Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

2016 жылдың қорытындысы


Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы мен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда 2016 жылы жүйелі жұмыстар атқарды.


Тілдік жағдайды зерделеу үшін облыстық және жергілікті атқарушы органдардағы кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жасалып тұрады. Облыс бойынша мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,3 пайызды құрады.


Облыста 10 мемлекеттік, 2 жекеменшік мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. 2016 жылы мемлекеттік тілді оқыту курсында 1281, ағылшын тілі курсында 184, орыс тілі курсында 81 тыңдаушы дәріс алды.
Жыл басынан Қазтест жүйесі негізінде 23 003 адам тестілеуден өтті. 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Сәрсенбінің сәтінде...» әдеби-мәдени кештер, тіл және өнер қайраткерлеріне арналған «Тағзым – 2» шарасы, «Алаш мұраты және Мұхамеджан Тынышпаев» атты ғылыми конференция, «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым», «Тәуелсіздік қарлығаштары: Жетісулық Алаш зиялылары» дөңгелек үстел, «Латын әліпбиіне көшудің алғышарттары» атты семинар, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары», «Тіл шебері», «Тіл – тұнық ойдың кәусары», «Абай оқулары», «О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Ой – сана», «Текті сөздің төресі – терме», «Тіл – парасат», «Батагөй» облыстық байқаулары, облыста тұңғыш рет қазақтың көрнекті ақыны Т. Молдағалиевқа арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты ақындар мен әншілердің республикалық байқауы, «Қазтест бағдарламасы негізінде білім деңгейін бақылау жүйесін жетілдіру» облыстық семинар, «Казконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет сайтында онлайн түрде ұйымдастырылған М. Мақатаевқа арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жазба ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасы ұйымдастырылды.


«О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері» облыстық байқауының жеңімпазы Сабырақын Қадыржан Шымкент қаласында өткен республикалық байқауда Бас жүлдені иеленді. 


«Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық байқауында «Жетісу» газетінің тілшісі М. Молдағалиева, «Тіл – парасат» республикалық байқауында К. Гончарова жүлделі ІІІ орынға, «Жетісу» телеарнасы «Тілсақшы» бағдарламасының редакторы М. Абитаева, «Ой – сана» республикалық байқауында С. Мұхаметқалиева, «Тілдарын» республикалық байқауында А. Жакипова ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Облыс аумағындағы көрнекі ақпараттардың жай-күйін қадағалау мақсатында 2016 жылдың ақпан-қараша айларында «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы жарияланды. Акция барысында 967 рейдтік зерделеу жүргізіліп, 3972 нысан қамтылды, 810 кемшілік анықталып, оның 802-сі түзетілді.


Облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Жамбыл, Іле, Панфилов, Талғар, Балқаш, Алакөл, Қарасай аудандарында зерделеу жұмыстары жүргізілді.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә. Жақсыбековтің 2016 жылғы 20 шілдедегі №6-1 тапсырмасына сәйкес Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған 14 нысанның атауын өзгерту бойынша тиісті қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынылды.
Облыс бойынша жарнама агенттіктері тарапынан түскен 658 жарнама мәтініне келісім берілді.
Өңірдегі мемлекеттік тілді халық арасында кең көлемде насихаттау шаралары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жүргізіледі.


«Жетісу» телеарнасының «Тілсақшы» бағдарламасы (жыл басынан 45 түсірілім ұйымдастырылды) облыс көлемінде тілдік ахуалдың жақсаруына оң ықпалын тигізуде. 

 
Жыл басынан бері облыстық баспасөзде 98, аудандық, қалалық газеттерде 136 (барлығы 234) мақала жарияланды.
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстағы тіл мәселесіне қатысты атқарылатын жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.


Орналастырылған күні: 06.01.2017 11:21

Өзгертілген күні: 06.01.2017 11:23:06

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх