Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың қорытындысы


1. Облыстағы діни ахуал дамуының үрдістері: 2016 жылда  облыс аумағында діни ахуал тұрақты және болжамды болып сақталды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткізіліп жатқан діни төзімділікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ықпалын тигізуде.

Бүгінгі күнде дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзектілігін, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу жұмыстарының маңыздылығын ескере отырып, «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ-нің  «Дін саласындағы мәселелерді  зерттеу орталығы» КММ-сі теологтар мен дінтанушыларға арналған қосымша  28 штаттық бірлікпен қамтамасыз етілді.Аталған мамандар облыс бойынша әр аудан, қалалардағы діни ахуалды зерделеу, тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру жұмыстарымен айналысады.

Сонымен қатар, Діни мәселелерді қамтитын облыс аумағында болған оқиғаларға жедел түрде әрекет ету; Облыстың барлық шалғай жерлеріне, терең елді мекендер мен шекаралық участкелерге төтенше келу мүмкіндігі; Облыс аудандары мен қалаларының халық арасында түсіндіру жұмыстары аумағының ұлғайуы; Әскери бөлімдер мен түзету мекемелерінде, ғибадат орындарында,  халықтың жаппай жиналу (алаңдар, саябақтар, базарлар) орындарында тікелей түсіндіру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі; Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге жеке оңалту сұхбатын жүргізу мүмкіндігі нәтижелі болуы үшін облыс әкімдігі тарапынан 2 қызметтік көлікке қаражат бөлінді.

Облыс аумағында өткізілген іс-шаралар дін саласындағы мемлекеттік саясаттың талаптарына сай жүргізіліп отырды.

Жергілікті тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының, сондай-ақ, облысымызға білімі мен біліктілігі жоғары теологтар шақырылып, әр түрлі форматта өткізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде өңір жұртшылығының діни сауаттылығы артып, оң көзқарас қалыптасып келеді.

Есептік кезеңде, облысымыздағы конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарды.

2016 жылға арналған жоспар бойынша дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бағытында қызмет ететін Алматы облысының Ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы халық арасында өз деңгейінде, тұрақты жүргізілуде.

27 мамыр күні «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында Талдықорған қаласында облыстық конференция өткізілді. Шараға, жалпы 500 адам қатысты.

29 шілде күні Алакөл ауданы Үшарал қаласында «Дін және әйел» тақырыбында облыстық семинар өтті. Барлығы 400 адам қатысты.

Қыркүйек айының 12 күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешітіне келіп, облыс тұрғындарын аса ұлық Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Осыдан кейін облыс басшысы айт намазына қатысып, соңында құрбандық шалды.

Сонымен қатар, «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ-нің басшысы Р. Есдәулетовтың бастауымен Құрбан айт мерекесіне орай мекеме ұжымы атынан құрбандық шалынып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы мұқтаж жандарға таратылды.

Алматы облысында Құрбан айтты мерекелеу аясында 3 түйе, 97 ірі қара, 2109 бас қой, 26 бас ешкі сойылып, 9524–ден көп балалы және аз қамтылған отбасыларына еті бөлінді.

29 қыркүйек күні Алматы облысы бойынша қорғаныс департаменті ғимаратында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашевтің төрағалық етуімен «Әскери ортада деструктивті діни ағымдардың ықпалын болдырмау және күзгі уақыттағы әскер қатарына шақырылушыларды теріс идеядан сақтандыру» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, әскери коммиссариат жетекшілері, ҰҚК ішкі барлауға қарсы бөлімінің қызметкерлері барлығы  80 адам қатысты.

2016 жылдың 18-28 қазан аралығында 16 аудан мен 3 қалада «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында 249 қала, аудандардың, ауылдық округтер әкімдерінің, 458 учаскелік полицейлер, 706 мектеп директорлары мен 819 «Зайырлылық және дінтану негіздері» пән мұғалімдерінің қатысуымен барлығы 2232 тыңдарман оқыту курстарына қатысып 6 аймақта өткізілді. Курс басында 25 минуттық «Жетісу» телеарнасы түсірген «Ақиқаты мен жалғаны» және 7 минуттық «Зов шакалов» атты бейнефильмдері көрсетілді.

Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

1 қараша күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Дін бірлігі-Тәуелсіздік тірегі» атты жас ақындар арасында облыстық жыр мүшайрасы өткізілді. Барлығы 14 ақын бақ сынасып, жүлделі орындар мен сыйлықтар табысталды. Барлығы 100 адам қамтылды.

12-14 қараша күндері аралығында Алматы облысы дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырмасы бойынша Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, «Үшқоңыр колледж-медресесінде» Алматы өңірінің 60 имамына 3 күндік оқыту курсы болып өтті. Семинар қорытындысы бойынша имамдарға сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар, 19-21 қараша күндері Талдықорған қаласында орналасқан «Жетісу» қайырымдылық мекемесінде Талдықорған өңірінің жоспар бойынша 40 имамына, ал өз ниетімен қатысушы 5 имамға 3 күндік оқыту курсы өтті. Шара соңынан дәріс алған имамдарға Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлы Есдәулетов сертификаттарын табыс етіп, имамдарға алғыс білдірді.

28 қараша күні Болашақ ұрпақты имандылыққа шақыратын, дәстүрлi емес дiни ағымдардың керi әсерiнен сақтап, дiни экстремизмнiң алдын-алу және дәстүрлi дiнiмiздi дұрыс насихаттау мақсатында Жетiсу өңiрiнiң тұрғындарына Талдықорған қаласы Б. Римова драма театрында «Адасқандар» атты қойылым көрсетiлдi. Сондай-ақ, 22 желтоқсан күні Іле ауданы, Ақщи ауылының Мәдениет үйінде дәл осы қойылым көрсетілді.

7 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында «Зайырлы қоғам мен конфессияаралық келісім – Тәуелсіздіктің рухани тірегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Барлығы 450 адам қатысты.

27 қыркүйек күні Алматы облысының дін істері басқармасы басшысы   Р. Есдәулетов «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Ж. А. Басюнимен кездесіп, өңірдегі діни ахуалға ой салып, ортақтасып атқаратын іс-әрекеттерге тоқталды. Кездесу бірлесіп атқаратын жұмыстың басты құжатымен рәсімделіп, әрекеттестік меморандумға ресми түрде екі жақ қол қойды. Құжат бейбітшілікті және конфессияаралық келісімді насихаттауда бірлескен әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді.

5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Алматы облысында жат ағымдарға қарсы күрес жүргізу, халық арасында діни сауаттылықты арттыру, конфессияаралық үн қатысу идеясын ілгерілету мақсатында дінтанушыларды даярлаушы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен Алматы облысы дін істері басқармасы арасында тұңғыш рет меморандумға қол қойылды.

 Сонымен қатар, Алматы облысы дін істері басқармасы Шет тілдер және іскерлік карьера университетімен жүйелі қарым-қатынас орнату туралы келісімді бекітті. Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р. Есдаулетов пен Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры С. Хизметли қол қойды.

2. Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер. Діни бірлестік пен филиалдарының жалпы саны 584-ті құрады. Оның ішінде: ислам мешіті-428, православ-48, Рим-Католик-11, протестанттық-95 және  2 дәстүрлі емес діни бірлестіктер.

Діни бірлестіктердің саны 2015 жылмен салыстырғанда 32-ке артып отыр. Оның 18-і ислам мешіті 12-і протестанттық бірлестіктер, яғни баптистер-5, Елуіншілер-5 және Талғар ауданында-1 Лютерандық, Панфилов ауданында -1 Рим-Католик тіркелген.

Сонымен қатар, облыс көлемінде мешіттерде барлығы 484 имам қызмет атқарады. Олардың ішінде: 85,5% (415) бас имамдар, 14,5% (69) наиб имамдар және де 11 мешітте бос орындар бар. Атап айтқанда: Алакөл ауданында – 1, Еңбекшіқазақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 2,  Кербұлақ ауданында – 1 және Райымбек ауданында – 3 мешіт имамдар қажет етеді.

Білім деңгейлері бойынша облыста 19,8% (93 имам) жоғары білімді, 15,1% (73 имам) медресе бітірген, 51,5% (248 имам) курстан өткен және  14,2% (70 имам) орта білімді имамдар қызмет атқарады.

Алматы облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан, қала және ауыл имамдарына жалақы төлеу үшін 12 мен 3 қалада қорлар құрылған. Қалған 4 ауданда қор құру мүмкіндіктері қарастырылуда.

Жұма намазына үнемі зерделеу жүргізіліп, діни тұрақтылықты сақтау басты назарға алынып келеді.

3. Миссионерлік қызметтің жағдайы.  Облыста 20 миссионер тіркелген, оның 16- католицизмді, 4- протестантизмді (пресвитериан) ұстанады. Олардың 2-Италиядан, 1-Испаниядан, 5-Польшадан, 7-Оңтүстік Кореядан,  1- Литвадан, 2- Словакиядан  және  2- Қазақстандық.

Талдықорған каласында–6, Қапшағай қаласында-10, Еңбекшіқазақ ауданында-1, Талғар  ауданында-1, Текелі қаласында 2 миссионер тіркелген.

Миссионерлердің жалпы саны 2015 жылмен салыстырғанда 5-ке артып отыр.

4. Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған 20 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Оның ішінде 8 орында (Алакөл, Ескелді, Панфилов, Жамбыл, Қарасай, Сарқан, Талғар аудандары және Талдықорған қаласы) діни әдебиеттер сатылады.

Алматы облысының дін істері басқармасы ғимаратында арнайы діни әдебиеттер кітапханасы ашылып, «Көкжиек» баспаханасымен келісім жасалынды. Кітапхана қоры үнемі жаңартылуда.

5. Рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметі. Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы «Үшқоңыр медресесіне» жүргізілген зерделеу барысында медресенің кітапханасындағы оқулықтардың барлық саны 4917 дана болды. Қазақ тілінде-3553 дана; араб тілінде-418 дана; түрік тілінде-481дана; орыс тілінде-465 дана кітаптар пайдаланылады. Медреседегі оқу курсына қажетті кітапханадағы діни кітаптар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінен сараптамадан өткен. Ал, араб және түрік тіліндегі кітаптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен алынған.

Оқытушы-профессорлар құрамында 16 қазақстандық ұстаздар қызмет атқарады.

6. Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың қызметі. Алматы облысының  2012 жылғы 10 желтоқсандағы №389 қаулысымен 7 намазхана келісілді.

Қазіргі кезде аудан имамдары жергілікті атқарушы органдарда бар ғимараттарды келісу үшін құжаттар жинау бойынша жұмыс жүргізуде.

7. БАҚ-да мақалалар жариялау жұмыстары.

Облыстық, аудандық БАҚ беттерінде жалпы 1244 мақала жарияланды. Ал, 2015 жылы 617  мақала жарияланған.

АТТ жоспарына сәйкес әр түрлі бағыттағы діни мәселелерге байланысты 81240 материалдар саны шығарылып, өткізілген іс-шараларда тұрғындарға таратылды.

8. Ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстары.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтары еліміздегі үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға, нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихат түсіндіру жұмыстарын іске асыру үшін құрылған. Тамыз айында ақпараттық-түсіндіру топтарын дін саласында сауаты бар мүшелермен толықтыру мақсатында аудан, қала әкімдіктерінен тізім алынып жаңартылды. Облыс бойынша құрамында 383 мүшесі бар 1 облыстық, 3 қалалық, 16 аудандық 20 ақпараттық-түсіндіру топтары жаңартылып жұмыс жасауда. Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарына: 121 мемлекеттік қызметкер, 20 беделді азамат, 10 денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар,               8 Қазақстан халқы ассамблеясының және этномәдени топ өкілдері, 93 ҚМДБ имамдары және басқада діни бірлестіктердің өкілдері, 22 дінтанушы, исламтанушы, теолог, 33 құқық қорғау органдары қызметкері, 7 мәдениет, өнер және спорт саласының өкілі, 9 ҮЕҰ қоғамдық бірлестік өкілдері, 3 партия жетекшілері мен мәслихат депутаттары, 16 мектеп, колледж директорлары мен мұғалімдері,20 жастар ұйымдарының өкілі және 21 БАҚ өкілдері тартылған.

2015 жылы 136 семинар, 17 дәріс, 16 конференция, 78 дөңгелек үстел, 168 кездесу, 8 тәрбие сағаты, 2 сұхбат, 1 вебинар, 5 пікірталас, 3 дебат, 2 ашық есік, 13 спорттық іс-шара, 3 байқау жалпы 452 іс-шара өткізіліп, 52387 адам қатысқан болса, 2016 жылы облыс бойынша жоспарға сәйкес 122 дөңгелек үстел,  169 семинар, 82 дәріс, 458 кездесу, 29 конференция, 2154 тәрбие сағаты, 9 пікірталас, 6 акция, 2 байқау, 137 отырыс, 1 сауалнама, 17 сұхбат, 2 спорттық іс-шара, 6-оқыту курсы, 1 мүшайра, 2 сурет көрмесі жалпы 3197 іс-шара өткізіліп, оған  167402 адам қатысты. Есептік кезеңмен салыстырғанда 2745-ге артып отыр.

2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 бағытта 113 шара өткізілді. Оның ішінде: 58 семинар, 2 дәріс, 1 конференция, 13 дөңгелек үстел, 37 кездесу, 2 рухани іс-шара.

Бағытына бөліп қарастырсақ:

1. Студент және оқушы жастармен жұмыс – 19 шара, 3232 адам қамтылды;

2. Жұмыссыз жастармен жұмыс – 19 шара, 3465 адам;

3. Еңбек ұжымдарындағы жұмыс – 15 шара, 2728 адам;

4. Бюджеттік мекеме қызметкерлерімен жұмыс – 13 шара, 1985 адам;

5. Құқық қорғау органы қызметкерлерімен жұмыс – 13 шара, 1641 адам;

6. Дінді қатаң ұстанатын тұрғындармен жұмыс – 16 адам, 2505 адам;

7. Ауылдық жерлердегі жұмыс – 18 шара, 3344 адам.

АТТ мүшелері жүргізген іс-шараларда қамтылған негізгі мақсатты аудитория: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ЖОО студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, діншіл жамағат, сотталғандар.

9. Шетелдердегі теологиялық оқу орындарында білім алып жатқан  Қазақстан азаматтарымен жүргізілетін түсіндіру жұмыстары. 2016 жылғы соңғы мәліметке сәйкес облыс аумағынан шетелдерде діни білім алып жатқан 59 студент тіркелген.

10. Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру.

Ағымдағы жыл басынан облыстық дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Алакөл, Ескелді, Сарқан, Панфилов, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Ұйғыр, Ақсу, Іле, Кербұлақ аудандары мен Қапшағай, Текелі, Талдықорған қаласына қарасты орталық және ауылдық мешіттерінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті мамандары мен «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары А.Қуанышбаев, А.Сманов, А.Әділбаев, Р.Батталұлы, С.Құрабанұлы, Б.Алиұлы, С.Тәжібаев, М.Бейбіт, А.Елжанов, Р.Әкімбеков, М.Исаұлы, Б.Мырзагелдиев, Б.Әбдуәлі, Р.Чинкужанов, А.Кеңесбай, А.Қасымова, Қ. Құрманбаевтың қатысуымен «Деструктивті діни ағымдардың кері әсері», «Ислам және зайырлы қоғам» «Қызға қырық үйден тыйым», «Мәзхабтар арасындағы айырмашылық», «Құран мен хадистерді дұрыс түсінбеу салдарынан туындап жатқан проблемалар» т.б тақырыптар аясында мешіт жамағаттарымен кездесу өтіп, барлығы 8000-ға жуық адам ақпараттандырылды.

23 маусым күні зерттеу орталығының бөлім басшысы Т.Нүсіпханов, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің наиб имамы А.Оразбаев, ҚМДБ-ның «Халал» өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Б.Мырзагелдиев Талдықорған қаласы «Журналистер үйінде» брифинг өткізді. Пресс-конференция жұмысына республикалық, облыстық БАҚ («Хабар», «Қазақстан», «Жетісу» телеарналары мен «Огни Алатау», «Жетісу», «Өлке тынысы», «Егемен Қазақстан» геазеттері) өкілдері қатысты. Мамандар тілшілердің халал өнімдерін стандарттауға, Ақтөбе облысындағы қанды оқиғаға, экстремизм мен терроризм идеяларының бүгінгі жай-күйі мен тосқауыл қою жолдарына байланысты қойған сұрақтарына толық жауаптар берді. Брифинг ұйымдастырудың негізгі мақсаты БАҚ құралдары арқылы облыс, республика халқын дін мәселелері жөнінде ақпараттандыру.

26 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы хиджаб мәселесі» тақырыбында семинар өтті. Кездесу барысында «Адасқан ағымдар» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Семинарда аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, колледж мұғалімдері, жастар ресурстық орталығының кеңесшілері, студент жастар барлығы 250-ге жуық адам ақпараттандырылды.

Өңірдегі әйел жамағаттарымен ұйымдастырылған іс-шаралар туралы:

Әйел жамағаттары арасында өткен кездесулерге барлығы 650 адам ақпараттандырылды. Орталық мамандары тарапынан дәстүрлі емес діни ағым «Сәләфизм» сенімін ұстанушы 2 әйел азаматымен жеке оңалту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде дәстүрлі ислам дінінің ханафи мәзхабына өтті. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.

Оқушы және студент жастармен ұйымдастырылған жұмыстар бойынша:

Ағымдағы жылдың сәуір айында орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес  Талдықорған қаласының жоғары оқу орындары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері және арнаулы орта оқу орындары, әлеуметтік орталықтар мен өнеркәсіп орындарындағы жастар арасында кереғар діни ұйымдар мен дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтандыруға бағытталған түсіндіру-ақпараттық жұмыстары жүргізілді. Кездесуде «Суицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу», «Дін және жастар» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Жалпы 27 мектеп және 5 колледж 1 интернат  барлығы 2727 адам қамтылды.

11.Түзету мекемелеріндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

2016 жылы дін саласына жауапты мекемелер мен құзіретті органдар тарапынан түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айырылған тұлғаларға қатысты рухани-тәрбиелеу шараларының жоспары бекітілген. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына білікті мамандар тартылып, ондағы жұмыстар айына 5 реттен жүргізілуі жоспарланған. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың діни сауатын арттыру, теріс идеологиядан айнытып, қоғамға бейімдеу, дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын санасына сіңіру мақсатында құрылған 2016 жылғы рухани-тәрбиелеу шараларының жоспарында дәстүрлі Ханафи мәзһабы бойынша «фиқһ» мәселесі, Мәтуриди сенім мектебі бойынша «ақида» мәселесі және араб тілі грамматикасы, яғни «Тәжуид» дәрістерін өткізу назарға алынған. Топтық кездесулерде «Ислам тарихы», «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» т.б тақырыптар аясында арнайы дәрістер өткізу де жоспарға енгізілген.

2016 жылдың басынан облыс аумағындағы түзеу мекемелерінде 208 іс-шара өтті. Түзету мекемелеріндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында орта есеппен 1750-ге жуық адам қамтылды.

12. Сенім телефонының қызметі. 

Халыққа дін саласында психологиялық және құқықтық көмек көрсету бойынша сенім телефоны өз қызметін жалғастыруда. Сенім телефонының қызметі мен жұмыс тәртібін бұқаралық ақпарат құралдары, яғни облыстық, аудандық газеттерге, «Жетісу» телеарнасының телемаркеті мен жүгіртпе жолына үздіксіз хабарламалар беру арқылы халықтың назарына жеткізілуде. А.ж қыркүйек-қазан айларында зерттеу орталығының тапсырысы бойынша облыс аумағындағы 3 қала, 16 ауданға 16 дана билборд 500 дана жарнама парақшалары шығарылып таратылды.

Сенім телефонының кестесі ай сайын құрылып, мекеме директорымен бекітіледі. Арнайы есепке алу журналы ашылып, мөрленіп, тігілді. Жауапты мамандар азаматтардың сауалдарын жұмыс күндері 08:00-20:00-ге дейін, демалыс күндері 09:00-17:00-ге дейін арнайы құрылған кезекшілік кестесіне сәйкес қабылдайды. Сенім телефонының халық арасында өзектілігін ескере отырып, алдағы уақытта тәулік бойы үздіксіз ақпарат қабылдау мүмкіндіктері қарастырылуда. А.ж басынан 82 қоңырау келіп түсіп, мамандар тарапынан сұрақтарға тиянақты жауаптар берілді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, сұрақтардың басым көпшілігі діни терминдерге және діни амалдарға қатысты екені анықталды. Шақырту мен түсіндіру жұмыстарын талап ететін қоңыраулар түспеді.

13. Дінтану сараптамасын жүргізу бағытындағы жұмыстар. 

2016 жылы Алматы облысы дін істері басқармасы тарапынан Дін істері комитетіне терроризм және діни экстремизм идеяларын уағыздайтын 230 желі дінтану сараптамасына жолданды, қазіргі уақытта 27 желіге дінтану сараптамасы жүргізіліп жатыр.

Сараптаманың нәтижесі бойынша 172 сайтқа теріс қорытынды берілген, оның ішінде ҚР тосқауыл қойылған сайттар саны 81.

Сонымен қатар, 18 желі ҚР Конституциясына және заңнамаларына қайшы келмейді, 5 материалдың мазмұны діни сипатта емес.

Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында 65 бейнеролик пен бейнефильмдер халық назарына ұсынылды. Сонымен қатар, діни сауаттылықты арттыру мақсатында 1100-ге жуық мақалалар жарық көрді.

14. Кеңес жұмысы. 

Жоспарға  сәйкес, жыл басынан бері Кеңестің   4 отырысы өткізілді. Атап айтқанда 2016 жылы 27 мамырында Кеңестің кезекті отырысында Ескелді, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестердің дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру топтардың жұмыстары бойынша және діни ахуал туралы аудан әкімі орынбасарларының есептері тыңдалды. Сонымен қатар, екінші мәселе бойынша Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Талдықорған өңірі өкілдігі тарапынан жастар арасында экстремизм мен радикализм идеяларының алдын алу бойынша атқарылған шаралар және деструктивтік теріс ағым жақтастарымен жүргізілген оңалту жұмыстары туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілі  баяндама жасады.

Кеңестің қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары –  Б. Өнербаев облыс аумағындағы діни ахуалдың тұрақтылығын және берілген тапсырмалардың өз мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық ішкі істер департаментіне, жастар саясаты мәселелері   басқармасына,  білім басқармасына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне, Алматы, Талдықорған өңірлерінің өкіл имамдарына тиісті тапсырмалар берді.

2016 жылдың қазанның 7 жұлдызында Алматы облысының дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің Кеңес жоспарына сәйкес Кеңестің кезекті 2 отырысы өтті. Кеңес төрағасы облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаев төрағалық етті. Іле ауданы әкімінің орынбасары, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары және ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имам Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын міндеттердің облыстық БАҚ арқылы атқарылған жұмысы туралы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баяхметқызы Маупашева баяндама оқып, Алматы облысысының діни ахуалы туралы мәлімет берді.

22 желтоқсан күні Кеңес жоспарына сәйкес Кеңестің кезекті  отырысы өтті. Кеңес төрағасы облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар төрағалық етті. Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, Көксу ауданы әкімінің орынбасары және Облыстағы орта білім беру мекемелерінде, колледждерде дәстүрлі діннің құндылықтары және экстремистік, радикалдық діни ағымдардың зардабы мен залалын түсіндіру жұмыстары туралы Облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Жаңыл Мағданқызы Сүлейменова баяндамаларын оқып Алматы облысының діни ахуалы туралы мәлімет берді.

Кеңестің мақсаты – қоғам мен конфессияаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, рухани келісімді нығайту, діни сенім бостандығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

15. Діни бірлестіктер басшыларының клубы.

 «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 13 шілде күні сағат 11:00-де «АСТАНА – Қазақстан халқының рухани бірлігінің белгісі» тақырыбында Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының бірінші отырысы өтті.

Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту; әлеуметтік қызмет, бейбітшілік саласында тәжірибе алмасу мақсатында түрлі діни қайраткерлері арасында тығыз байланыс орнатуға ықпал ету; діни экстермизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл ету; қоғамның бірлігі мен татулықты нығайту мақсатында конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогті дамыту жолдары.

Төраға-модератор ретінде Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының жұмысына Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлы Есдаулетов кіріспе сөзінде дінаралық диалог алаңы туралы айтты. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірінің өкіл имамы С. Ахмадиев, Талдықорған қаласы «Архангел Гавриил храмының приходы» ЖДБ-нің священнигі А. Матлашов, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы А. Идигов өз баяндамаларын жасады.

8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қазақстан Тәуелсіздігі: конфессия аралық келісімнің 25 жылдығы» тақырыбында Діни бірлестіктер жетекшілер клубының салтанатты жиынымен

Дін саласындағы үздіктерді «25 үлгілі ғибадатхана», «25 үздік діни қызметкер», «25 қайырымды іс» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтті.

16. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі.

ҚМДБ-ның өңірлік өкілдіктерімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде:

- ҚМДБ-ның өңірлік мешіттері жанынан аумақтағы барлық мешіттердің қызметі, дін саласындағы өзекті мәселелер және тағы басқа да мәліметтер жарияланып тұратын 1 ғаламтор сайты жұмыс істейді.

- Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің нұсқаушысы Қ. Мүтебаев облыстық «Жетісу» телеарнасының «Иманашар» бағдарламасын Қасиетті Рамазан айында күнделікті сағат 10.00-де тұрақты жүргізуде. Бағдарламада облыс аумағындағы имамдардың және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дін саласындағы ғалымдар мен сарапшылар, ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің арнайы сұхбаттары беріліп отырады.  

- аймақта Құрбан айт күндерінде жұма намазына «Құрбан айт барша мұсылманның ұлық мейрамы» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

- ҚМДБ–ның ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университетінде экстремизм және жат ағымға қарсы жұмыс атқарып жүрген имамдардың 2- айлық білімін арттыру курсы 02.09.2016 ж.- 02.11.2016 ж. аралығында тегін оқытылуда.

- Алматы облысында 2016 жылы қажылыққа Алматы өңірі бойынша  10 имам, Талдықорған өңірі бойынша өкіл иамам С. Ахмадиевтің бастауымен   6 имам қажылыққа барып, парызын өтеп келді.

Алматы облысындағы діни ахуалды талдау барысында, аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың, конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың бар екендігі аңғарылды. Өткізілген іс-шаралар оң нәтиже беріп, тұрғындардың ақпараттық-танымдық деңгейлерін арттыруға игі ықпал етіп отырғандығын байқатады.


Орналастырылған күні: 17.01.2017 16:49

Өзгертілген күні: 17.01.2017 17:05:24

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх