Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

 

Облыс бойынша 103 ұлт өкілдері, 71 ұлттық – мәдени орталықтар,  354 үкіметтік емес ұйымдар, 12 салалық кәсіподақ бірлестіктері, 98 бұқаралық ақпарат құралдары, 67 жастар бірлестігі және саяси партиялардың 6 облыстық филиалдары жұмыс атқарады («Нұр Отан», Коммунистік халықтық, «Ақ жол» демократиялық, Жалпыұлттық социал-демократиялық,  «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық және «Бірлік»). Саяси партиялардың арасында  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы белсенділігін көрсетуде.

Алматы облысындағы өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті, қоғамдық-саяси және әлеуметтік ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында  облыстық оперативтік штаб және өңірлік штабтар құрылып, жұмыстарын жалғастырылуда. Сондай-ақ, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларымен, аудан, қалалардың әкімдерімен өткізілетін әр жиында облыстағы қалыптасқан тұрақтылықты сақтау, болуы мүмкін әлеуметтік шиеленістерді алдын алу шараларын жүргізу мәселелеріне баса зейін қояды.

Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысын қамтамасыз ететін аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы қоғамдық келісім кеңестері тұрақты негізде 252 ауылдық округті қамтып, пікірлесу алаңы тұрғысында қызмет етеді.

Қазіргі уақытта оппозициялық құрылымдар белсенділерінің қызметі ерекше назарға алынып, тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Этносаралық қатынастың дамуына әсер ететін теріс үрдістердің алдын алу және болдырмау мақсатында  көпұлтты аймақтар ерекше бақылауға алынған. Осыған орай, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов  аудандарында қоғамдық-саяси ахуалды зерттеу бойынша басқармалар, департаменттер және құқық қорғау органдармен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітііліп, осы жоспар негізінде әр басқарма, департаменттер  өз бағыттары бойынша  рейдтерге шығып, тиісті жұмыстар жүргізді.

Аудандық, қалалық әкімшіліктерден өңірдегі қоғамдық-саяси шаралар туралы, әлеуметтік шиеленіс тудыру қаупі және қоғамдық тұрақсыздыққа әкеліп соқтыруы мүмкін жағдайлар туралы ақпарат әр апта сайын арнайы кестеге сәйкес жинастырылуда. Аудан, қалалардан түскен мәліметтерге талдау жұмыстары жүргізіліп, ай сайын қорытындысы шығарылады. Алматы облысы бойынша қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында 2016 жылдың қыркүйек айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы 12.10.2016 ж. №06-39/9384 аудан, қала әкімдеріне жіберілді.

Бүгінгі таңда этнос өкілдері тығыз қоныстанған аудандарда наразылық пен шиеленіске әсер ететін, сондай-ақ қоғамдық – саяси ахуалды ушықтыратын жағдайлар байқалмады.

Құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында бейнебақылау жүйелерін пайдалану, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарды құру, құқық бұзушылықтарды анықтау және «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде ішкі істер департаменті облыс аумағында кешенді шаралар жүргізуде. Сондай-ақ, өңірдегі  қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында құқық қорғау органдары тарапынан мереке күндері кезекшілік ұйымдастырылып, қоғамдық-саяси тұрақсыздылыққа жол бермеу, заңға қарсы әрекеттерге және санкцияланбаған акциялардың алдын алу мақсатында өңірдегі ішкі істер департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жан-жақты жұмыстар атқарады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің кезекші бөлімінде терроризмге қарсы «қауырт» желі құрылған, қоңыраулар «110» телефон нөміріне қабылданады. Террорлық тұрғыдан осал объектілердің  террорға қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық материалдар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Call-центр телефондарының нөмірлері  орналастырылған.

Қазіргі уақытта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

 

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

  

Соңғы мәліметтер бойынша облыста 354 үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқаруда. Облыста тіркелген  үкіметтік емес ұйымдардың 60 пайызы ауылдық жерлерде қызмет атқаруда.

Салалық ынтымақтастық қағидатын мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы тәжірибесіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобалар конкурстары енгізілген.  2016 жылы ҮЕҰ 129 әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырады. 2016 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау мақсатына 348,480 млн.теңге бөлініп, оның ішінде республикалық бюджеттен 21,535 млн.тг.,  облыстық бюджеттен 326,945 млн.тг. бөлінді.

ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының 5 тарауында көрсетілген бағыттары ескеріліп, сонымен қатар Елбасының және басқа да  жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырмалары есепке алынды. Атап айтсақ, «Қазақстан - 2050» Стратегиялық жоспары негізінде іс-шаралар өткізу және оны насихаттау, Елбасының жыл сайынғы халыққа  Жолдауын насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған, гендерлік саясат туралы және басқа да тақырыпта 4 лот белгіленді. Лот жеңімпаздары «Атамирас», «Славян жастар қозғалысы», «Студенттер одағы» жастар қоғамдық бірлестіктерінің келісім-шарттары бойынша арнайы жүйелі іс-шаралар кестесі әзірленіп, әртүрлі форматта  іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Студенттер одағы» жастар қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған және «100 қадам» Ұлт Жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасындағы, «Мәңгілік ел» мен «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттауға бағытталған Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр, Панфилов, Кербұлақ, Ескелді аудандарындағы 25 ауылдық округтерінде 5  мыңнан астам адам қамтылған автошеру ұйымдастырды. «Атамирас» қоғамдық бірлестігі «ҮЕҰ-дың, журналистер және блогерлердің әлеуетін арттыру мақсатында іс-шараларды өткізу» лот аясында  Талдықорған, Қапшағай қалаларында  «ҮЕҰ-дың мектебі» атты 2 күндік семинар ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Райымбек, Кербұлақ, Қарасай аудандарында, Қапшағай қаласында  жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік қарым–қатынасын жаңа деңгейге көтеру, өзара ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында өңірлік үкіметтік емес форумдары өтті.

Қазіргі уақытта Астана қаласында өтетін VII Азаматтық Форумының қарсаңында облыстық ҮЕҰ-дың форумын өткізу жұмыстары жүргізілуде.                                             

                           

Ақпараттық сүйемелдеу туралы

 

Облыста 98 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқаруда. Оның ішінде 84  баспа, 14 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан  жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты  Жолдауын,  «Ұлт жоспары - бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»  түсіндіру мақсатында   облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар,   құрамында 2385 адамы бар 221  ақпараттық топ құрылып, шығу кестесі бекітілген. Топ мүшелері аудандар мен  қалаларда, елді мекендерде  1715  кездесу өткізді.  Насихат жұмыспен  83271   тұрғын қамтылды. 

Бүгінгі күні  Елбасының Жолдауын, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын, «Ұлт жоспары - бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын»  мақсатында   ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 13 арнайы айдарлар ашылып, 1479  мақалалар жарық көрді.  «Жетісу» телеарнасында  253 сюжет берілді.

Ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Ақпараттық   топтарының 2015 жылғы атқарған жұмыстары туралы, 2016 жылғы арналған басым бағыттары және Қазақстан Республикасының   Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»  атты  Қазақстан халқына  Жолдауын және «Бес институционалдық реформа:100 нақты қадам» ұлт жоспарын   тұрғындар арасында   насихаттау»  атты облыстық семинар – кеңес  өткізілді.  Оған  аудан,  қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлім басшылары, газеттердің бас редакторлары қатысты.

          Облыс орталығында ақпарат  және байланыс қызметкерлері  күні кәсіби мерекесі құрметіне  облыс әкімі  республикалық, облыстық, аудандық  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен   салтанатты  жиын өткізілді.  Жиында журналистер бағалы сыйлақтармен, құрмет грамоталарымен  марапатталынып,  147  БАҚ өкіліне  қаржылай сыйақы  берілді.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде  барлығы 149 спикер сөз сөйлеген 71 брифинг өткізді. Олар  1 брифинг-презентация,  2 баспасөз-мәслихатын ұйымдастырып, 6 республикалық онлайн-конференцияға  қатысты.

БАҚ-да барлығы 305 мақала, 213  сюжет шығып, сайттарда 555 мақала жарық көрді.

Облыс бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау мақсатында  2187 көрнекі - үгіт құралдары орналасқан.

 

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөнінде

Алматы  облысында  ҚР  Президентінің  2016 жылғы  28 наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы мен республикалық шаралар тізбесіне  сәйкес облыста, аудан, қалаларда    іс - шаралар жоспары мен шаралар тізбесі (сетевой график) әзірленді.

Бүгінгі күні мерекеге арналған «дөңгелек үстелдер», семинарлар, акциялар, жиналыстар, кездесулер, фестивальдер, форумдар, салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және т.б. барлығы облыс көлемінде  облыста 15 606 мың. шара өткізіліп, оған  248 мыңнан аса адам қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің   25 жылдығына шараларды ұйымдастыру және  өткізу бойынша комиссия кұрылып, жұмыс тобының отырыстары тұрақты өткізілуде

Тәуелсіздік күні қарсаңында, аудан, қалаларда өткізілген ең  жарқын  іс-шаралардың  бірі «Мәңгілік Ел пойызы», «Болашақ үшін естелік», қоғамдық келісім Кеңестерінің «Ауылым – алтын қазынам» атты форумы, этностардың мәдениет күндері, Тәуелсіз Қазақстанның күнтізбесіне енген жаңа мереке алғыс күніне арналған іс-шаралар жоғары  деңгейде ұйымдастырылды.

Облыс  мұражайларында  тақырыптық  көрмелер,  дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар, кездесулер, фестивальдер, форумдар және басқа да маңызды іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып өтті.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың шілде айында Райымбек ауданында  Ұлт-азаттық  көтерілісінің  100-жылдығына арналған «Тарихқа – тағзым» атты өткізілген мәдени - көпшілік іс-шара кең көлемде аталып өтті, оның аясында «Көркем сөз» байқауы, сурет пен қол өнер көрмесі, республикалық ақындар айтысы мен ат бәйгесінен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.   

Қарасай ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «100 қадам»  Ұлт Жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасындағы Тәуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған, «Мәңгілік ел» мен «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттау мақсатында Алматы облысы бойынша жүретін автошеруінің ашылуы ұйымдастырылды.

         Мерекеге арналған осындай есте қаларлық іс-шаралар ауыл мекендерде. Мысалы, Балқаш ауданының  15 ауылдық округтерінде «Қазақстан - достықтың киелі мекені» тақырыбындағы  достық форумы  жоғары  деңгейде  өткізілді. Кешенді іс-шара «Қамажай» композициясымен ашылып,  өзге ұлт өкілдерімен салтанатты шеруімен жалғасты. Атаулы іс-шара  барысында  өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында  ас тағамдары, киім мен әшекей үлгілері, тұрмыстық заттар көрмелері ұйымдастырылды. Шараға барлық ауыл тұрғындары қатысты.

Облыста ҚР   Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «25 қайырымдылық іс» шарасы аясында «Мектепке жол», «Жүректен жүрекке», «Аялы алақан», «Балаға қуаныш сыйла», «Ардагерлерді ардақтайық» акциялары өткізілуде.


 «25 қайырымдылық іс» шарасы аясында аудан, қалаларда демеушілер тарапынан  әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі  шектеулі,  жалғыз басты  қарт адамдарға, жетім балаларға, барлығы 8136 адамға 84 млн 679 мың теңге қаржылай, көмек көрсетілді.

 «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы  аясында жалғыз басты зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлерінің маңына санитарлық  тазалық жұмыстары жүргізіліп, үй шаруасына  көмек көрсетілді.

Мерейтойлық күніне арналған 19 аудан мен қалалардың жетістіктері мен табыстары қамтылатын  «Тәуелсіздіктің 25 шыңы» атты фотосүрет шығарылады.

Аудандар мен қалаларда «Тәуелсіздік азаттығым – бақ күнім» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы, «Жер Мұрасы», «Ауылым – алтын бесігім», «Тәуелсіз қазақ елі: Бірлігіміз бен ырысымыз сарқылмасын», «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстаным» атты акциялар, фестивальдар ұйымдастырылып,  облыс әкімінің жүлдесі үшін  БАҚ  журналистерінің байқауы, дөңгелек үстелдер легі,  «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым», «Барша ұлтқа құт мекен болған – Қазақ жері» тақырыптарында барлық облыс кітапханаларында кітап көрмелері мен «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» тақырыптарында  көптеген ауқымды,  кешенді мәдени-көпшілік, қоғамдық-саяси іс-шаралар жыл аяғына дейін 93 500 астам адам қамтылатын 537 шара жалғасын табады.

Облыс көлемінде  Ел Тәуелсіздігіне арналған  «25 жұлдызды күндер»  аясында   25 игі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

 Атап айтқанда, «Желтоқсан  қаһармандары» фото көрмесі, «Ұлы даланың - 25 ұлы көшбасшылары» конференциясы,  «Тәуелсіздіктің 25 хиттары» музыкалық фестивалі, республикалық  ақындар айтысы, «Қазақ елі» фильмінің алғашқы  көрсетілімі  және т.б. шаралар.

Мемлекеттік органдардың сайттарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  қоғамдық-саяси шаралар туралы мәліметтер   орналастырылады.

Облыс әкімдігі тарапынан «Алматы облысының  Тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы» атты  тарихи деректі фильм түсірілуде, оның тұсаукесері 2016 жылғы 16 желтоқсанға белгіленді.

Осы бағытта ү.ж 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіздік теңдігім, егемендік елдігім» атты форум өткізіледі, оған 5 000 адам қатысады.


Әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша

 

Жыл басынан талдау және мониторинг бөлімі 7 көпшілік 1 телефон  сауалнама өткізді.  Оларға  9 648  респондент қатысты.

Сауалнамалар нәтижелерін  қорытындылай келе, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті және тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік саясатқа оң көзқараста екендігін атап өтуге болады.

   

  IYтоқсанға арналған  міндеттер

-өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

 -Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарманың құзырына қатысты мәселелері бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

 -.Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттарды өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

 - ішкі саясат саласында өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;   

  - өңірдегі ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдау жүргізуді қамтамасыз ету;   

   - азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

- .өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.

 

 


Орналастырылған күні: 25.10.2016 17:07

Өзгертілген күні: 25.10.2016 17:09:16

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх