Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыстары жылдық жоспарына сәйкес атқарылуда.

Мәдениет, мұрағат  мекемелерінің желісі – 563 нысанды құрайды.

Оның ішінде: 246 мәдениет үйлері мен клубтар, 268 кітапхана, 21 музей, 2 галерея, 19 мұрағат, 5 облыстық мәдениет мекемелері және2 видеомобиль. Мәдениет саласындағы қызметкерлер саны бүгінгі күнде 2900 адамды құрайды.

Мәдениет, архив мекемелеріне 2016 жылға 4 812 100 мың теңге бөлініп отыр.

Бүгінгі күнге 2016 жылы  мәдениет   нысандары   бойынша  күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 434 млн. 699 мың теңге бөлінген, 4 объектіде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар:Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейі, «Черкасск қорғаны» музейі, Кеген аудандық мәдениет үйі, Мамбет ауылдық мәдениет үйі.

Жыл басынан бері облыс бойынша 35 187 шара ұйымдастырылып, оған 6 065 091 адам қатысты. Есепті мерзімде 20 874 теңге ақылы қызмет көрсетілді.

Қаңтардан қазан айы аралығында облыс бойынша М.Мақатаевтың 85 жылдығына ІХ «Жырлайды жүрек» облыстық әншілер байқауы, Қазақстанның халық артисі, әнші Зейнеп Қойшыбаева атындағы «Жауқазындай жайдарлы үн» облыстық жеке әншілер байқауы, ҚР Еңбек сіңірген артисі, күйші Рахым Тәжібаевтың 70 жылдығына «Күй құдіреті – ұрпаққа мұра» облыстық күйшілер байқауы, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Халықаралық Әйелдер күніне арналған «Ана - тіршіліктің тірегі»,  «Наурыз мейрамы - Достық мейрамы» мерекелік шаралар мен мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі лайықты аталынып өтті.

Облыс өнерпаздары  республикалық «Жас Қанат»,Астана қаласындағы халықаралық, азиялық, ғаламдық би байқауы, республикалық «Ақ көгершін» байқауы, Алматы қаласындағы  «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауларына қатысып, лауреат атанды.

Екі жылда бір өткізіліп келе жатқан «Ғасырлар үні» фольклорлы-этнографиялық ансамблдер фестивалі өз деңгейінде аталып өтті.

Шілде айында Райымбек ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тарихқа тағзым» мәдени көпшілік шарасы ұйымдастырылып, шара аясында Кеген ауылдық мәдениет үйі жөндеуден өтіп, облыстық Қылқалам шеберлерінің көрмесі, республикалық жыршылар байқауы өтіп, еліміздің 15 облысынан үміткерлер қатысты.

Сондай-ақ, шара аясында Райымбек ауданында екі ескерткіш бой көтерді.

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы аясында жыл сайын атқарылып келе жатқан аудан,  қала мәдениет күндерінің ережесі бекітіліп, облыс әкімінің қаулысы шығарылып, белгіленген кесте бойынша шара атқарылды.  Шара аясында Ел Тәуелсіздігінің 25, Жамбыл Жабаевтың 170, Қуат Терібаевтың 125, Темірғали Рүстембековтің 110, Әсімхан Қосбасаровтың 100, Мұқағали Мақатаевтың 85, Сайын Мұратбековтің 80, Зылиха Тамшыбаеваның 80, Чернобыль апатының 30 жылдықтары кеңінен қамтылды.

Облыс өнерпаздары 9-11 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен облыс күндеріне белсене ат салысып, «Конгресс Холл» залында үлкен концерт ұйымдастырылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай  «ТҮРКСОЙ»  халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Түркі тілдес елдердің бірлескен Халық аспаптар оркестірінің гала-концерті өтіп, онда Қырғыстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Монғолия, Өзбекстан, Түркия елдерінің шығармалары орындалды.

Бүгінгі күнге дейін «Таланты мира» қорының шақыртуымен   ІІ-Мәскеулік Халықаралық музыкалық фестивальге М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі мен халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Әсем Сембина, 20-23 сәуір күндері  ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін делегация құрамымен бір топ әртістер өнер көрестіп қайтты.

18-21 маусым күндері ҚР Республикасының 25 жылдығына орай Түркияның Анкара қаласында өткен Сүйінбай Аронұлының мүсінін орнату рәсіміне және Сербия мемлекетінің Белгрод қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің ашылу салтанаттарына филармония әртістері өнер көрсетті.

«Алатау әуендері» концерттік бірлестігі бүгінгі таңда 46 мәдени  шараға қатысты.  Оның ішінде ақылы гастрольдік іс сапарлармен 7 ауданға барып қайтты. Олар: (Балхаш, Ұйғыр, Панфилов, Райымбек аудандары және Қапшағай қаласы). Жыл басынан бері 16 611 көрерменге мәдени қызмет көрсетті.

Облыстық драма театр сахнасында 50 рет спектакльдер қойылып, оған 6392 көрермен қамтылды. Сонымен қатар театр артистері Алматы облысының аудандарына сәуір, мамыр, маусым, қазан айларында кіші гастрольдік іс-сапарларымен аудандарға шығып, жалпы 12 қойылым көрсетті. 

Балалар  мен  жастардың  тәрбиесіне  ата-апаларымыздың  белсенділігін  арттыру мақсатында жыл басынан «Шежіре – өнер, тәлім отауы» үйірмелері ашылып, үйірмелер саны 236–ға артып отыр.

Басқармаға қарасты мәдениет мекелерінде 2016 жылдың 9 айы бойынша көрсеткіштер: кітапханаларғабиыл 41129 дана кітап түсіп, жалпы кітап қоры 5 млн. 100 мың дананы құрайды. Оқырмандар саны-257861,  келушілер саны -2360109.

 «М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК мен филиалдарының есебінде тұрған экспонаттардың жалпы саны-59 724, оның ішінде  29 797 - негізгі қорды, 29 927 көмекші қорды құрайды. Музейлерге  келуші адамдардың жалпы саны - 36204. Музейзалдары бойынша 1849 экскурсия жүргізіліп, 223 көрме ұйымдастырылды. Ақылы қызметтен түскен қаржы –2 975 587  теңге.

Көркемөнер галереясында 16 көрме ұйымдастырды. Оныңішінде:5 жеке, 9 жинақталған және2 жылжымалы көрмелер. Көрермен саны -7450.Ақылы кірген көрермендер саны - 3369, жүргізілген  экскурсия саны 61 және 27 лекция. Ақылы қызметтен түскен қаржы көзі 507450 теңге.    

Алматы облысының мемлекеттік архиві және оның филиалдарында, Талдықорған мемлекеттік архивінде жалпы 5939 қор, 1 664 920 сақтау бірліктері сақталуда.Мемлекеттiксақтауға20387 сақтау бірлігі, оның ішінде тұрақты сақталатын 12561 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 7716 сақтау бiрлiгi, жеке тектік 110 сақтау бірлігі, жұмысын тоқтатып, жабылған мекемелердің 218 уақытша сақтау бірлігі қабылданды.

Архив мекемелері  тақырыптық 127 сұраныстардың  105 оңды, 22 теріс жауаппен орындады.  Оған қоса 22993 әлеуметтік-құқықтық сұранымның 17398 оңды, 5202 теріс жауаппен орындап, 393 сұранысты басқа архивтер мен мекемелерге жолданды. Қазақстан Республикасының СІМ және Консулдық қызмет департаментінен келген 27 сұранымның 19 оңды,   8 теріс жауаппен орындалды.

Бүгінгі күні «Қазархеология» ЖШС-нің археологтары Райымбек ауданы Саты жайлауында зерттеу жұмыстарын жүргізуде және облыс аумағында 5 ескерткіш пен 4 мемориалды тақта орнатылды. Алдағы уақытта да жұмыстар жоспарлы түрде атқарылатын болады.

 


Орналастырылған күні: 24.10.2016 15:57

Өзгертілген күні: 24.10.2016 15:58:41

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх