Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -15 oC

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат


Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, облыста   105 этнос өкілдері тұрады. Жалпы 23 облыстық этномәдени бірлестігі мен олардың  аудандардағы - 38 және қалалардағы  10 филиалдары (жалпы саны –71)  тіркелген.

Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында тұрақты негізде  ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, этномәдени орталықтар, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі» және «Бірлік» жастар қауымдастығы, жетекші журналистер клубы, «Парасат» тіл жанашырлар клубы, сондай-ақ «Өрнек» би ансамблі, “Полония” вокалды тобы,  «Көркем-ай» өнер-тәлім отауы, «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі, «Melоdi Kids» ән студиясы жұмыс істейді.

Биыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени орталықтардың барлық ресурстарын жұмылдыра отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жыл басынан бері  түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылуда.

Атап айтар болсақ:

3 – акция: «Ақ орамал», «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

2 – мега жоба: «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы», «Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат».

2 – кеңейтілген отырыс: Шанханай ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы, «Орталық Азия: өңір халықтарының ынтымақтастығы мен келісімі» атты жалпы отырысы

3 – форум: «Астанам – мақтанышым!», «Ата заңым айбыным», «Қарттарым аман-сау жүрші»

1 - фестиваль: Достықта жоқ шекара» атты шекара аймақтық ынтымақтастық бойынша IV халықаралық фестивалі

4 – кездесу жиын: Панфилов,  Ұйғыр, Райымбек аудандарында  Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерімен және «Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат» жобасы бойынша кездесу

1 -  семинар: Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету.

1-дөңгелек үстел: Тіл тұтастығы – ел тұтастығы

Шілденің 5 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Астана күніне арналған «Астанам–мақтанышым!» мәдени-танымдық форумы өтті;

Шілде айының 9 жұлдызында Алматы облысына жұмыс сапармен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Р.Ким, Ш.Нұрымовтардың Панфилов ауданы Жаркент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.

 

12 - 14 шілде күндері «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында, халқымыздың бірлігін, қоғамдық және этносаралық татулық пен мәдениеттін нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін көтеру, олардың жұмысын әрі қарай дамыту мақсатында Ұйғыр, Райымбек аудандарында Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

25 шілде күні Кербұлақ ауданында Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейіне барып, Шанханай ауылдық окургінде Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы ұйымдастырылып,

26-28 шілде күндері аралығында Ақсу,  Сарқан ауданы, әкімі Е.Қошанбеков, және Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.Абдинов және Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, учаскелік полиция, дін, жастар ресурстық орталығының, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, Аналар кенесі төрайымдарының қатысуымен «Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат» жобасы бойынша кездесу өтті.

12 тамыз күні «Тілдерді үйретудің заманауи әдістерін енгізу» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: мемлекеттік тілді үйрету және аймақта тұратын барлық этностар мен этникалық топтардың тілдерін үйренуді қолдау.

Тамыз айында республикалық «Ақ орамал» акциясы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстың барлық өңірлерінде 150 шара ұйымдастырылып, 38500 ана қатысты.

Қазақ тарихында ақ орамал үлкен философиялық мәнге ие. Ақ түсті халқымыз тазалықтың, адамның ақыл-ойы мен жан дүниесінің пәктігі ретінде таныған. Сонау ықылым замандарда ел мен ел арасындағы дауды аналардың басындағы ақ жаулықты шешіп, ортаға тастау арқылы тоқтатып, талай қантөгістің алдын алған. Міне осындай ізгі дәстүрді ел есіне оралту арқылы қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау көзделген.

Алматы облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында  облыстық Аналар кеңестерінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясын  шілде-тамыз айлары аралығында аудан, қалаларда және ауылдық округтерде бастау алды.

Акцияның мақсаты – елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.

«Ақ орамал» республикалық акциясын Алматы облысы бойынша   1 облыстық деңгейде, 16 аудан орталықтарында, 3 қалада, 130 ауылдық округтерде барлығы 150 шара ұйымдастырылып, 38500 адам қатысты.   Аталған  барлық шаралар облыстық ҚХА-ның сайттарында, БАҚ беттерінде жарияланып, облыстық, республикалық телеарналары мен  облыстық, аудандық газеттер арқылы жұртшылыққа кеңінен насихатталды.

 

24 тамызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  Конституция күніне арналған «Ата заңым – айбыным!» форумы өтті.  

Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен  «Олимпиядалық жаз – Ел Рухы» атты фестиваліне Алматы облысының атынан Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Е.Нұрғалиевтың ұйымдастыруымен 7 спорт түрінен 56 кәсіби емес спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте облыс спортшылары 146 ұпай санымен жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды.

 «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында аудан, қала көлемінде әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған 5825 балаларға 75 581 783 (жетпіс бес млн.  бес жүз сексен бір мың жеті жүз сексен үш мың) теңге көрсетілген көмек көрсетілді.

Ата-бабаларымыз сан ғасырлардан бері армандаған Тәуелсіздіктің 25-жылдығы сәт сайын жақындап келеді. Осы ұлық мерекенің аясында 2016 жылғы 13-17 қыркүйек аралығында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы «Достықта жоқ шекара» атты шекара аймақтық ынтымақтастық бойынша IV халықаралық фестивалін өткізу үшін бауырлас Қырғыз еліне барып қайтты.

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

24 қыркүйек күні   Тілдер сарайында «Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық жобасының «Орталық Азия: өңір халықтарының ынтымақтастығы мен келісімі» атты жалпы отырысы болып өтті.    

Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев,   «Жібек жолындағы жүздесулер» халықаралық жобасының жетекшісі,  қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, Қазақстанның  белгілі ғылым қайраткерлері, Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Голландия мен Қытайдан келген жетекші сарапшылар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының  Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері, ҚХА кафедраларының өкілдері,  этномәдени бірлестіктер өкілдері,  БАҚ өкілдері қатысты.  

27 қыркүйек күні «Авив» еврей мәдени-қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен  халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарым аман, сау жүрші!» атты форум өтті.

28 - 30 қыркүйек аралығында «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін   арттыру   мақсатында ҚР  Президенті жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің бастамасымен «Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету» бойынша өңірлік семинар өтті.

Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар облыстық ҚХА-ның, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының» сайттарында, БАҚ беттерінде жарияланып, облыстық, республикалық, ұлттық арналарда, әлеуметтік желілерде таратылды. Облыстық «Жетісу» телеарнасында облыстық Ассамблея мен этномәдени орталықтарының жұмысын, этностардың мәдениетін, дәстүрін насихаттайтын «Единый народ» циклды телехабары апта сайын шығарылып тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле береді.


Орналастырылған күні: 26.10.2016 10:53

Өзгертілген күні: 26.10.2016 10:55:08

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх