Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -12 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп


Облыстағы діни ахуал дамуының үрдістері: 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс аумағында діни ахуал тұрақты және болжамды болып сақталды. Облыстағы діни ахуалдың тұрақты болып сақталуына жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткізіліп жатқан діни төзімділікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ықпалын тигізуде.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Мәуліт мерекесі (18 қаңтар), халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі  (22 наурыз), «Ұлы Жеңіс» күні (9 мамыр) «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні (31 мамыр), «Мемлекеттік рәміздер» күні  (4 маусым), мұсылмандар үшін басты мейрам «Ораза» айы және православиеліктердің Пасха мейрамы  (1 мамыр) болды.

Сонымен бірге, белсенді ақпараттық-насихат жұмысының түрлері, түзету мекемелерінің қызметкерлерімен бас бостандықтарынан айырылғандар арасында да жұмыстың жандануы болды.

Облыс тұрғындарының діни сауатын арттырумен қатар, дәстүрлі емес діни бағыттарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында түрлі форматта іс-шаралар өткізілді.

Жылдың басы Мәуліт мерекесін атап өтуден басталды. 18-ші қаңтарда «Үммет Үміті» атты рухани тағылымдық кешіне жиналғандар назарына Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 2015 жылы атқарған жұмысы туралы және Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі мен қызметі жөніндегі арнайы дайындалған бейнебаяндар көрсетілді.

Шарада Мұхаммедтің (с.а.с) өмір тарихын кезекпен баян ете отырып мәуліт оқылды. Арнайы шақырылған танымал «Өнер қырандарының» қойылымы қойылып, Жұматай Оспанұлының монологы мен термесі, «Пайғамбарға хат» атты видеоролик, Бекжан Тұрыстың «Пайғамбарымыздың артықшылығы мен қазақ халқындағы ұстанымының ұқсастығы», «Шүкір Алла» атты діни өлеңдер оқылды. Кеш соңынан Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы сөз сөйлеп қорытындылады. Кешке барлығы 530 адам қатысты.

26 сәуір күні Райымбек ауданында дінді қатаң ұстанатын тұрғындармен «Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар: Таблиғи Жамағат» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудандық АТТ мүшесі, ауданның бас имамы С. Сатов, №2 Кеген орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аудандық АТТ мүшесі Қ. Әбженов баяндамаларын оқыды. Барлығы 150 адам қатысты.

27 мамыр күні  «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында Талдықорған қаласында облыстық семинар өткізілді.

Шараға Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, тілдерді дамыту, жастар саясаты, денсаулық сақтау, ішкі саясат басқармаларының өкілдері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының, ішкі істер департаментінің, Алматы облысының прокуратурасының қызметкерлері, облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған және Алматы өңірлерінің имамдары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, Талдықорған қаласының еңбек ұжымдары, этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.

Семинарды облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаев ашып, Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Р. Есдаулетов кіріспе сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти – Наурызбай қажы Тағанұлы, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы – Б. Бейсенов, Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениет университі ректорының ғылыми кеңесшісі, теология ғылымдарының  докторы – М. Паттеев, Алматы облысының Ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі – М. Малмаков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев  қатысып, өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады. Шараға, жалпы 500 адам қатысты. Қатысушыларға «Дін саласындағы өзекті тақырыптарға арналған 20 сұрақ-жауап. 7 шығарылым: Мемлекет және дін» тақырыбында кітапша, «Жастарды жат ағымнан сақтайық» тақырыбындағы бүктемелер таратылды.

31 мамыр күні Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Сарыөзек гарнизонының әскерилер үйінде «Діни экстремизмнің алдын алу жолдары» атты семинар өтті. Шараға Алматы облыстық дін істері басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері Д. Қазыкенов, Сарыөзек мешітінің имамы А. Тоқымбетов, 12740 әскери бөлімінің аға офицері Қ. Саудабаев қатысып, баяндама оқыды. Семинар соңында «Ақиқат пен адасу» атты бейнефильм көрсетілді. Барлығы 130 адам қатысты.

15 маусым күні Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылының Мәдениет үйінде «Діннің талабы – тыныштық пен бейбітшілік» тақырыбында облыстық семинар,  24 маусым күні Панфилов ауданы, Жаркент қаласынада «Діни сауаттылықты арттыру – бүгінгі күннің басты талабы» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шаралардың жұмысына басқарма басшысы-Р. Есдаулетов, орталықтың директоры – Ш. Кекбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, мәдениеттану және дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы – Қ. Затов, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты, дінтанушы, РАНТ мүшесі – С. Тәжібаев, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы – С.Ахмадиев, Алматы облысы ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бөлімше бастығы, полиция подполковнигі – М. Малмаков, Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары- Б. Момбаев, Кербұлақ ауданының бас имамы- С. Андақұлов, «Діни мәселелерді зерттеу» орталығының қызметкерлері - А. Әлі, В. Еңсеева, Ж. Супабеков, Е.Немелбаев, А. Әубәкір, аудан және ауыл имамдары, әр ұлттың өкілдері, медицина саласының қызметкерлері, дінтану пәнінің мұғалімдері мен мектеп оқушылары, бюджеттік, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері, БАҚ  өкілдері, барлығы 450 адам қатысты.

Үстіміздегі жылдың 22 маусым күні Алматы облысы дін істері басқармасы және "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында орналасқан "Жетісу" мешітінде ауызашар берілді. Ауызашарға мешіт жамағаттары, ақсақалдар, қоғам қайраткерлері және Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Өнербаев қатысып, барша мұсылмандарды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, сөз сөйледі. Талдықорған қаласы орталық "Иман" мешітінің ұстазы Мухаммед Ордыбай уағыз-насихат айтып, Рамазан айының ерекшелігі мен қадір-қасиеті туралы баяндап берді. Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р. Есдаулетов келген жамағаттар мен қонақтарға оразаларының қабыл болуын тілеп, алғысын білдірді. Барлығы 150 адам келді.

Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айының құрметіне облыс орталығы Талдықорған қаласында қайырымдылық шара ретінде 4 мейрамхана («Кишлак» «Меруерт», «Атамекен», «Жетісу») ауызашарлар берді. Мешіттер мен мейрамханалардағы ауызашарларға мамандар тарапынан арнайы қатысып, діннің мемлекеттегі рөлі мен маңыздылығы турасында үгіт-насихаттар айтылды. Тарауих намазы мен жұма намаздарына үнемі зерделеу жүргізіліп, діни тұрақтылықты сақтау басты назарға алынып келеді.

Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер. Алматы облысы бойынша бірінші жартыжылдықта діни бірлестік пен филиалдарының жалпы саны 576-ны құрады. Оның ішінде: ислам мешіті-423, православ-48, Рим-Католик-10, протестанттық-93 және 2 дәстүрлі емес діни бірлестіктер (қосымша 2).

Діни бірлестіктердің саны 2015 жылмен салыстырғанда 17-ге артып отыр. Оның 8-і ислам мешіті (Алакөл ауданында-3, Ескелді ауданында-1, Қаратал ауданында-1, Қарасай ауданында-2 және Талғар ауданында-1) 9-ы протестанттық бірлестіктер, яғни баптистер-4 (Жамбыл ауданында-2, Еңбекшіқазақ ауданында-2), Елуіншілер-4 (Еңбекшіқазақ ауданында-1, Қапшағай қаласында-1, Іле ауданында-1, Панфилов ауданында 1) және Талғар ауданында-1 Лютерандық тіркелген.

Миссионерлік қызметтің жағдайы. Облыста 15 миссионер тіркелген, оның 11-і католицизмді, 4-і протестантизмді (пресвитериан) ұстанады. Олардың 2-і Италиядан, 2-і Польшадан, 7-і  Кореядан,  1-і Литвадан, 1-і Словакиядан  және  2-і Қазақстандық.

Талдықорған каласында–6, Қапшағай қаласында-5, Еңбекшіқазақ ауданы-1, Талғар  ауданында-1, Текелі қаласында 2 миссионер тіркелген.

Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған 20 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Оның ішінде 6 орында (Алакөл, Панфилов, Қарасай, Сарқан, Талғар аудандары және Талдықорған қаласы) діни әдебиеттер сатылады.

Есепті кезеңде діни әдебиеттерді және өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың орналасуын келісуге өтініштер түскен жоқ.  

Рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметі. Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы «Үшқоңыр медресесіне» жүргізілген зерделеу барысында медресенің кітапханасындағы оқулықтардың барлық саны 4917 дана болды. Медреседегі оқу курсына қажетті кітапханадағы діни кітаптар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінен сараптамадан өткен. Ал, араб және түрік тіліндегі кітаптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен алынған.

         Оқытушы-профессорлар құрамында 16 қазақстандық ұстаздар қызмет атқарады.

Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың қызметі. Алматы облысының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы №389 қаулысымен 7 намазхана келісілді.

Қазіргі кезде аудан имамдары жергілікті атқарушы органдарда бар ғимараттарды келісу үшін құжаттар жинау бойынша жұмыс жүргізуде.

БАҚ-тарда мақалалар жариялау жұмыстары. Жүргізілген ақпараттық-насихат жұмысы бойынша облыстық, аудандық БАҚ-тарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған өзекті мәселелер бойынша Алматы облысының дін істері басқармасының, жергілікті атқарушы органдарының, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкерлері, ҚМДБ өкілдері мен православ дінінің өкілдері, тілшілер тарапынан  а.ж. бірінші жартыжылда жалпы 417 мақала жарияланды, онын ішінде: 334 мақала мемлекеттік тілде, 83 мақала орыс тілінде. Бағытына қарай бөліп қарастырсақ: 109 ислам дінінің құндылықтарын насихаттау мақсатында, 30 христиан  дінінің мерекелері мен ұстанымдарына арналған; 67 экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтау бағытында, 26 ИШИМ (ДАИШ) террористік ұйымының идеологиясын әшкерелеу, халықтың радикалды сипаттағы идеяларына иммунитетті арттыру мақсатында, 23 мектеп формасы бойынша, 12 Ақтөбе оқиғасы бойынша, 22 террорлық әрекеттерді болдырмау жөніндегі халыққа жадынама, 114 еркін бағытта  мақала,  2 мақала екпе бойынша, 10 мақала сенім телефоны және 2 мақала интернет ресурстарда жарияланған.

Аталған мақалалардың 63 аудан әкімдері, орынбасарлары, облыстық департамент, басқарма және ішкі саясат бөлім басшылары, жастар ресурстық орталықтарының қызмеркерлерімен, 137 мақала тілшілермен, 75 ҚМДБ-ның өңірлік, аудандық имамдары және христиан дінінің өкілдерімен, 17 оқытушылар, кітапханашылар және жалпы осы тақырыпқа қызығушылық танытқан қауыммен, 27 мақала ғаламтор бетінен, 60 мақала Дін істері комитеті тарапынан және 35 мақала тапсырыс бойынша, 3 мақала православ шіркеуінің өкілдерімен  жарияланған.  

АТТ жоспарына сәйкес есепті кезеңнің бірінші жартыжылдығында әр түрлі бағыттағы діни мәселелерге байланысты 14609 материалдар саны шығарылып, өткізілген іс-шараларда тұрғындарға таратылды. «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 20 сұрақ-жауап 6, 7, 8 шығарылым. «Шетін көзқарас дінге жат» тақырыптарында 5000 дана кітапша, 2550-блокнот, 2900-бүктеме, 2000-бағдарлама, 2400-папка және 10 банер шығарылып таратылды.

Ақпарттық-насихат және түсіндіру жұмыстары.

Облыс бойынша құрамында 352 мүшесі бар 1 облыстық, 3 қалалық, 16 аудандық 20 ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс жасайды.

Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарына: 117 мемлекеттік қызметкер, 24 беделді азамат, 6 Қазақстан халқы ассамблеясының және этномәдени топ өкілдері, 86 ҚМДБ имамдары және басқада діни бірлестіктердің өкілдері, 15 дінтанушы, исламтанушы, теолог, 34 құқық қорғау органдары қызметкері,   17 мәдениет, өнер және спорт саласының өкілі, 11 ҮЕҰ, қоғамдық бірлестік өкілдері, 4 мәслихат депутаты, 17 жастар ұйымдарының өкілі және 21 БАҚ өкілдері тартылған.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысы бойынша жоспарға сәйкес 29-дөңгелек үстел, 49-семинар, 9-дәріс, 151-кездесу,  -конференция, 12-сынып сағаты, 1-пікірталас, 4-акция, 2-сұхбат, 2 спорттық іс-шара жалпы 265 іс-шара өткізіліп, оған 32232 адам қатысты.

Сонымен бірге, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының 2016 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес:

1) Студент және оқушы жастармен  жұмыс  бойынша 47 іс-шара өткізіліп 5209 адам қатысты;

2) Жұмыссыз жастармен - 9 шара, 1674 адам;

3) Еңбек ұжымдарындағы жұмыс-11 шара, 1901 адам;

4) Бюджеттік мекемелердің қызметкерлерімен жұмыс-6 шара, 830 адам;

5) Құқық қорғау органы қызметкерлерімен жұмыс бойынша-6 шара, 850 адам; 6) Дінді қатаң ұстанатын тұрғындарымен жұмыс-7 шара, 1368 адам;

7) Ауылдық жерлердегі жұмыс бойынша-6 шара, 1120 адам.

АТТ мүшелері жүргізген іс-шараларда қамтылған негізгі мақсатты аудитория: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ЖОО студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, діншіл жамағат, сотталғандар.

Шетелдердегі теологиялық оқу орындарында білім алып жатқан Қазақстан азаматтырымен жүргізілетін түсіндіру жұмыстары. Алматы облысы бойынша шетелдердегі діни оқу орындарында оқитын студенттердің саны 49. Атап айтқанда: Мысырда–23; Түркияда-21; Пәкістанда-2; Сауд Арабиясында-1; Йеменде-1; Иорданияда-1 студент оқиды.

Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру. 2016 жылдың бірінші жартыжылында Алматы облысы Алакөл, Ескелді, Сарқан, Панфилов, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Ұйғыр, Ақсу, Іле, аудандары мен Қапшағай, Текелі, Талдықорған қаласына қарасты орталық және ауылдық мешіттерінде облыстық Дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» дінтанушы мамандары және арнайы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің білікті теолог ғалым  оқытушыларының (А. Қуанышбаев, А. Сманов, А.Әділбаев, Р. Батталұлы, Сансызбай Құрабанұлы, Бауыржан Алиұлы, С.Тәжібаев, М. Бейбіт, А.Елжанов, Р. Әкімбеков, Мұхиддин Исаұлының) қатысуымен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсері», «Деструктивті діни ағымдардың кері әсері» ,«Исламдағы адасқан ағымдар», «Ислам және зайырлы қоғам» «Теріс пиғылды діни ағымнан сақтану жолдары» тақырыптарында мешіт жамағаттарымен кездесу өтті. Кездесу соңында жамағатқа Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының тапсырысымен шығарылған «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шетін көзқарас - дінге жат» тақырыптарында  ақпараттық-материалдар таратылды. Осы бағыттағы жұмыстар жергілікті теологтар мен орталық мамандары тарапынан үздіксіз жалғасады.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Рождество», «Крещение», «Пасха» мейрамдары болды. Талдықорған қаласында «Архангел Михаил» орыс православ шіркеуіне жаңа қоңыраулар орнатылып, «Қоңырауларды қасиетті сумен бүркеу» салтанаты атап өтілді. 7-10 мамыр аралығында Астана қаласында өткен православ жастарының V съездіне Талдықорған қаласының «Иоанно-Богослов приходы» ОПШ-ның жастары қатысты.

Христиан бағыты бойынша аудан, қала аумағында дәстүрлі христиан бағытында 24 мақалалар, протестанттық бағыттағы Ехоба Куәгерлері және Елуіншілер бағытына арналған 4 мақала жарық көрді.

Ақпан айында «Ехоба куәгерлері» діни ұйымының қызметіне арналған «Болмыс» ток-шоуы ұйымдастырылды.Ток-шоуға сол ұйымның жетегінен балаларын шығара алмай жүрген ата-аналар қатысып, «Ехоба куәгерлері» сенімінен бас тартқан азаматтар сұхбат берді.

Түзету мекемелеріндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. 2016 жылы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті, ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті, облыстық дін істері басқармасы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және православтық христиан шіркеуінің өкілдігімен бірігіп түзету мекемелерінде бас бостандығынан айырылған тұлғалар арасында рухани-тәрбиелеу шараларының жоспары бекітілген. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың діни сауатын арттыру, теріс идеологиядан айнытып, қоғамға бейімдеу, дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын санасына сіңіру мақсатында фиқһ, ақида салаларымен қатар, ислам тарихы, дін мен дәстүрдің сабақтастығы тағы басқа тақырыптар аясында арнайы дәрістер өткізу назарға алынған.

Ағымдағы жыл басынан облыстық ҚАЖ түзету мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтармен 26 іс-шара өтті.

Сенім телефонының қызметі. «Сенім телефонының 8-800-080-28-95» жұмысы туралы жергілікті тұрғындарға «Жетісу» телеарнасының телемаркеті мен жүгіртпе жолына, облыстық «Огни Алатау», «Жетісу» және аудандық газеттерде ай сайын хабарламалар шығарылып отырады.

Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарға психологиялық көмек көрсету және дұрыс көзқарасқа бейімдеу мақсатында орталықта орнатылған  8-800-080-28-95 сенім телефонына бірінші жартыжылда  32 қоңырау келіп түсті.

Тақырыптардың бәрі  діни  мәселеге байланысты  болып, қоңырау шалған  азаматтардың басым бөлігі орта жастағылар екендігі анықталды.   Мамандар тарапынан сұрақтарға тиянақты жауаптар берілді. Шақырту мен түсіндіру жұмыстарын талап ететін қоңыраулар түспеді. Түскен қоңыраулар діни терминдерге және діни амалдарға қатысты болды.

Дінтану сараптамасын жүргізу бағытындағы жұмыстар. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында терроризм және діни экстремизм идеяларын уағыздайтын 45 желі дінтану сараптамасына жолданды. Нәтижесі бойынша 15 желіге теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданды. 25 желіге қазіргі уақытта дінтану сараптамасы жүргізіліп жатыр. Қалған 5 желі техикалық ақауларға байланысты сараптама жүргізілмеді.

Облыс бойынша ресми әлеуметтік желілерге қойылған мәліметтер көзі 220-ға жуық. Діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында «Құлшылық пен тіршілік», «Дорогой заблуждений», «Қыздарымызға қырық кеңес», «Жыныспен жиһад жасау исламда жоқ», «Жалған жиһадтан сақ болайық», «Сақтан: жалған дін жарға соқтырар», «Қауырт желі – 114», «Жат ағымнан сақтан», «Экстремизм», «Соқыр сенімге арбалғандар», діни сауаттылықты арттыру, қазақ құндылықтарын дәріптейтін «Абылай хан», «Әбілқайыр хан», «Бұрындық хан өмірінен бір шолу», «Тәуке хан», «Ақиқат пен адасу» тақырыптарында 35 бейнеролик халық назарына ұсынылды. Діни сауаттылықтты арттыру мақсатында «Ислам против терроризма и экстремизма», «Борьба с иллюзией знаний», Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама», «ДАИШ – исламға жат құбылыс», «Оқушы қыз тәрбиесі – орасан зор жауапкершілік», «Адасып жүріп жол таптым», «Бірлікке ұйыған елге береке ұялайды» атты мақалалар жарық көрді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі.    ҚМДБ-ның өңірлік өкілдіктерімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде.

Өңірлік мешіттері жанынан аумақтағы барлық мешіттердің қызметі, дін саласындағы өзекті мәселелер және тағы басқа да мәліметтер жарияланып тұратын 1 ғаламтор сайты жұмыс істейді.

Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің нұсқаушысы Қ. Мүтебаев облыстық «Жетісу» телеарнасының «Иманашар» бағдарламасын Қасиетті Рамазан айында күнделікті сағат 10.00-де тұрақты жүргізуде. Бағдарламада облыс аумағындағы имамдардың және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дін саласындағы ғалымдар мен сарапшылар, ақпараттық-насихат топтары мүшелерінің арнайы сұхбаттары беріліп отырады.    

Әлеуметтік зерттеу. «Аймақтағы діни ахуалды бағалау» тақырыбында жоспар бойынша 5 аудандарда әлеуметтік зерделеу жұмыстары өткізілді. Сауалнамаға 18 бен 60 жас аралығындағы 75 респондент қатысқан.

Зерттеудің мақсаты: Облыс қалалары мен аудандарындағы діни ахуалды анықтау.Зерттеудің міндеттері: аудандағы азаматтардың діндарлық деңгейін және конфессиялық бағыт-бағдарын; діни-құқықтық мәдениеті деңгейін; белсенді сенушілер мен зайырлылыққа бейім бөліктері арасындағы қарым-қатынас жағдайын; аудандағы діни ахуал дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы  факторларды зерделеу; дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары туралы халықтың ақпараттану деңгейін зерттеу.

Қолданылған әдістің түрі: сауалнама.

Сауалнаманың нәтижесі келесідей:

  

Қорытынды.

Алматы облысындағы діни ахуалды талдау барысында, аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың, конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың бар екендігі аңғарылды. Өткізілген іс-шаралар оң нәтиже беріп, тұрғындардың ақпараттық-танымдық деңгейлерін арттыруға игі ықпал етіп отырғандығын байқатады.


Файлы:  Загрузить (112.04 КБ, docx)

Орналастырылған күні: 21.07.2016 09:24

Өзгертілген күні: 21.07.2016 12:07:06

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх