аңғарылды. Өткізілген іс-шаралар оң нәтиже беріп, тұрғындардың ақпараттық-танымдық деңгейлерін арттыруға игі ықпал етіп отырғандығын байқатады.


     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Орналастырылған күні: 25.10.2016 09:58

Өзгертілген күні: 25.10.2016 10:07:34

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх