Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға 1 756 656,0 мың  теңге  қаржы бөлініп, жыл басынан 966 003,2 мың теңге қаржысы игерілген.

Алматы облысы аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары ошақтарының пайда болуы жағдайына жүргізілген талдаудың нәтижесінде ағымдағы жылы, жануарлардың  індетті  ауруларының 8 ошағы тіркелінген. Олардың 5 құтыру ауруынан, 2 инфекциялық ринотрахеит, вирустық диарея, 1 листериоз ауруынан. Тіркелінген ошақтарта тиісті ветеринариялық сауықтыру шаралары атқарылып, эпизоотиялық ахуал қалыптастырылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жоспарлы бруцеллез ауруына жүргізілген  серологиялық зерттеулердің   нәтижесінде 811 бас  ірі  қара, 4 074 бас ұсақ малдың бруцеллез ауруына оң белгі бергені анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау ережелеріне сәйкес,   іс- шаралар  жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мамандары, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бірлесіп, мал базарларының тазалығы мен келген малдарды ветеринариялық бақылаудан өткізу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы  малдары мен өнімдерінің қозғалысын  қадағалауға  алу жұмыстарын жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қорға енгізілгені: 1 061 034 бас мүйізді ірі қара, орындалуы 91,3%;    3 819 873 бас ұсақ мүйізді мал, орындалуы 82,7%;  117 091 бас шошқа, орындалуы 105,1%;  304 431 бас жылқы, орындалуы 91,2%;  5 489 бас түйе, орындалуы 71,5% құрайды.

Облыс бойынша «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» бағдарламасы қондырылған 253 компьютердің интернет желісімен қосылуы толық қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімі арасындағы  келісімге сәйкес, облыс бойынша барлығы 141 мал сою орындары бар,  яғни 22 мал  сою  пункті,  119 мал сою алаңы. Оларда  жыл басынан барлығы 14 114 бас мүйізді  ірі  қара, 25 936  бас  ұсақ  мүйізді  мал, 2 963  бас  жылқы, 54 969 бас  шошқа  сойыстан  өткізілді.

Облыс бойынша ішкі сауда орындарында сатылуға түскен ауыл шаруашылық жануарларының ұшалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінің саны бойынша 23 064 мүйізді ірі қара ұшасы,  20 984  ұсақ мүйізді мал ұшасы, 3 431  жылқы ұшасы, 4 747 шошқа ұшасы, 584 040 дана жұмыртқа және 201 206 кг балық ветеринариялық-санитариялық зертханаларда сараптамадан өткізілген.

Қажетті болып танылған 253 типтік үлгідегі мал  қорымдарынан  бары 135. Оның сыртында қарапайым  үлгіде 216 қорым бар. Сонымен қатар, 20 жылжымалы, 6 стационарлық биологиялық қалдықтар мен мал өлекселерін өртеу арқылы жоюға арналған инсинераторлармен қамтамасыз етіліп, қоланысқа пайдаланылуда.

Босқын жүрген ит, мысықтарды аулау және жою жұмыстарын жүргізу үшін  облыстық бюджеттен 57 800,0 мың теңге қаржы бөлініп,  23 903,2 мың  теңгеге 12 742 ит, 146 мысық ауланып, жойылды.

 

 


Орналастырылған күні: 20.07.2016 15:51

Өзгертілген күні: 20.07.2016 15:54:09

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх