Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

«Агробизнес 2020 » бағдарламасы шеңберінде 2016 жылға 22,5 млрд. тенге қаражат бөлінді (2015 ж. – 24,4 млрд.тенге), оның ішінде тауар өндірушілерді субсидиялауға арналған қаражат көлемі 18,6 млрд. теңге немесе 83 % құрайды (2015 ж – 21,3 млрд. тенге).

Бағдарламаның бірініші бағыты «АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру » бағыты шеңберінде 2013-2015 жылдары мақұлданған жобаларды субсидиялауға – 34,4 млн.теңге бөлінді.

Екінші бағыты «АӨК субъектілеріне тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экономикалық қол жетімділігін арттыру» аясында – 19,9 млрд.теңге қаражат бөлінді, оның ішінде егін шаруашылығын дамытуға – 7,2 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 11,4 млрд, қайта өңдеуге – 1,0 млрд теңге, АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыруға – 31,9 млн.тенге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 187,9 млн.тенге, АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдардың бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялауға – 71,4 млн.тенге.

Үшінші бағыт «АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту» аясында – 2,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде фитосанитарлық қауіпсіздікке – 0,3 млрд.теңге және ветеринарлық қауіпсіздікке – 2,2 млрд теңге.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына қаржыландыру жоспарына сәйкес – 17,0 млрд.теңге игерілді немесе 75,3% орындалды, оның ішінде субсидия көлемі – 14,5 млрд.тенге.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша – 15,0 млрд.теңге игерілсе, үшінші бағыты бойынша – 1,7 млрд.теңге игерілді.

Сонымен қатар, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ-ы тарапынан сомасы – 9,6 млрд. теңге несие берілді, оның ішінде ауылшаруашылығы техникасын лизингке алуға – 3,3 млрд. теңге, мал шаруашылығында шебер-жоспарларды орындауға – 2,2 млрд. теңге, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға – 2,9 млрд. теңге, ауылдық несие серіктестіктерін неисиелеуге – 1,2 млрд. теңге.

Мемлекеттік қолдаумен – 10167 агроөнеркәсіп кешені субъектісі қамтылды, оның – 8297 субсидия берілсе, 1458 несие берілді.

Жаңадан 2893 жұмыс орыны құрылды, оның ішінде іске қосылған нысандар есебінен – 2023 және қолданыстағы объектілерді кеңейту есебінен – 870 орын.


Орналастырылған күні: 24.10.2016 16:27

Өзгертілген күні: 24.10.2016 16:28:43

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх