Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп


Қазақстан Республикасы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  2016 жылдың  1 жартыжылдығында  

Алматы облысы денсаулық сақтау саласында  атқарылған жұмыстары  туралы ақпарат

 

Алматы облысында 826 медициналық мекеме жұмыс жасайды, оның 663-і мемлекеттік, 163-і жекеменшік болып табылады.

Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражат  15,4 пайызға өсіп, 2016 жылы 80,1 млрд.теңгені құрады /10,9 млрд.теңге – КОМУ, 3,7 млрд.теңге  - құрылыс/,   ал 2015 жылы – 67,8 млрд.теңге.

2016 жылға өмір сүру жасы 72,0 болып жоспарланған, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында біздің облыста күту Жалпы өлім 1000 шаққанда  2016 жылы 7,01 болып жоспарланған,  2016 жылдың 1 жартыжылдығында  7,30-ға дейін өсті.

 Сәби өлімі 1000 тірі туылғандарға 2016 жылға 7,79  деп жоспарланған, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 9,93-ті құрады.

2016 жылға  100 мың тірі туылғандарға  ана өлімі 9,90 жоспарланған, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында  облыс бойынша  көрсеткіш 4,7.

2016 жылға жүрек қан-тамырлар ауруынан 100 мың адамға есептегенде  өлім 158,8 деп жоспарланған, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында  124,36-ны құрады.

Туберкулез ауруы 100 мың адамға есептегенде 2016 жылға 52,8 болып жоспарланған, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 57,4 болды. Туберкулез ауруынан өлім 100 мың адамға есептегенде 2016 жылға 1,7 болып жоспарланған, 2016 жылдың  1 жартыжылдығында 2,6-ы болды.

Қатерлі ісік ауруынан өлім  100 мың адамға есептегенде 2016 жылға 70,3 болып жоспарланған,  2016 жылдын 1 жартыжылдығында 70,6 болды.


Орналастырылған күні: 21.07.2016 11:23

Өзгертілген күні: 21.07.2016 16:27:55

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх