Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

2016 жылдың қорытындысы

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыстары жылдық жоспарына сәйкес атқарылды.

Мәдениет, мұрағат  мекемелерінің желісі – 564 нысанды құрайды.

Оның ішінде: 246 мәдениет үйлері мен клубтар, 268 кітапхана, 22 музей, 2 галерея, 19 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері және 2 видеомобиль.  Мәдениет саласындағы штат саны есепті жылы 2900,5бірлікті құрайды.

Мәдениет, архив мекемелеріне 2016 жылға 4 894,1 мың теңге бөлінді.Бүгінгі күнге 2016 жылы  мәдениет   нысандары   бойынша  күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 348,6 млн. теңге бөлініп, 4 нысандакүрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілу жоспарланған болатын.

Бүгінгі күнде Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейі, Кеген аудандық мәдениет үйі, Мамбет ауылдық мәдениет үйі жөндеуден өтіп халықтың игілігіне берілді.«Черкасск қорғаны» музейі жұмыстары алдағы жылы аяқталатын болады.

Жыл басынан бері облыс бойынша 45879  шара ұйымдастырылып, оған 9063839 адам қатысты. Есепті мерзімде 62 092 758 теңге ақылы қызмет көрсетілді.

Балалар  мен  жастардың  тәрбиесіне  ата-апаларымыздың  белсенділігін  арттыру мақсатында жыл басынан «Шежіре – өнер, тәлім отауы» үйірмелері ашылып, үйірмелер саны 236 –ға артып отыр.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы жоспар жасалынып, «25 жұлдызды күн» айдарымен барлық мәдениет мекемелерінде шаралар атқарылды.Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармония ұжымы, «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі шалғай орналасқан 75 елді мекендерде «Тәуелсіздікке тарту» концерттері мен қойылымдарын ұсынды

Қаңтардан қазан айы аралығында облыс бойынша М.Мақатаевтың 85 жылдығына ІХ «Жырлайды жүрек» облыстық әншілер байқауы, Қазақстанның халық артисі, әнші Зейнеп Қойшыбаева атындағы «Жауқазындай жайдарлы үн» облыстық жеке әншілер байқауы, ҚР Еңбек сіңірген артисі, күйші Рахым Тәжібаевтың 70 жылдығына «Күй құдіреті – ұрпаққа мұра» облыстық күйшілер байқауы, Жамбыл Жабаевтың 170, Қалқа Жапсарбаевтың 130, Қуат Терібаевтың 125 жылдықтарына арналған жас ақындар айтыстары ұйымдастырылды.

Халықаралық Әйелдер күніне арналған «Ана - тіршіліктің тірегі»,  «Наурыз мейрамы - Достық мейрамы» мерекелік шаралар мен мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі лайықты аталынып өтті.

Облыс өнерпаздары  республикалық «Жас Қанат», Астана қаласындағы халықаралық, азиялық, ғаламдық би байқауы, республикалық «Ақ көгершін» байқауы, Алматы қаласындағы  «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауларына қатысып, лауреат атанды.

Екі жылда бір өткізіліп келе жатқан «Ғасырлар үні» фольклорлы-этнографиялық ансамблдер фестивалі өз деңгейінде аталып өтті.

Шілде айында Райымбек ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тарихқа тағзым» мәдени көпшілік шарасы ұйымдастырылып, шара аясында Кеген ауылдық мәдениет үйі жөндеуден өтіп, облыстық Қылқалам шеберлерінің көрмесі, республикалық жыршылар байқауы өтіп, еліміздің  15 облысынан үміткерлер қатысты.

Сондай-ақ, шара аясында Райымбек ауданында екі ескерткіш бой көтерді.

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы аясында жыл сайын атқарылып келе жатқан аудан, қала мәдениет күндерінің ережесі бекітіліп, облыс әкімінің қаулысы шығарылып, белгіленген кесте бойынша шара атқарылды.

Шара аясында Ел Тәуелсіздігінің 25, Жамбыл Жабаевтың 170, Қуат Терібаевтың 125, Темірғали Рүстембековтің 110, Дәнеш Рақышевтің 90, Мұқағали Мақатаевтың 85, Сайын Мұратбековтің 80, Зылиха Тамшыбаеваның 80, Чернобыль апатының 30 жылдықтары кеңінен қамтылды.

Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің 90 жылдығына орай республикалық әншілер байқауы ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірінен 28 үміткер қатысты.

Облыс өнерпаздары 9-11 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен облыс күндеріне белсене ат салысып, «Конгресс Холл» залында үлкен концерт беріп, қолөнер шеберлері мен облысымыздың экономикалық өсімі жөнінде көрме ұйымдастырылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Түркі тілдес елдердің бірлескен «ТҮРКСОЙ»  Халық аспаптар оркестрінің гала-концерті өтіп, онда Қырғыстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Монғолия, Өзбекстан, Түркия елдерінің шығармалары орындалды.

Қазан айында облыс орталығында тұңғыш рет Халықаралық театрлар фестивалі өтіп, әлем актерлары өзара тәжірибе алмасып, халықтың рухани өміріне өз үлестерін қосты.

Бүгінгі күнге дейін «Таланты мира» қорының шақыртуымен  ІІ-Мәскеулік Халықаралық музыкалық фестивальге М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі мен халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Әсем Сембина, 20-23 сәуір күндері  ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін делегация құрамымен бір топ әртістер өнер көрестіп қайтты. «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі Астана қаласында өткен Шабыт халықаралық байқауына қатысып, бас жүлдені иеленді.

 «Елім менің», «Тәуелсіздік толғауы» байқауларына облысымыздан Д. Құрамысов пен Т. Ғұмаровтың шығармалары қатысып, жүлделі I – II орынды иеленіп қайтты.

18-21 маусым күндері ҚР Республикасының 25 жылдығына орай Түркияның Анкара қаласында өткен Сүйінбай Аронұлының мүсінін орнату рәсіміне және Сербия мемлекетінің Белгрод қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің ашылуы және 1-ші желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне орай қала ортасында Елбасының ескерткіші бой көтеріп, зиялы қауым  ашылу салтанатына куә болды.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында желтоқсан айында облыс өнерпаздары Венгрия, Будапешт елдеріне барып, ұлтық өнерімізді насихаттап қайтты.

Сүйінбай атындағы облыстық филармония ұжымы есепті 71 гастролдік сарарлар ұйымдасытырып, барлығы  251 концерт берді. Шараға 14 350 адам қатысып, жыл бойында 9 млн. 044 мың теңге қаржы тапты.

«Алатау әуендері» концерттік бірлестігі бүгінгі таңда 81 мәдени  шараға қатысты.  Оның ішінде ақылы гастрольдік іс сапарлармен 16концерт ұйымдастырды. Жыл басынан бері 44 944 көрерменге мәдени қызмет көрсетіп, 3 млн.689 мың 750 теңге ақылы қызмет атқарды.

Облыстық драма театр сахнасында 107 рет спектакльдер қойылып, оған 17 726 көрермен қамтылды.

Сонымен қатар театр артистері Алматы облысының аудандарына сәуір, мамыр, маусым, қазан айларында кіші гастрольдік іс-сапарларымен шығып, қараша-желтоқсан айларында Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қалаларында болып, жалпы 12 қойылым көрсетті.  Ақылы қызметтен 7 млн. 165 000 мың теңге қаржы тапты.

Есепті кезеңде облыс кітапханаларына 71 623 дана кітап түсіп, жалпы кітап қоры 5 млн. 125 мың, 621 дананы құрайды. Оқырмандар саны-314 645,  келушілер саны -3077245.

 «М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК мен филиалдарының есебінде тұрған экспонаттардың жалпы саны-60 074, оның ішінде  30012 - негізгі қорды, 30062көмекші қорды құрайды. Музейлерге  келуші адамдардың жалпы саны -40 069.Музейзалдары бойынша 2573 экскурсия жүргізіліп, 341 көрме ұйымдастырылды. Ақылы қызметтен түскен қаржы –4 255 610  теңге.

Көркемөнер галереясында 25 көрме ұйымдастырды. Оныңішінде:6 жеке, 14 жинақталған және5 жылжымалы көрмелер. Көрермен саны -9306.Ақылы кірген көрермендер саны -4402, жүргізілген  экскурсия саны 76 және 36 лекция. Ақылы қызметтен түскен қаржы көзі 650 000 теңге.   

Алматы облысының мемлекеттік архиві және оның филиалдарында, Талдықорған мемлекеттік архивінде жалпы 5939 қор, 1 670 559 сақтау бірліктері сақталуда.Мемлекеттiксақтауға26026 сақтау бірлігі, оның ішінде тұрақты сақталатын 16257 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 9540сақтау бiрлiгi, жеке тектік 229 сақтау бірлігі, жұмысын тоқтатып, жабылған мекемелердің 218 уақытша сақтау бірлігі қабылданды.

Архив мекемелері  тақырыптық 180 сұраныстардың  143 оңды, 37 теріс жауаппен орындады.  Оған қоса 30 230 әлеуметтік-құқықтық сұранымның 22 513 оңды, 7084 теріс жауаппен орындап, 633 сұранысты басқа архивтер мен мекемелерге жолданды. Қазақстан Республикасының СІМ және Консулдық қызмет департаментінен келген 42 сұранымның 33 оңды,  9 теріс жауаппен орындалды.

Бүгінгі күні облысымызда 2 340 ескерткіш бар.

Есепті жылы белгілі қайраткерлерге арналып 8 мемориалды тақта орнатылды.«Қазархеология» ЖШС-нің археологтары Райымбек ауданы Саты жайлауында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Алдағы уақытта да жұмыстар жоспарлы түрде атқарылатын болады.

 


Орналастырылған күні: 16.01.2017 20:03

Өзгертілген күні: 16.01.2017 20:05:01

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх