Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Ішкі істер органдарының барлық бағыттары бойынша 15344 (+4,9%) қылмыс тіркелді, оның ішінде 835 (-16,3%) ауыр, 73 (-32,4%) аса ауыр түрлері.

Тіркелген қылмыстардың 63,7 пайызы (немесе 9782) Алматы қаласына жақын орналасқан аудандарда орын алған (Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Қапшағай).

Қылмыстылық деңгейін 10 тұрғынға есептегенде – 158 (республика бойынша 223).

Тіркелген қылмыстар:

-                қасақана адам өлтіру – 41 (-24,1%);

-                денсаулыққа ауыр жарақат келтіру – 95 (-2,1%);

-                зорлау – 132 (-15,9%);

-                қарақшылық – 41 (-4,7%);

-                тонау – 335 (-2,6%);

-             бөтеннің мүлкін ұрлау – 8023 (+13,0%), оның ішінде пәтерден ұрлау – 2492 (+41,1%), мал ұрлығы – 782 (+14,5%), ұялы телефон ұрлау – 1544 (+8,3%).

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 68,4 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға жоғары  (респуб. көрсеткіш – 65,4%), оның ішінде ауыр – 65,8 пайыз (респуб. – 63,4%), аса ауыр – 93,9 пайыз (респуб. – 91,1).

Қылмыстарды ашу көрсеткіштері:

-                адам өлтіру – 92,6 пайыз (+0,6%);

-                денсаулыққа ауыр жарақат келтіру – 95,3 пайыз (+1,0%);

-                зорлау – 91,9 пайыз (+1,0%);

-                қарақшылық – 80,0 пайыз (+6,2%);

-                тонау – 66,5 пайыз (+8,0%);

Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау құрайды – 8023 немесе 52,2 пайыз (15344). 

Бұл қылмыстарды ашу көрсеткіші – 36,8 пайыз (2015ж. – 31,9%).

Ауыр қылмыстар санатына жататын ұрлықтар саны 22,6 пайызға (164-тен 127-ге) азайды, ашу көрсеткіші 8,8 пайызға өсті (29,3-тен 38,1-ге).

218 (2015ж - 168) қылмыскер іздеуге беріліп, 49 (2015ж - 43) ұсталды.

Ұйымдасқан қылмыс бағытында 203 (2015ж. - 180) қылмыс анықталды және ашылды.

Жедел есепте тұрған 25 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде «қылмыстық ортаның беделділері» - 2, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 1 басшысы және 22 мүшесі (2015ж. – 39/3/1/35).

21 жеңгетайлық, 6 еңбекте пайдалану мақсатында заңсыз бостандығынан айыру, 36 бопсалау дерегі                   анықталды және ашылды.

  

Экстремизмге қарсы күрес бағыты бойынша

ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабы 1 бөлімі бойынша 2 қылмыстық іс, 273 бабы бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

Діни қатынастар бағытында құқық бұзушылық жасағандары үшін 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

-                ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 489 бабы 1 бөлімі бойынша – 1;

-                ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 490 бабы 1 бөлімі бойынша 2.

 

345 есірткі қылмысы (+11,2%) анықталды, оның ішінде 90 (тең) есірткі заттарын өткізумен байланысты.

Айналымнан 739 кг.450,42гр (2015ж. – 416кг.707,48гр) есірткі заттар тәркіленді, оның ішінде 3кг. 637,20гр (2015ж. – 7кг.009,12гр) «героин», 705кг. 143,24гр (2015ж. – 395кг.814,98гр) «марихуана», 30кг. 669,53гр (2015ж. – 13кг.882,95гр) «гашиш» тәркіленді.

 

Тергеу бөліністерінің өндірісінде 17047 (-2,6%) қылмыстық іс болды.

Сотқа 1532 немесе аяқталған істердің 29,2 пайызы жолданды  (2015ж. – 1090 немесе 21,1%).

Анықтау бөліністерінің өндірісінде 16739 (2014ж. – 10639 немесе +57,3 есе) қылмыстық іс болды.

Сотқа жолданған қылмыстық істер саны 19,4 пайызға немесе 1047-ден 1251-ге өсті.

 

Жергілікті полиция қызметі бойынша

Мас күйінде жасалған қылмыстар саны 84,3 пайызға (479-дан 883-ке), жанұялық-тұрмыстағы қылмыстар 13,0% (23-тен 26-ға), топпен жасалатын қылмыстар саны 85,4 пайызға (444-тен 823) өсті.


Кәмелетке толмағандармен 163 (+87,4% немесе 87) қылмыс жасалған, оның ішінде 25 ауыр (+66,7 пайызға немесе 15).

01.07.2016 жылғы жағдай бойынша 829 кәмелетке толмағандар және 1064 қолайсыз жанұя ІІО есебінде тұр.

 

Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің қатысуымен 1124 қылмыс ашылды (+2,8% немесе 1093).

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 13,6 пайызға (2418-ден 2747-ге), көше қылмысы 7,5 пайызға (1588-ден 1707-ге) өсті.

Облыстың автожолдарында 878  (+12,6%) жол-көлік оқиғасы тіркелді, оларда 167 (-20,1%) адам қаза болып, 1130 (+15,42%) адам жарақат алды.

 

Көші-қон полициясы бағыты бойынша

Облыстың ІІО-на 129312 (+25,2%) шетел азаматы тіркелді, оның ішінде 16550 (+20,2%) алыс елдерден, 112762 (+26,0%) жақын елдерден.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 10162 (+1,8есеге) азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 5190 (+3,6%)  шетел азаматы, 4972 (+ 12,7 есеге) ҚР-ның азаматы.

5515 (+13,6 есеге) азаматқа айыппұл салынды, 1123 (-20,8%) қамауға алынып, 387(+15,9%) ҚР сыртына шығарылды.

Шетел азаматтарымен 65 қылмыс жасалды, оларға қатысты 56 қылмыс жасалған.  



 



Орналастырылған күні: 20.07.2016 16:46

Өзгертілген күні: 21.07.2016 17:03:26

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх