Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың қорытындысы


Алматы облысы Көші-қон полициясының 2016 жылдың 12 айында атқарған жұмыс нәтижелері туралы
АҚПАРАТ

Есеп беру мерзімінде Алматы облысының көші-қон полициясында барлығы 264703 шетел азаматы тіркелді, оның ішінде алыс шетел азаматтары – 37568, ТМД елдерінің азаматтары – 227135.

Жалпы әкімшілік жауапкершілікке – 19835 азаматтар тартылды:  оның ішінде 10095 шетелдіктер, 9740 Қазақстан Республикасының азаматтар.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдайтын заңды және жеке тұлғалармен халық көші-қоны саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып шетел жұмыс күші мен еңбек мигранттарын жұмысқа тартқандары үшін 1127 ҚР азаматы жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан 702 шетелдік шығарылды.

ҚР АІЖК 36-4 бабына сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 18 шетелдік шығарылды.

Есеп беру мерзімінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР мен шетел азаматтарына қатысты 85 қылмыстық іс қозғалды: ҚР ҚК 392 бабымен – 13, ҚР ҚК 393 бабымен – 70, ҚР ҚК 394 бабымен – 2.

2016 жылдың 25 желтоқсан айына Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жалпы соммасы 44365064,5 теңгеге айыппұл салынды. Айыппұлдарды өндіріп алу 100%.

ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы №76 бұйрығын орындау мақсатында облыс ІІД Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерімен Алматы облысы аумағына келген еңбек мигранттарына рұқсат қағаздарын беру бойынша жұмыстар жүргізілді.  Ағымдағы жыл басынан бері  уақытша тіркелген 264703 шетелдіктердің ішінен 40687 шетел азаматы жеке тұлғаларда еңбек етуге рұқсат алды, 7695 қолда бар рұқсат қағаздарын ұзартты.

Алимент төлеуден жалтарып жүргендер мен мемлекеттік борышкерлерді іздеу бойынша келесідей көрсеткіштер бар: алимент төлеуден жалтарып жүрген 162 тұлғаның ішінен 152 іздестірілді, бұл 94% құрайды. Іздеуге жарияланған 176 мемлекеттік борышкерлердің ішінен 165 іздестірілді, бұл 94% құрайды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ішкі көші-қонды бақылау айтарлықтай рөлге ие. 

2016 жылдың желтоқсан айында тұрақты тұру орны бойынша 103193 адам тіркелген, 6608 адам тіркеуден шығарылған.  ҚР азаматтарының төлқұжаты мен жеке басын куәландыратын құжаттарын толтыруға 182926 формуляр рәсімделді.  

Атқарып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылдың 12 айында Қазақстан азаматтығына 3136 адам қабылданды, олардың ішінде соңғы өзгертулерге сәйкес жеңілдетілген тәртіппен 2913 азаматтыққа қабылданды. ҚР Президентінің нұсқауы бойынша – 223. 

Қазақстан Республикасының азаматы болып 1185  адам танылды. ҚР азаматтығын жоғалту бойынша азаматтардан 108 өтініш тіркелді. 

2016 жылдың басынан бері 10563 шетелдік өтінішпен жүгінген, оларға ықтиярхаттар берілген.  

Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін алу үшін 232 ТМД елдерінің азаматтары жүгінді, олардың барлығы азаматтығы жоқ тұлғалардың өтініштерін алды.

Басқа елдерге тұрақты тұруға шығу үшін 1114 материал рәсімделді.

 



Орналастырылған күні: 28.02.2017 12:01

Өзгертілген күні: 28.02.2017 12:02:22

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх