Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың қорытындысы


Облыста 105 этнос өкілдері тұрады. Олардың этностық мәдениеті мен салт-дәстүрін, тілін,сақтап, дамыту мақсатында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 23 облыстық:  38 аудандық, 10 қалалық филиалы, барлығы 71   этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. 

Сондай-ақ, Ассамблея жанында этносаралық қарым-қатынас бойынша ғылыми-сараптамалық топ, жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы,  «Ұлағат» Ақсақалдар Кеңесі мен Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңестері және «Бірлік» жастар қауымдастығы, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін өзге этнос өкілдерінен құрылған «Парасат» тіл жанашырлары клубы, «Өрнек» би  ансамблі,  «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі, “Полония” вокалды тобы,  «Көркем-ай» өнер-тәлім отауы, «Melоdi Kids» ән студиясы тұрақты түрде жұмыс істейді.

2016 жылдың IV тоқсанында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  этномәдени орталықтардың барлық  мүмкіндіктерін  жұмылдыра отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында қоғамдық маңызды, ел ішіндегі татулық пен бірегейлікті дамыту мақсатында барлығы 36 іс-шара ұйымдастырды. 

Атап айтқанда, халықаралық, республикалық, облыстық  деңгейде өткізілген 1 кеңейтілген мәжіліс, 7 форум, 2 фестиваль, 3 дөңгелек үстел, 4 байқау, 3 акция, 7 қабылдау, 1 конференция, 1 кеңес, 2 семинар, 4 кездесу, 1 салтанатты жиын.  

1 кеңейтілген мәжіліс:

7 қазан – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  Қоғамдық келісім кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтіп, күн тәртібінде бірнеше мәселе қарала келе, Кеңесте  қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, мемлекеттік емес ұйымдардың және этномәдени бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік органдардың,  ардагерлер және аналар кеңестерінің төрағалары мүшелікке қабылданып, барлығы 39 адамнан тұратын облыстық Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы О. Жақиянов  бекітілді. 

7 форум:

11-14 қазан «Елім менің» автокеруені  аясында Кербұлақ, Ұйғыр аудандарында  «Қазақстанға ыстық ықыласпен», «Атажұртты аңсау», Еңбекшіқазақ ауданында «Тәуелсіздік елдің тарихы». «Ұлы дала елінің мәңгілік дәстүрі» VI облыстық форумы, Қарасай ауданы Каскелең қаласында «Қазақстан -бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені»  қатарлы  форумдары ұйымдастырылды. Аталған шараларға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев,  «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Алматы облысының «Құрметті азаматы» С.Гаитова, тіл жанашырлары А.Осман мен Н.Лушниковалар қатысты

1 желтоқсан –ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген – елін сүйген Елбасы» облыстық форумы өтіп, форум аясында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Омардың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі өтті. Форумның негізгі мақсаты Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 25 жыл мерзім ішінде Қазақстанның дамуы жолындағы  жеткен жетістіктері мен табыстарын паш ету,  ел еңсесін тіктеп, мемлекетімізді мығымдап, халқымызды әлемге таныту жолындағы Елбасының ерен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету

1 қарашада Астана қаласынан бастау алған, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 5 желтоқсан күні Алматы облысы Панфилов ауданындағы Алтынкөл бекетінде аялдап, 7 желтоқсанда Талдықорған қаласында пойыздың ақпараттық-насихат тобы  Достық үйінде ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – тұғырым!» облыстық форумына қатысып, арнайы дайындалған көрмені тамашалады. 

2 фестиваль:

27 қазан күні Қазақстанның халық әртісі, әнші, сазгер, ұлағатты ұстаз Дәнеш Рақышевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Халқымның асыл қазынасы» атты облыстық фестивалін облыстық қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі орталығы ұйымдастырды.

4 қарашада  «Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің өңірлік аспектісі: тәжірибе, практика, әдістемелер» тақырыбына арналған дөңгелек үстел  өтіп, аталған шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Е. Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Смағұл және Ю.Тимощенко, ҚХА мүшелері және өңірлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері  қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, елде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтумен байланысты жаңа нысандарды талқылады. 26 қараша күні облыстық "Вайнах" этномəдени орталығының ұйымдастыруымен "Қазақстан - бақыт мекені" атты фестиваль өтті.

27 қараша – «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» іс-шара жоспарына сәйкес Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып қабылданған Декларацияның маңызы мен міндеті туралы облыстық этномәдени бірлестіктермен бірлесіп, «Бір ел, бір халық, бір тағдыр» дөңгелек үстелі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық акциясы аясында «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстелі өткізіліп, этномәдени бірлестіктердің   Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайлы М.Тынышбаев атындағы тарихи өлкетану мұражайында «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасының аясында  арнайы көрме ұйымдастырылды.  

4 байқау:

20 қазан –Аналар кеңесі мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру мақсатында «Ортақ шаңырақ аясында» ұйымдастырылған «Тарихтағы, әдебиеттегі, өнердегі ана бейнесі» атты облыстық байқауы өтті. Байқауға қатысушылар«Ең маңызды альбом» және «Ең үздік сахналық көрініс» атты екі номинация бойынша  өнер көрсетті. Байқаудың бас жүлдесіне Қарасай ауданы,  І орынға  Кербұлақ ауданы, ІІ орынға  Сарқан, Іле аудандары, ІІІ орынға Панфилов, Алакөл, Талғар аудандары ие болды. 

24 қараша – «Тұңғыш Президент» күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты V патриоттық ән байқауына облыс аумағында тұратын, жас мөлшері 18-ден  40 жасқа дейінгі 30 өнерпаз қатысып, Гран-при Азамат Үмбетовке, 1 орын Қаділжан Қайсар мен  Рахымберген Камилаға,  2 орын Алғысбек Дәуен мен  Болатхан Айбергенге, 3 орын Оспанов Мира мен  Інібек Ерасылдарға табысталып,   жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

24 қараша –ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілде жалпыреспубликалық шығармалар байқауының облыстық 1 кезеңі 22000-нан астам адамның қатысуымен  ұйымдастырылды.

3 акция, 7 қабылдау:   

1 қарашада Астана қаласынан бастау алған, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 5 желтоқсан күні Алматы облысы Панфилов ауданындағы Алтынкөл бекетінде аялдап, әрі қарай  8 желтоқсанда Қаратал ауданы, Үштөбе темір жол бекетінде, 9 желтоқсанда  Ақсу ауданы, Матай темір жол бекетінде,  10 желтоқсанда Алакөл ауданындағы «Достық» бекетінде, 12 желтоқсанда Кербұлақ ауданы Сарыөзек бекетінде, 13 желтоқсанда Қапшағай бекетінде жалғастырды. Аталған  ауқымды шара барысында  Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесуге 2100 адам, қоғамдық келісім кеңесінің Қоғамдық қабылдауына  88 адам, әділет министрлігінің заңгерлері құқықтық көмек көрсету бойынша 81 азамат, Ауыл шаруашылығы, Инвестициялар және даму министрлiгі өкілдеріне ауыл шаруашылығы  мәселелері бойынша  179 тұрғын, келіп кеңес алса, 131 адам зейнеткерлікке шығу, көп балалы және толық емес отбасылар жәрдемақы алу туралы сұрақтармен жүгініп,  қоғамдық қабылдауда өтініштерін білдірген   мұқтаж  жандарға  қайырымдылықтар жасалды.

Республиканың жетекші ғылыми орталықтарынан келген дəрігерлер барлығы 2268 адамға кеңес берсе, олардың 176-сы балалар болды. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен ауданның үздік мұғалімдерімен, білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесуге 1660 адам, мәдени көпшілік шараларға 19000-ға жуық адам қатысты. Сонымен, ынтымағы жарасқан ырысты өлкенің 7 бекетін аралаған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының  қызметкерлері жалпы облыс көлемінде 25000-нан астам халықтың игілігіне жұмыс жасап,   ел бірлігіне тәнті болып қайтты.

23 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қайырымдылық ұйымдар мен донорлардың «Қайырымдылық керуені» облыстық акциясын ұйымдастырылды.

Игі шараның мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру, қазақстандықтардың, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту.

«Медиация рәсімдері және даулар мен қайшылықтарды шешудегі медиатордың құралдары»,  Билингвиальді оқыту бойынша «Тәуелсіздік тірегі – Мемлекеттік тіл» тақырыбында 2 семинар, «Үзілген үміт», «Бүгінгі қыз-ертеңгі іскер әйел»,    «Тәуелсіздіктің құрдастары», «Ұлттық дәстүрлермен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтау» қатарлы 4 кездесу жиыны табысты өткізілді.

     

15 желтоқсан, 24 желтоқсан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиындарда Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары «Бірлік», «Тәуелсіздікке 25 жыл» мерекелік медальдарымен және облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен марапатталса, 22 желтоқсан күні облыстық Аналар кеңесі Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінде, аудандық, округтердегі аналармен бірлесіп,  «Ұлттық дәстүрлермен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтау» атты жылдық қорытынды есебін берді.

4 тоқсандағы әлеуметтік зерттеулер туралы.

«Саяси және әлеуметтік зерттеулер орталығы» қоғамдық қорымен «Алматы облысындағы этносаралық қарым-қатынас бойынша зерттеу» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан респонденттердің жалпы саны - 1900 адам. Сауалнама әдісі - face-to-face (сұхбат). Сауалнама географиясы Алматы облысының 16 ауданы мен 3 қаласын қамтыды. 

Алматы облысы бойынша сауалнамаға қатысушылардың  99,7% өздерін біртұтас Қазақстан халқының өкіліне жатқызған. Әрине, бұл көрсеткіш  біртұтастық, толеранттылық пен бірліктің  айқын айғағы. 

Медиация бойынша атқарылған жұмыс.

Алматы облысында кәсіби 21, кәсіби емес 272 медиатор бар.

21 қазан күні «Медиация рәсімдері және даулар мен қайшылықтарды шешудегі медиатордың құралдары» тақырыбындағы семинар-тренингін өткізді. Семинарға облыстың барлық аудан, қалалардағы кәсіби емес  38 медиатор  қатысып, сертификаттар тапсырылды.

Мемлекеттік тілді  оқыту және насихаттау бойынша атқарылған жұмыстар.

«Ұлы дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық акциясы аясында «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстелі, облыстық ұйғыр этномәдени орталығының «Ана және отбасы» форумы аясында Панфилов ауданы Жаркент қаласының Жамбыл орта мектебінде Билингвиальді оқыту бойынша «Тәуелсіздік тірегі – Мемлекеттік тіл» атты семинары, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты мемлекеттік тілде жалпыреспубликалық шығармалар байқауының  облыстық  кезеңі өтті.  Байқау Алматы облысының барлық аудан, қалаларында бірдей уақытта басталып жалпы 22 000 – нан астам  адам қатысты.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс туралы.

 Жоғарыда көрсетілген Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс - шаралардың барлығы БАҚ - беттерінде кеңінен насихатталды: Аудандық «Ақсу өңірі», «Жаркент өңірі», «Хан Тәңірі», «Кербұлақ жұлдызы», «Нұрлы Көксу», «Жетісу шұғыласы» және т.б. облыстық «Огни Алатау» - 23, «Жетісу» газеттеріне - 24, қалалық «Талдықорған» - 6, республикалық «Егеменді Қазақстан» - 28, «Каз. правда»-27, газеттерде 126, Телеарнада 255, ҚХА сайты-54 ақпарат, сайт Казинформ-2, bnews-5, әлеуметтік желілер (ВК, фейсбук,инстаграм) 40 ақпарат, телеарна- 37, жалпы 262 материал жарық көрді.

Облыстық «Жетісу» телеарнасында облыстық Ассамблея мен этномәдени орталықтарының жұмысын, этностардың мәдениетін, дәстүрін насихаттайтын «Единый народ» циклды телехабары апта сайын шығарылып тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл бойына барлығы БАҚ- беттерінде кеңінен насихатталды: Аудандық, облыстық, республикалық газеттерде 330, Телеарнада 255, ҚХА сайты, әлеуметтік желілер (ВК, фейсбук,инстаграм) 410 ақпарат, жалпы 995 материал жарық көрді.


Орналастырылған күні: 17.01.2017 16:14

Өзгертілген күні: 17.01.2017 16:15:45

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх