Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2016 жылдың 9 айлық кезеңінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын жақсартуға, сәулет және қала құрылысы саласында қатысушылармен мемлекеттік стандарттар мен нормативті құжаттардың сақталуына бағытталған нақты жұмыстар атқарылды.

«Жол картасы 2020», «Қолжетімді баспана 2020», «Ақбұлақ», «Нұрлы жол» бағдарламаларымен және құрылысы жүріп жатқан, қайта жаңартылатын, күрделі жөндеуден өткізілетін нысандарды, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын, инфрақұрылым нысандарын, жол сервисін жақсарту мақсатында Басқарманың жұмыс жоспары жобаланып, бекітілген.

Өзінің міндеттерін атқару барысында Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен 2016 жылы 9 айдың ішінде бақылаудың және қадағалаудың өзге нысаны бойынша 1034 ұйғарым беріліп, сонымен қатар, 216 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша 1092 әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде облыстың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік және аудандық соттарына 242 әкімшілік іс жолданды.

145 субъектілер соттармен әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттерін жасаған деп танылып, оның ішінде, лицензия қызметін тоқтата тұру арқылы 1 субъект, құрылыс нысаның мәжбүрлеп бұзу арқылы 1 субъект, белгілі бір қызмет түріне рұқсатты тоқтата тұру арқылы 2 субъект, сонымен қатар, жобалау қызметіне лицензиясын қайтарып алу арқылы 2 субъект, барлығы 8 340 830 теңге сома көлемінде айыппұл төленді.   

Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен 850 әкімшілік іс қаралды, барлығы 79 685 191 теңге сома көлемінде.

Сонымен қатар, техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызмет атқаратын 15 сарапшы жіберген заң бұзушылық әрекеттері үшін техникалық қадағалауға құқық беретін сарапшы аттестатының қолданылуын 6 ай мерзіміне тоқтата тұрып 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Айтбалаев Н. А., Абуталипов Н. Б., Омирбеков Т., Абуталипов Н. Б., Белеуханов С. Р., Барыкин Д. Л., Кажиев А., Сансызбаев Б. К., Коскенов Р. И., Тумабаев К. К., Турлыбеков А. К., Косатый В. В., Айнакулов К. С., Квас И. А., Кожахметов С.М.).

Авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызмет атқаратын 5 сарапшы жіберген заң бұзушылық әрекеттері үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Танская Н., Давлетов М. Е., Ошанов А. Е., Молдахметов Ч. М., Чакаров К. Б.).

Жобалау қызметін жүзеге асыратын 11 жобалау ұйымдары жобаларды іске асыру барысында жіберген ақаулары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды («ГЕОДЕЗИЯ-ПВ» ЖШС, «Проект «Аида» ЖШС, «Ase и К» ЖШС, «Энергохолдинг LTD» ЖШС, «AKSU BUILDING KAZAKHSTAN» ЖШС, «Вектор-Проект Жетысу» ЖШС, «ЖетысуГипроСтрой» ЖШС, «Корган Геодезия» ЖШС, «ИКАР-СТРОЙ» ЖШС, «Proekt StroyEnergo» ЖШС, «ИКАР-СТРОЙ» ЖШС – 312-баптың 2-тармағы бойынша сотқа жолданды).

Құрылыс материалдарын қолдану және сапасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында жіберген ақаулары үшін 11 мердігерлік ұйымдар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 312-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Алматы облысының соттарымен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқару нәтижесінде Басқарманың бастамасымен салынып жатқан нысандарды өз бетінше салынып жатқан құрылыс деп тану және шығындарын өздері өтеу арқылы бұзу туралы азаматтық соттың қарастыруына 6 талап арыз «Ордалиева С.» ЖК (көп функционалды орталық), «Цой И» ЖК (кеңсе құрылысы), «Ержуманов С.» ЖК (ТЖО, көлік жуу), Ким В.(қойма бөлімі), Жаманбалин С. (мейрамхана), Қабылбекова Н. (тұрғын үй) қатысты  жолданды.

Сот шешімімен «Ордалиева С.» ЖК, «Цой И» ЖК, «Ержуманов С.» ЖК, Ким В. қатысты Басқарманың талап арыздары қанағаттандырылып, құрылыс нысандары өз бетінше салынып жатқан құрылыс деп танылып, шығындарын өздері өтеу арқылы бұзу міндеттелді. Қазіргі таңда, сот шешімдері орындалып, аталған нысандар бұзылды.

Ұйғарымды орындау бойынша мемлекеттік нормативтерден ауытқуларды анықтау барысында 12 нысан демонтаждалды, олар:

-        Талдықарған қаласы, Шевченко-Тәуелсіздік көшесінің бойындағы фонтанның құрылысы;

-        Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесіндегі супермаркеттің жапсарлас құрылымы;

-        Қарасай ауданы, Алматы –Бішкек трассасы бойындағы тұрғын үй;

-        Алакөл ауданы, Алакөл көлі жағалауындағы екі тұрғын үй;

-        Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Подгорная к-сі, № 2/1 монша құрылысы (нысан иесі Майданқызы Ж.). 30.06.2016 жылғы № 727 ұйғарым.

-         Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Бейсеуов к-сі, № 11 тұрғын емес ғимараттың құрылысы (нысан иесі Минор В.). 30.06.2016 жылғы № 729 ұйғарым.

-        Талғар ауданы, Алматы-Талғар трассасының бойында кафеге 2 жапсарлас құрылымдарының құрылысы;

-        Талғар ауданы, талғар қаласында 3 дүкендердің құрылысы.

Басқармамен 2016 жылдың басынан барлығы 728 өз бетінше салынған құрылыс фактілері анықталу нәтижесінде оларға әкімшілік айыппұл түрінде 54 164 237 теңге сомасында әкімшілік шара қолданылды.

 

Басқарманың 2016 жылдың басынан жұмысы аралығында лицензиялау және аттестаттау бөліміне лицензияны алу және қайта ресімдеуге 352 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

-        Қанағаттандырылды: 183;

-        Бас тартылды: 161 (оның ішінде: 67 – біліктілік талаптарына сәйкес келмегендігі үшін және 94 – құжаттарының толық болмауынан).

-        Қарастырылуда: 8.

Берілген лицензиялар саны 112 және қайта ресімделгендер 71. Оның ішінде:

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша - 129:

І санат бойынша – 14 (берілгендер-9, қайта ресімделгендер - 5);

ІІ санат бойынша – 42 (берілгендер-16, қайта ресімделгендер - 26);

ІІІ санат бойынша – 73 (берілгендер -52, қайта ресімделгендер – 21);

Жобалау қызметі бойынша - 43:

І санат бойынша – 5 (берілгендер-3, қайта ресімделгендер - 2);

ІІ санат бойынша – 13 (берілгендер-8, қайта ресімделгендер - 8);

ІІІ санат бойынша – 25 (берілгендер-17, қайта ресімделгендер – 8);

Іздестіру қызметі бойынша – 11 (берілгені -7, қайта ресімделгені - 4).

2 өтініш лицензияның және (немесе) қосымшасының қызметін тоқтатуға келіп түсті.

Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестатын алуға 224 өтініш келіп түсті, оның ішінде тестілеуге жіберілгендер – 213, жіберілмегендер – 8, бас  тартылғандар – 3.

Аттестатталып және  аттестат берілгендер 124, оның ішінде:

Техникалық қадағалау бойынша – 104;

Авторлық қадағалау бойынша – 1;

Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша  – 12;

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыру бойынша  - 7.

Аттестатталмағандар – 59.

Тестілеуге келмегендер – 30.

Алматы облысы бойынша барлығы 2723 лицензиат.

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасының өзгеруіне қатысты қосымша айта кетсек, олар:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен объектілерді пайдалануға қабылдау жүйесі реформаланды.

Осы Заңмен комиссия арқылы нысандарды пайдалануға қабылдау алынып тасталып, насындарды пайдалануға декларативті тәсілмен қабылдау механизмі енгізіледі, яғни, нысандар бекітілген үлгілерге сәйкес құрылысқа тапсырыс берушілер мердігерлермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен бірлесіп мемлекеттік мемлекеттік органдардың қатысуынсыз пайдалануға қабылданатын болады. Аталған механизм 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.

Осы нормативтік актіде мақсатты тағайындауға сәйкес, жеке меншік жерлерінде өз бетімен салынған құрылысты пайдалануға қабылдау кезінде сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттік механизмі қаралмағандықтан, қазіргі таңға дейін өз бетімен салынған нысандарды пайдалануға қабылдау тәртібін реттейтін нормативтік құжаттар жоқ.

Яғни, құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын құрылысы қызметінің субъектілерінің барлығы ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарынан жерге құқық беретін шешім алу, сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу (ЖСҚ), жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысын алу, мердігерлік ұйыммен, сонымен қатар, авторлық және техникалық қадағалаушылармен келісім жасау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға беру жолдарынан өтуі тиіс.      

Сол жағдайда ғана заңмен бекітілген тәртіп арқылы нысан пайдалануға қабылданады.

Басқа жағдайларда, өз бетінше салынған құрылыс нысаны салған тұлғамен немесе шығындарын өздері өтеу арқылы бұзу Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 244-бабының 1 және 2 тармақтарымен көзделген.

Өз бетімен салынған құрылыс нысандарын  олардың қандай мақсатта тағайындалуына қарамастан пайдалануға қабылдау мәселесі кең таралған. Аталған құрылымға пайдалануға қабылдау актісін жергілікті атқарушы органдардан алу мүмкін емес, өйткені құрылыс келесілмеген және өз бетімен салынған нысан иесінде бастапқы рұқсат беру құжаттары жоқ. Аталған жағдайда өз бетімен салынған құрылыс нысанына меншік құқықығын тек сот жүзінде жүзеге асыруға болады.

 

Басқарма құрылыс саласындағы атқарып отырған жұмыстары құрылыстың өз деңгейінде сапалы болуы, халықаралық стандарттарға сай орындалуы, соның негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосу үшін төмендегідей міндеттерді жоспарлайды:

- Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің саясатын, сәулет-құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты бағынысты аумақта жүргізіп отыру;

- Бағдарлама әкімшілерінің (тапсырысшылардың) жауапкершілігін арттыру, құрылыс заңдылықтары мен нормативтік құқықтық құжаттар талабының сақталуын қадағалау;

- Облыс көлеміндегі құрылыс саласына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын қамтамасыз ету;

- Басқарманың атқарып отырған жұмыстары жайлы халық арасында кең насихатталуын жергілікті бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

- Басқармаға жолданған арыз-шағымдардың уақытылы және нәтижелі орындалуын қамтамасыз ету;

- Басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыру мақсатын да семинар сабақтар өткізіп отыру, басқа облыстардағы әріптестермен тәжірибе алмасу.

Жалпы, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы өз құзіреті шегінде Алматы облысындағы құрылыс саласының заман талабына сай дамып отыруына және мемлекеттік қаражат есебінен салынатын құрылыстардың сапалы болуына қатысты бақылау мен қадағалау жұмыстарын одан әрі жалғастыра беретін болады.


Орналастырылған күні: 26.10.2016 10:41

Өзгертілген күні: 19.01.2017 14:22:37

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх