Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың қорытындысы


2016 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 52,059 млрд. теңгені құрады, оның 52,026 млрд.теңгесі игеріліп және 99,9% құрады. Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 1,715 млрд. теңге;

- жергілікті бюджеттен – 17,706 млрд. теңге;

- Ұлттық қордан – 29,881 млрд. теңге.

- Арнаулы қордан – 1,119 млрд.теңге;

- Ішкі қарыздан– 1,637 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен ағымдағы жылы 160 нысан құрылысы жүргізілді, оның ішінде: 64 нысан 2016 жылы пайдаланысқа беріледі, 96 нысан 2017 жылға өтпелі, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 3 нысан (2 тұрғын үй, 1 денсаулық сақтау);

- жергілікті бюджеттен – 94 нысан (23 білім беру, 15 денсаулық сақтау, 22 тұрғын үй, 14 инженерлік желілер, 1 мәдениет, 9 коммуналдық шаруашылық, 6 ішкі істер органдары, 3 спорт, 1 қоршаған ортаны қорғау);

- Ұлттық қордан –50 нысан (30 білім беру (оның: 10 өткізілді және 20 ауыспалы), 1 тұрғын үй – өткізілді, 19 инженерлік желілер (оның: 5 өткізілді және 14 ауыспалы));

- Арнаулы қордан – 7 инженерлік желілер;

- Ішкі қарыздан – 6 несиелік тұрғын үй.


Білім беру нысандарын салу және қайта жаңғырту

2016 жылы 53 білім беру нысандарының құрылысы мен қайта жаңғыртуга (42-мектеп, 7-бала-бақша, 1-оқушылар сарайы, 1-КТЛ үшін жатақхана, 1-қала сыртындағы лагер және 1-спорт залға жапсаржай) Ұлттық қор және жергілікті бюджеттен есебінен 30 млрд. 601,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

- Ұлттық қордан - 23 млрд. 582,5 млн. теңге;

- жергілікті бюджеттен - 7 млрд. 103,7 млн. теңге.


2016 жылға бөлінген қаражат 100% игерілді.

18 нысан пайдалануға берілді  (9-мектеп, 6-бала-бақша, 1-оқушылар сарайы, 1-КТЛ үшін жатақхана және 1-спорт залға жапсаржай)(10 – ҰҚ, 8 – ЖБ), 2017 жылға ауыспалы 35 нысан (33 -мектеп, 1-бала-бақша, және 1-қала сыртындағы лагер) (31 – ҰҚ, 4 – ЖБ).

Денсаулық сақтау нысандарын салу және қайта жаңғырту

2016 жылы 16 денсаулық сақтау нысандарының құрылысына 3 млрд. 785

млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

-       республикалық бюджеттен – 1 млрд. 447 млн. теңге.

-       жергілікті бюджеттен – 2 млрд. 338 млн. теңге.

Бөлінген 3 млрд. 785 млн. теңгеден 3 млрд. 780 млн.игеріліп және 99,9% құрады.

2 нысан пайдалануға берілді (Талдықорған қаласындағы 300 орынға арналған көпсалалы аурухана және Алакөл ауданы Ақши ауылындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория) және 14 нысан 2017 жылға ауыспалы.


Тұрғын үй құрылысы

2016 жылы Ұлттық қордан, республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы ауданы 112,4 мың шаршы метр (7 несиелік, 3 жалгерлік, 21 коммуналдық тұрғынүй) 31 тұрғын үйдің құрылысына (1553 пәтер) 4 млрд. 302 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражаттан 4 млрд. 300 млн. теңге немесе 99,9% игерілді.

Қол қойылған Меморандумға сәйкес барлық қаржыландыру көздері арқылы 1 млн. 200 мың шаршы метр, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 30,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру қаралған.

Пайдалануға берілгені:

Барлық қаржыландыру көздері арқылы 1 млн. 195 мың шаршы метр тұрғын үй (жедел мәліметтер бойынша)(өткен жылдың тиісті кезеңіне 110,6%), оның ішінде:

Бюджеттік қаражат есебінен - жалпы ауданы 35,6 мың шаршы метр (1несиелік, 2 жалгерлік, 16 коммуналдық тұрғын үй) 19 тұрғын үй (442 пәтер);

Тұрғындар  мен мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен - 1 млн. 159 мың шаршы метр.

 

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

40 (19 –ҰҚ, 7 – арнаулы қор, 14 - ЖБ) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына 7 млрд. 769,6 млн.тенге қаржы бөлінді, соның ішінде:

- Ұлттық қордан – 6 млрд. 298,8 млн.тенге;

- Арнаулы қордан – 1 млрд. 119, млн.тенге;

- Жергілікті бюджеттен –  351,8 млн.тенге. 

2016 жылы бөлінген қаржы 100% игерілді.

13 нысан (4 – ҰҚ, 9 – ЖБ) 2016 жылы қолданысқа берілсе, 27 нысан 2017 жылға ауыспалы.

Бөлінген қаржы есебінен 317,0 км инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізілді, соның ішінде:

Электро желісімен қамту – 100 км, сумен қамту – 102,7 км, кәріз жүйесі – 25,54 км, газбен қамту – 3,46 км, жол желісі – 44,61 км, телефон желісі – 16,37 км, жылумен қамту – 15,57 км, арық желісі – 8,85 км.


Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту

9 коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 3 млрд. 004,0 млн.тенге бөлінді.

2016 жылы бөлінген қаржы 100% игерілді.

4 нысан 2016 жылы (этно аул – 2 кезең, жастарға қызмет көрсету орталығы, мемлекеттік ту үшін діңгек салу, облыс әкімінің қала сыртындағы резиденциясында екі қызметтік тұрғын үй салу) қолданысқа беріліп, 5 нысан 2017 жылға ауыспалы (Астана қаласындағы әкімшілік ғимарат, Этно ауыл салу – 3 кезең, неке қию сарайы, көрме кешені, неке қию сарайы мен көрме кешеніне инженерлік желілер сал).

 

Ішкі істер органдары нысандарын дамыту

6 ішкі істер органдары нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 129,4 млн.тенге қаржы бөлінді.

2016 жылы бөлінген қаржы 100% игерілді.

5 нысан (кинологиялық қызмет орталығы, Боралдай, Хутор, Хоргос, Шелек ауылдарында орналасқан 5 учаскелік полиция пункттері) қолданысқа беріліп, 1 нысан (Қарғалы ауылында орналасқан учаскелік полиция пункті) 2017 жылға ауыспалы.

 

Спорт нысандарын дамыту

3 спорт нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 33,2 млн.тенге қаржы бөлінді.

1 нысан 2016 жылы (Ұзынағаш ауылындағы дене сауықтыру-шынықтыру кешені) қолданысқа беріліп, 2 нысан 2017 жылы ауыспалы (Кеген ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешені, Нарынқол ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі).

 

Қоршаған ортаны қорғау нысандарын дамыту

1 қоршаған ортаны қорғау нысанының құрылысына жергілікті бюджеттен 0,486 млн.тенге қаржы бөлініп, нысан қолданысқа берілді (Жаркент қаласындағы тұрмыстық-қатты қалдықтар).


 


Орналастырылған күні: 17.01.2017 17:48

Өзгертілген күні: 17.01.2017 17:50:37

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх