Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

2016 жылдың қорытындысы

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстары:

2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының  үш бағыты бойынша  17521,8 млн.теңге (ҰҚ – 8269,5 млн.теңге, РБ – 3931,4 млн.теңге, ҚР Үкіметінің арнайы резервінен – 4342,5 млн.теңге, ЖБ – 978,4 млн.теңге) бөлінді. 2017 жылдың 1 қаңтарына 15940,0 млн.теңгесі игерілді немесе 91,0% құрады.

Бірінші бағыт бойынша 419 жобаны іске асыруға 10964,7 млн.тенге бөлініп  (ҰҚ – 3903,8 млн.теңге, РБ – 1740,0 млн.теңге, ҚР Үкіметінің арнайы резервінен – 4342,5 млн. теңге, ЖБ – 978,4 млн. теңге), 2017 жылдың 1 қаңтарына 10947,3 млн.теңгесі игерілді немесе 99,8% құрады.

418 жобалардың жұмыстары аяқталды, аталған жобаларда барлығы 4223 жұмыс орны құрылып, 2226 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша 1457 адамға 5833,0 млн.теңге шағын несие беруге (3 млн. тенгеге дейін 968 адамға 2903,0 млн. тенге,   6 млн. теңгеге дейін 489 адамға 2930,0 млн.тенге) және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға   391 адамға 17,8 млн.теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

2017 жылдың 1 қаңтарына 1302 адамға 4274,5 млн. теңге, оның ішінде қайтарылған сомадан 1 адамға 2,8 млн. теңге шағын несие берілді.

Үшінші бағыт  бойынша 706,3 млн.теңге бөлінді.

2017 жылдың 1 қаңтарына кәсіптік оқытумен 1883 адам қамтылды. Оның ішінде 1883 адам оқуын аяқтап, 1784 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.  

Жыл басынан нақты әлеуметтік жұмыс орындарына 1034 адам орналастырылды,  жастар практикасына  1460 түлек жіберілді.

Әлеуметтік көмек көрсету

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының арқасында әлеуметтік көмек алушылардың саны жыл сайын азаюда. 2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 106,3 мың адамға 2177,5 млн. теңге мөлшерінде әр түрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5187 алушыға азайды (01.01.2016 ж. -101,1 мың адам 1871,5 млн.теңге).

Оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 3030 адамға 98,7 млн. теңге сомасында төленді. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 659  адамға азайды (01.01.2016 ж.- 3689 адам  112,1 млн.теңге).

18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 41686 балаға  127076  отбасы 761,3 млн. теңге төленді.

Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі  облысымыздың  9677 отбасына 355,3 млн. теңге мөлшерінде төленді, оның ішінде жеке жер үйде тұратын 8278 отбасына 318,4 млн. теңге төленді. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 140  алушыға азайды.

Экономикалық белсенділік, тұрғындар табысының артуы мен әлеуметтік қамсыздандыру саласының дамуы кедейлік деңгейін төмендетуге ықпал етті. 2016 жылдың 1 қаңтарына  бұл көрсеткіш 0,1 пайызды құрайды.

 

Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар:

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытының аясында ағымдағы жылы облысқа шағын несиелеуге 5 млрд. 833 млн.теңге бөлінді (2015 жыыл – 1,3 млрд. теңге). Бұл 2015 жылдың деңгейінен 4,5 есе көп.

2016 жылы 3887,5 млн.теңгеге 1195 жоба мақұлданды. Оның ішінде 3552,3 млн.теңгеге 1108 шағын несие берілді, 335,3 млн.теңгеге 87 жоба Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

 «Агрокредиттік корпорациясы» АҚ арқылы 170,9 млн.теңгеге 34 жоба мақұлданды. Оның ішінде 139,6 млн.теңгеге 28 шағын несие беріліп, 15,5 млн.теңгеге 3 жоба Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Алматы облысына пилоттық режимде жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 2 млрд. 930 млн.теңге  бөлінді. Нәтижесінде, Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, ет өндеу 1 кооператив («Майтөбе Ет») құрылып, 1 мал соятын пункт, 378 отбасылық мал бордақылау  алаңы, 113 отбасылық сүт- тауарлық ферма ашылды.



Орналастырылған күні: 17.01.2017 17:22

Өзгертілген күні: 20.01.2017 18:06:25

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх