Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

2016 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға 1 802 015,0 мың  теңге  қаржы бөлініп, жыл басынан 1 422 109,5 мың теңге қаржысы игерілді.

Алматы облысы аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары ошақтарының пайда болуы жағдайына жүргізілген талдаудың нәтижесінде ағымдағы жылы, жануарлардың  індетті  ауруларының 10 ошағы тіркелінген. Олардың 5-і құтыру ауруынан (1 жылқы, 1 МІҚ, 3 ит), 2 МІҚ инфекциялық ринотрахеиттен, 1-МІҚ малының листериозынан, 1- МІҚ пастереллезінен, 1- МІҚ қарасаннан. Тіркелінген ошақтарта тиісті ветеринариялық сауықтыру шаралары атқарылып, эпизоотиялық ахуал қалыптастырылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жоспарлы бруцеллез ауруына жүргізілген   серологиялық    зерттеулердің    нәтижесінде  1 033  бас   ірі  қара,  5 157 бас ұсақ малдың бруцеллез ауруына оң белгі бергені анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау ережелеріне сәйкес,   іс- шаралар  жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мамандары мал базарларының тазалығы мен келген малдарды ветеринариялық бақылаудан өткізу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы малдары мен өнімдерінің қозғалысын қадағалауға алу жұмыстарын ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бірлесіп жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қорға енгізілгені: 1 098 895 бас мүйізді ірі қара, орындалуы 101,4%; 3 918 589 бас ұсақ мүйізді мал, орындалуы 96,1%;  109 959 бас шошқа, орындалуы 99,3%;  308 191 бас жылқы, орындалуы 97,8%;  6 108 бас түйе, орындалуы 85,4% құрайды.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы қондырылған 253 компьютердің интернет желісімен қосылуы толық қамтамасыз етілген.

 Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімі арасындағы  келісімге сәйкес, облыс бойынша барлығы 141 мал сою орындары бар,  яғни 23 мал  сою  пункті,  118 алаң  бар. Оларда  жыл басынан барлығы 26 608  бас мүйізді  ірі  қара, 59 228  бас  ұсақ  мүйізді  мал, 4 844    бас  жылқы, 83 094  бас  шошқа  сойыстан  өткізілді.

Облыс бойынша ішкі сауда орындарында сатылуға түскен ауыл шаруашылық жануарларының ұшалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінің саны бойынша 26 608 мүйізді ірі қара ұшасы,  59 228 ұсақ мүйізді мал ұшасы, 4 844 жылқы ұшасы, 83 094 шошқа ұшасы, 896 163 дана жұмыртқа және 346 201 кг балық ветеринариялық-санитариялық зертханаларда сараптамадан өткізілген.

Қажетті болып танылған 254 типтік үлгідегі мал қорымдарынан бары 135. Оның сыртында қарапайым үлгіде 212 қорым бар. Сонымен қатар, 20 жылжымалы, 6 стационарлық биологиялық қалдықтар мен мал өлекселерін өртеу арқылы жоюға арналған инсинераторлармен қамтамасыз етіліп, қолданысқа пайдаланылуда.

 2016 жылы босқын жүрген ит, мысықтарды аулау және жою жұмыстарын жүргізу үшін  облыстық бюджеттен 57 800,0 мың теңге қаржы бөлініп,  35 448,8 мың  теңгеге 19 955 ит, 244 мысық ауланып, жойылды.

 


Орналастырылған күні: 24.10.2016 15:22

Өзгертілген күні: 24.10.2016 15:24:15

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх