Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

 

«Агробизнес 2020 » бағдарламасы шеңберінде 2016 жылға 22,6 млрд. тенге қаражат бөлінді, оның ішінде тауар өндірушілерді субсидиялауға арналған қаражат көлемі 19,0 млрд. теңге немесе 84,0 % құрайды.

Қаржыландыру көздеріне сәйкес республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге немесе барлық қаржыландырудын 5,5 % құрайды, жергілікті бюджеттен 21,4 млрд. теңге немесе 94,5 %.

Бағдарламаның бірініші бағыты АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша 2013 -2015 жылдары мақұлданған жобалардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 34,4 млн.теңге бөлінді.

Екінші бағыты «АӨК субъектілеріне тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экономикалық қол жетімділігін арттыру» аясында 20,4 млрд.теңге қаражат бөлінді, оның ішінде егін шаруашылығын дамытуға – 7,2 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 11,8 млрд, қайта өңдеуге – 1,0 млрд теңге, несиені сақтандыру және кепілдендіруге – 31,9 млн.тенге, қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға – 316,7 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың есепті кезеніңде қаржыландыру жоспарына сәйкес 8,7 млрд.теңге игерілді немесе 1781 шаруашылық мемлекеттік қолдауға ие болды.

Мал шаруашылығын дамытуға 4,7 млрд.теңге бағытталды оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 0,9 млрд.теңге, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 3,9 млрд. теңге бағытталды.

Тауар өндірушілер қолданылған суармалы су құнын арзандату бойынша 23 шаруа иелеріне қолданылған 24,4 млн.м3 су көлеміне 96,0 млн. теңге төленді.

Қайта өндеу саласындағы 4 қайта өндеу кәсіпорындарына қабылдап алған 6423,1 тонна шикі сүт және өндірген 285,5 тонна сары майға 77,1 млн.теңге субсидия төленді. Соңдай-ақ, «Көксу қант зауыты» ЖШС 2015 жылы қабылдап алынған 73,4 мың тонна қант қызылшасына және өндірген 9,2 мың тонна таза ақ-қантқа 461,9 млн.теңге төленді. Сонымен қатар қант қызылшасы субсидиялауға жергілікті бюджеттен 52,2 мың теңге бөлінді.

Ақсу ауданы бойынша суару жүйелерінін жалпы ұзындығы 746,1 шақырымды құрайтын каналдардың техникалық төлқұжаттарын жасауға 30,0 млн.теңге төленді.

Үшінші бағыт «АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту» аясында 2,3 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде фитосанитарлық қауіпсіздікке – 96,9 млн.теңге және ветеринарлық қауіпсіздікке – 2,2 млрд теңге. оның 1161,1 млн.теңгесі немесе 26,1 % игерілді.

Сарыппен ауру 209 бас малдарға санитарлық сою жүргізіліп, 5,1 млн.теңге өтемақы төленді, 13,3 мың бас қаңғыбас ит пен мысықтарды жоюға 24,8 млн.теңге бағытталды.


Орналастырылған күні: 25.07.2016 11:42

Өзгертілген күні: 25.07.2016 11:45:05

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх