Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп


2016 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 51,0 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 1,7 млрд. теңге;

- жергілікті бюджеттен – 19,3 млрд. теңге;

- Ұлттық қордан – 30,0 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен ағымдағы жылы 122 нысан құрылысы (оның ішінде: 79 нысан 2016 жылы пайдаланысқа беріледі (оның 19 өткізілді), 43 нысан 2017 жылға өтпелі), оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 4 нысан (оның ішінде: 3 тұрғын үй нысаны,  1 денсаулық нысаны);

 - жергілікті бюджеттен – 72 нысан (оның ішінде: 17 білім беру нысаны,  1 денсаулық нысаны, 25 тұрғын үй нысаны, 12 инженерлік тораптар нысаны,   1 мәдениет нысаны, 9 коммуналдық шаруашылық нысаны, 5 Ішкі істер органдарын дамыту нысандары, 1 спорт нысаны, 1 дүлей зілзалалардан қорғау нысандары);

- Ұлттық қордан – 46 нысан (оның ішінде 30 білім беру нысаны, 1 тұрғын үй нысаны, 15 инженерлік тораптар нысандары).

2016 жылдың 1 шілдесіне  бөлінген 13 млрд. 453 млн.теңге қаржыдан 13 млрд. 379 млн.теңге немесе 99,5% игерілді.

 

Білім беру нысандарының

құрылысы және қайта жаңғырту

Білім беру 47 нысандарына (36 – мектеп, 7-бала бақша, 1 оқушылыр сарайы, 1 жатақхана, 1 қала сыртындағы лагерь және 1 спорт залға жапсаржай салу) (30 – ҰҚ, 17 –ЖБ) құрылысына және қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен және Ұлттық қор есебінен 2016 жылы 32 млрд. 427 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

- Ұлттық қор – 24 млрд. 271,8 млн.теңге;

- жергілікті бюджеттен - 8 млрд. 155 млн.теңге.

Жоспар бойынша 2016 жылы 20 нысан пайдалануға беріледі (5 өткізілді) (9-мектеп, 7 бала бақша (3 өткізілді), 1 оқушылыр сарайы (өткізілді), 1 жатақхана (пайдалануға өткізілді), 1 қала сыртындағы лагерь және 1 спорт залға жапсаржай салу) (10 –ҰҚ, 10 - ЖБ). 27 нысан 2017 жылға ауыспалы.

Ұлттық қор

Биылғы жылға Ұлттық қор есебінен 30 білім беру нысанының құрылысына 24 млрд. 271,8 млн.теңге қаражат бөлінді. Соынмен қатар:

9 білім беру нысанының құрылысын аяқтауға 5 млрд. 824,222 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

6 мектепке - 4 млрд. 614,580 млн.теңге қаражат бөлінді;

3 бала бақшаға - 1 млрд. 209,6 млн.теңге қаражат бөлінді.

2016 жылдың 1 шілдесіне 3 млрд. 173,5 млн.теңге бөлінген қаражаттан 3 млрд. 172,4 млн.теңге немесе 99,9% игерілді.

2017 жылға ауыспалы жаңа 21 нысанның құрылысына 18 млрд. 447,649 млн.теңге қаражат бөлінді (1 нысан 2016 жылы қолданысқа беріледі Карасай ауданындағы Үштерек ауылындағы 300 орындық мектеп) сонымен қатар:


Жергілікті бюджет

Жергілікті бюджет есебінен 17 нысанның құрылысына (9 мектеп, 4 бала бақша, 1 оқушылыр сарайы, 1 жатақхана, 1 қала сыртындағы лагерь және 1 спорт залға жапсаржай салуға) 7 млрд. 623 млн.теңге қаражат бөлінді.

2016 жылдың 1 шілдесіне бөлінген 1 млрд. 643,5 млн.теңге қаражаттан 1 млрд. 641,3 млн.теңге немесе 99,9% игерілді.


Денсаулық сақтау

нысандарының құрылысы және қайта жаңғырту

2016 жылы 2 денсаулық сақтау нысанының  құрылысына бюджеттен 3 млрд. 498 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен - 1 млрд. 447 млн.теңге;

- жергілікті бюджеттен - 2 млрд. 051 млн. теңге.

2016 жылы 2 нысан пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде:

- «Талдықорған қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухананың қрылысы» (Нысан 2016 жылы 31 мамырда пайдалануға берілді.)

- «Алакөл ауданындағы Ақши ауылында 25 қатысушыны қабылдайтын дәрігерлік амбулатория» (нысанды пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың 30 шілдесіне дейін жоспарлануда). 

2016 жылғы 1 шілдесіне бөлінген 2 млрд. 766 млн.теңге қаражаттан 100% игерілді.

Тұрғын үй құрылысы

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы жылы бюджеттен тұрғын үй құрылыс жұмыстарына 2 млрд. 540 млн.теңге қаржы бөлінген.

Барлық қаржыландыру көздері арқылы 544,1 мың шаршы метр тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланған, оның 53,1 мың шаршы метрі бюджет қаржысы есебінен қарастырылған (құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 29 тұрғын үйдің, 881 пәтерден тұратын ауданы 63,8 мың шаршы метрлі (пәтерлерінің ауданы 50,0 мың шаршы метр) 25 үйді ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланған).

Оның ішінде:

- Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы салынатын – 5,6 мың шаршы метрлі несиелік тұрғын үй (60 пәтерлі 1 үй);

- республикалық бюджеттен бөлінген  268,3 млн.теңгеге 2,8 мың шаршы метрлі жас отбасыларға арналған жалгерлік тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланған (100 пәтерлі 2 үй);

- областық бюджеттен бөлінген 2 млрд. 272 млн.теңгеге 44,7 мың шаршы метрлі коммуналдық тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланған (657 пәтерлі 21 үй).

Тұрғындар мен мемлекеттік емес мекемелердің қаржысы есебінен 465,5 мың шаршы метрлі  тұрғын үйлер пайдалануға беру жоспарланған.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында 724,890 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, оның ішінде:

22,2 мың шаршы метр тұрғын үй бюджет қаржысы есебінен (пәтерлерінің ауданы 18,5 мың шаршы метр) оның:

-       5,8 мың шаршы метрлі (пәтерлерінің ауданы 4,4 мың шаршы метр) несиелік тұрғын үйлер;

-       16,4 мың шаршы метрлі (пәтерлерінің ауданы 14,2 мың шаршы метр) коммуналдық тұрғын үйлер.

Тұрғындар мен мемлекеттік емес мекемелердің қаржысы есебінен 702,69 мың шаршы метр  тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы «Қазақстан ипотекалық қомпаниясы» АҚ желісімен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс ауданында 2015 жылы басталған 290 пәтерлі, жалпы ауданы 25,5 мың шаршы метр 5 үйдің құрылысын аяқтау межеленген.

2016 жылы 1 шілдесіне бөлінген 1 млрд. 821 млн.теңге қаржыдан 1 млрд. 819,7 млн.теңге немесе 99,9% игерілді.

Инженерлік-коммуникациялық желілерді

дамыту және жайластыру

2016 жылы 27 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының нысанына 5 млрд. 972 млн.теңге бөлінді (ҰҚ – 5 723,6 млн. теңге, ЖБ – 248,4 млн.теңге), соның ішінде өткізілетіні 19 нысан, 2017 жылға ауыспалы 8 нысан.

 Бөлінген қаражат есебіне 237,066 км инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізілмек.

 2016 жылдың 1 шілдесіне бөлінген 898,5 млн.теңге қаржыдан 843,9 млн.теңге немесе 93,9 % игерілді.

Ішкі істер нысандарын дамыту

  2016 жылы облыстық бюджеттен ішкі істер нысандарының құрылысына 126,3 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 5 нысанның құрылысы жоспарланған.

2016 жылдың 1 шілдесіне бөлінген 94,0 млн.теңге қаржыдан 87,5 млн.теңге немесе 93% игерілді.

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2016 жылға облыстық бюджеттен 3 млрд. 129,3 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебіне 9 нысанның құрылысы жоспарланған, соның ішінде 2016 жылы өткізілетін 6 нысан және 2017 жылға ауыспалы 3 нысан.

 2016 жылдың 1 шілдесіне бөлінген 1 млрд. 302,8 млн.теңге қаржыдан 100% игерілді.

Мәдениет нысандырын

2016 жылы жергілікті бюджет есебінен Талдықорған қаласындағы драм театрдың құрылысына 1 млрд. 200 млн.теңге қаражат бөлінді. Нысан 2017 жылға ауыспалы.


Орналастырылған күні: 14.07.2016 10:55

Өзгертілген күні: 14.07.2016 10:59:31

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх