Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

2016 жылдың қорытындысы

2016 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға 1 813 863,0 мың  теңге  қаржы бөлініп, жыл басынан 1 812 470,4 мың теңге қаржысы игерілді.

Алматы облысы аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары ошақтарының пайда болуы жағдайына жүргізілген талдаудың нәтижесінде ағымдағы жылы, жануарлардың  індетті  ауруларының 11 ошағы тіркелінген. Олардың 6-ы құтыру ауруынан, 2 МІҚ инфекциялық ринотрахеиттен, 1-МІҚ малының листериозынан, 1- МІҚ пастереллезінен, 1- МІҚ қарасаннан. Тіркелінген ошақтарта тиісті ветеринариялық сауықтыру шаралары атқарылып, эпизоотиялық ахуал қалыптастырылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жоспарлы бруцеллез ауруына жүргізілген   серологиялық    зерттеулердің    нәтижесінде  1 104  бас   ірі  қара,  5 513  бас ұсақ малдың бруцеллез ауруына оң белгі бергені анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау ережелеріне сәйкес, іс- шаралар  жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мамандары мал базарларының тазалығы мен келген малдарды ветеринариялық бақылаудан өткізу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы малдары мен өнімдерінің қозғалысын қадағалауға алу жұмыстарын ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бірлесіп жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қорға енгізілгені: 984 132 бас мүйізді ірі қара, орындалуы 100,1%; 3 472 694 бас ұсақ мүйізді мал, орындалуы 95,9%;  95 501 бас шошқа, орындалуы 104,0%; 292 662 бас жылқы, орындалуы 99,7%;  6 704 бас түйе, орындалуы 93,7% құрайды.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы қондырылған 253 компьютердің интернет желісімен қосылуы толық қамтамасыз етілген.

 Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімі арасындағы  келісімге сәйкес, облыс бойынша барлығы 141 мал сою орындары бар,  яғни 23 мал  сою  пункті,  118 алаң  бар. Оларда  жыл басынан барлығы 36 533  бас мүйізді  ірі  қара, 81 300  бас  ұсақ  мүйізді  мал, 6 464    бас  жылқы, 105 897  бас  шошқа  сойыстан  өткізілді.

Облыс бойынша ішкі сауда орындарында сатылуға түскен ауыл шаруашылық жануарларының ұшалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінің саны бойынша 49 218 мүйізді ірі қара ұшасы,  78 910  ұсақ мүйізді мал ұшасы, 10 402  жылқы ұшасы, 9 499 шошқа ұшасы, 1 360 528 дана жұмыртқа және 1 154 516 кг балық ветеринариялық-санитариялық зертханаларда сараптамадан өткізілген.

Қажетті болып танылған 253 типтік үлгідегі мал қорымдарынан бары 148. Оның сыртында қарапайым үлгіде 180 қорым бар. Сонымен қатар, 20 жылжымалы, 6 стационарлық биологиялық қалдықтар мен мал өлекселерін өртеу арқылы жоюға арналған инсинераторлармен қамтамасыз етіліп, қолданысқа пайдаланылуда.

 2016 жылы босқын жүрген ит, мысықтарды аулау және жою жұмыстарын жүргізу үшін  облыстық бюджеттен 59 300,0 мың теңге қаржы бөлініп, 59 300,0 мың  теңгеге 32 577 ит, 380 мысық ауланып, жойылды.

 

 

        


Орналастырылған күні: 16.01.2017 19:12

Өзгертілген күні: 16.01.2017 19:15:46

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх