Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Облыстың жер қоры 2015 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша  22 356,0 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары -   15 848,0 мың га, оның ішінде егістік - 1 085,1 мың га, суармалы егістік - 480,7 мың га, көпжылдық екпелер - 30,9 мың га, тыңайған жер - 89,5 мың га, шабындық - 469,0 мың га, жайылым - 14 166,4 мың га және бау-бақша мен қызметтік мақсаттарға арналған жер - 7,1 мың га.

Облыс бойынша 2016 жылдың 9 айында  кіші және орта бизнестің дамуына жалпы ауданы 50 мың 713 га жерде 223 жер учаскесі, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісі үшін 162 жер учаскесі, ауданы 50 мың 691 га, коммерциялық мақсаттарға, ауданы 21,9 га болатын 61  жер учаскесі бөлінді.

Ауыл шаруашылық емес мақсаттарға өтеулі негізде жалпы құны 171 млн 193 мың 200 теңге болатын 61,4 га жерде 201 жер учаскелері берілді.

2016 жылдың 9 айында  148 млн 796 мың теңгеге 10 мың 007 га жер сатылды (суармалы егістік –481 га, тәлімді егістік – 443 га,  шабындық – 50,0  га, жайылым – 9 мың 34 га).

Облыс бюджетіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерді сатудан, жалға беруден және жер салығын жинаудан 2016 жылдың   9 айында  1 млн 471 мың теңге, соның ішінде жер салығын жинаудан 439 млн 102 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерді сатудан 923 млн 759 мың теңге, жер учаскесін жалға беруден 108 млн 574 мың теңге түсті.

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2011 жылғы 17 сәуірде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының № 01-7.4 хаттамасының  12-тармағын орындау мақсатында 2011-2015 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ревизия жүргізілген.

Нәтижесінде облыс бойынша барлығы 1 019,8 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 347,13 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 305,516 мың га ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, 542,97 мың га жер пайдаланушылармен игерілді, 31,73 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке алынды. Қалған 67,98 мың га жердің материалдары жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен қаралып, заң бұзушылықты жою жөнінде нұсқамалар берілді.

Атап айтсақ, облыстың барлық аудан (қалаларында) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ревизия жүргізу бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялармен 2015 жылы барлығы 272,73 мың га игерілмей жатқан жерлер анықталды (оның ішінде: 36,0 мың га - тәлімді егістік, 19,0 мың суармалы егістік, 213,0 мың га - жайылым, 4,1 мың га шабындық).

Қабылданған шаралар нәтижесінде:

- 31,41 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды;

- 141,60 мың га жердің иелері жерлерін пайдалануға кірісті;

- 31,73 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке алынды;

- 67,98 мың га жердің материалдары жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен қаралып, заң бұзушылықты жою жөнінде нұсқамалар берілді. Берілген нұсқамалардың орындалуын қадағалау мақсатында ағымдағы жылы бақылау тексерулер жүргізіледі.

2015 жылы жүргізілген тексеріс бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басым бөлігі (231, мың га, немесе 84,7%) облыстың 5 ауданында (Ақсу-119,9 мың га, Алакөл-29,1 мың га, Жамбыл-22,8 мың га, Қаратал-32,7 мың га, Райымбек-26,4 мың га) анықталған.

Бұдан бөлек, 2016 жылғы 15 наурызындағы № 31  облыс әкімінің өкімімен облыс аумағында ауыл шаруашылығы, коммерциялық мақсатындағы жерлерге, жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін комиссия құрылып, іс - шаралар жоспары бекітілді.

Бүгінгі таңда аталған комиссия жұмысы нәтижесінде пайдаланылмай жатқан көлемі 643,51 га құрайтын 1179 жер учаскесі анықталған. Оының ішінде 257 жер учаскесі (29,36 га) жеке тұрғын үй құрылысы үшін және 910 (628,08 га) коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері.

Сонымен қатар, іс-шараны орындау мақсатында 2016 жылы аудандық, қалалық жұмыс топтарымен 57,1 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды (7,1мың га суармалы егістік, 9,83 мың га тәлімді егістік, 39,9 мың га жайылым, 0,2 мың га басқа жерлер).

Қабылданған шаралар нәтижесінде 0,01 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, 2,65 мың га жердің иелері жерлерін пайдалануға кірісті, 3,87 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке алынды, 50,64 мың га жердің материалдары жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен қаралуда.

Аталған бағыттағы жұмыстар облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен атқарылуда.

Тұрақты жұмыс комиссиялармен пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

 

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль жолы

Құрылыс белдеуіне 949 жер учаскесі енген (3 143,2 га), оның  179 учаскесі (1 988,02 га) мемлекет меншігінде. Қазіргі таңда барлық жер учаскелері 5,5 млрд. теңгеге сатып алынды. Жол белдеуі автомобиль жолының құрылысы үшін босатылып, сатып алу жұмыстары аяқталды.

 

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы»

Автомобиль құрылысы белдеуіне 939 жер учаскелері енген (690,6 га), оның сатып алуға жататыны 722 учаске (639,08 га), (Іле ауданы - 197 уч., Талғар ауданы - 186 уч., Қарасай ауданы - 339 уч.).

Жер учаскелерін иеліктен шығару барысында 580 жер учаскесі (334,2 га) жалпы сомасы 9,2 млрд. теңгеге сатып алынды (Қарасай ауданы - 232 уч., Іле ауданы - 188  уч., Талғар ауданы -160 уч.), 27 жер учаскесінің меншік иелеріне тең бағалы жер учаскелері берілді (Талғар ауданы), 114 жер учаскесі жер пайдаланушылармен мемлекет меншігіне өз еркімен қайтарылды (Қарасай ауданы - 79, Іле ауданы - 9, Талғар ауданы -26).

Қалған 1 жер учаскесі (Қарасай ауданы) сот қарауында.

 

«Алматы-Қапшағай» автомобиль жолы

Автомобиль жолының құрылысына қажетті жер учаскелерінің жалпы саны - 129 (76,9 га), оның 46 жер учаскесі мемлекет меншігінде (Іле ауданы-44, Қапшағай қаласы - 2), 83 жер учаскесі (40,81 га) сатып алуға жатады (Іле ауданы-75, Қапшағай қаласы - 8), оның 55 жер учаскесі 1 465,98 млн.теңгеге сатып алынған (Іле ауданы), 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды (Қапшағай қаласы - 6, Іле ауданы-11), 11 учаскенің меншік иелеріне тең бағалы жер учаскелері берілді (Іле ауданы - 9, Қапшағай қ. - 2). Жер учаскелерін иеліктен шығару жұмыстары аяқталды.

«Алматы-Өскемен» автомобиль жолы

Автомобиль жолының құрылысына 227,62 га құрайтын 204 жер учаскесі түседі (Ескелді ауданы - 33 Көксу ауданы - 145, Талдықорған қ. - 1, Кербұлақ ауданы - 25). Оның 196 жер учаскесі (215,42 га) сатып алуға жатады, 8 жер учаскесі (4,26 га) 15,8 млн. теңгеге сатып алынды, 97 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды (Талдықорған қаласы - 1, Кербұлақ ауданы-11, Көксу ауданы - 85), 17 учаскенің меншік иелеріне тең бағалы жер учаскелері берілді (Кербұлақ ауданы - 2, Көксу ауданы - 15).

Жол белдеуі Бақтыбай және Балпық би ауылдарын айналып өтетіндігіне байланысты айналып өтетін жол белдеуіне 74 жер учаскелері түседі (Ескелді ауданы-33, Көксу-41).

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің (ҚР Көлік және коммуникация министрлігі) «Қазавтожол» АҚ ұсынысына сәйкес «Алматы-Өскемен» автомобиль жолының Балпық би және Бақтыбай ауылдарын айналып өтетін нұсқасы қазіргі уақытта жобалаушы компаниямен пысықталуда.

Кербұлақ ауданы және Талдықорған қаласы бойынша жер учаскелерін иеліктен шығару жұмыстары аяқталды.

 

«Ақбұлақ-Бірлік-Талғар» автомобиль жолы

2015 жылдың 20 мамырында «Жер ҒӨО» РМК АОФ Алматы бөлімшесі дайындаған жер экспликациясына сәйкес автокөлік жолы құрылысына 218 жер учаскесі (көлемі 52,6203 га) түсетін. Оның ішінде сатып алынатын 186 жер учаскесі жалпы бағалау құны  276 млн 271 мың 954 теңгеге бағалау жұмыстары жүргізілген.

Қазіргі уақытта жол жобасын жобалаушы компания «Алматы Жоба» ЖШС-нің жол жобасына өзгерістер енгізуіне байланысты «Жер ҒӨО» РМК АОФ Алматы бөлімшесімен  дайындаған жаңа жер экспликацияға сәйкес жол құрылысына 192 (көлемі 45,26 га) жер учаскесі түсетіні анықталды.

Сонымен бірге, бұрын экспликацияда болған 36 (көлемі 2,8170 га) жер учаскесі қысқарып, экспликациядан алынған.

192 жер учаскесінің 31 жер учаскесі (көлемі 2,9466 га) мемлекеттік жер пайдаланушылар болуына байланысты сатып алуға жатпайды.

Қазіргі уақытта сатып алынатын 161 (көлемі 20,67 га) жер учаскесі анықталды.

Оның ішінде:

- 53    жер учаскесі (көлемі 8,55 га) сатып алынды құны 198 млн 092 мың 568     теңге.

- 22 (көлемі 2,4951 га) жер учаскесінің келісімі алынған (бағалау сомасы 4 млн. 121 мың 898 теңге).

- 23 (көлемі 4,9023 га) жер учаскесі (бағалау сомасы 25 млн. 837 мың мың 948 теңге) сот қарауында. 

-       52 (көлемі 4,0502 га) жер учаскесі тең бағалы жер учаскесіне келіскендер.

-       11 (көлемі 0,3100 га) жер учаскесінің меншік иелерімен келіссөздер жүргізілуде.

 


Орналастырылған күні: 24.10.2016 15:53

Өзгертілген күні: 26.10.2016 15:22:48


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх