Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат


Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде үш бағыт бойынша  17866,4 млн.теңге бөлініп, 2016 жылдың 1 қазанына  8270,0 млн. теңге игерілді (жылдық тапсырмаға 46,3 %).

Бірінші бағыт бойынша 2016 жылға  4040 жұмыс орны құрып, 417 жобаны іске асыруға жалпы сомасы 11309,3 млн. тенге бөлініп, 2016 жылдың 1 қазанына 5298,9  млн. теңге игерілді (жылдық тапсырмаға 46,9 %).

242  жоба  бойынша  жұмыстар  жүргізілуде. Аталған жобаларда 1896 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 1045 адам  жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша 1457 әлеуметтік қатысушыға 5833,0 млн.теңге көлемінде шағын несие беру, 391 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға  17,8 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы филиалымен бірінші транш бойынша бөлінген 521 адамға 1563,0 млн. теңгеге және екінші транш бойынша 852 адамға 3770,0 млн. теңгеге келісімшартқа қол қойылды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына 832 адамға 2417,8 млн. теңге және қайтарылған сомадан 1 адамға  2,8 млн. теңге шағын несие берілді.

Үшінші бағыт  бойынша  жалпы сомасы 706,3 млн. тенге бөлініп, 2016 жылдың  1 қазанына  551,9  млн. теңге игерілді (жылдық тапсырмаға 78,1 %).

Қайта даярлаумен 1272 адам, біліктілігін арттыруға 47 адам, 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздар  арасынан 168 адам қайта даярлаумен, 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлер арасынан 391 адам қайта даярлаумен  қамтылады.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына кәсіптік оқытумен 1883 адам қамтылды. Оның ішінде 1304 адам оқуын аяқтап, 1289 адам немесе (98,8%) тұрақты жұмысқа орналастырылды.  

Жыл басынан нақты әлеуметтік жұмыс орындарына 1009 адам (117,5%), орналастырылды,  жастар практикасына  1377 түлек (127,0%) жіберілді.

 


Орналастырылған күні: 25.10.2016 11:37

Өзгертілген күні: 25.10.2016 17:40:38

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх